Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Тапсырманы орындауға әзірмін, командир жол- дас,— дедім орнымнан тұра келіп



бет166/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   395
Jau tilinda 2

Тапсырманы орындауға әзірмін, командир жол- дас,— дедім орнымнан тұра келіп.

  • Олай болса, штаб бастығынан қосымша мәлі- меттер алып, ертең жүріп кетуің керек. Серігің кім, се- німді жігіт пе? — деп сұрады командир маған жақын- дай келіп.

  • Юзик Никольский,— деп, солғын ғана жауап бердім. Юзик жиырманың біреу-екеуіне жаңа келген иоляк жігіті болатын. Тығыршықтай мығым денесіне қайраты сай ер жігіт еді өзі. Орыс, венгер, румын, не- міс тілдерін ана тіліндей білетін-ді. Отрядқа өзі Закар- патьедегі фашистердің саяси-тұтқындар лагерінен кел- ген болатын.

    Сол күні құрама штабына түнеп, ертеңінде Юзик екеуміз жолға шықтық.
    Бізді құрама штабының бастығы Мариненко, отряд командирі Спижевой, тағы екі-үш жолдастар лагерьден ұзатып шығарып салды. Достармен қоштасып, бы- лайырақ шыққан соң, екеуміз бір жуан қарағайдың түбіне отырып дем алдық.
    Юзик қызу қанды, өте албырт жігіт еді. Ол автома- тын сүртіп отырып маған қарай берді.

    • Не ойлап отырсың? Абыржып отырған жайың бар ғой, Юзик!— дедім етігімнің қонышынан картаны алып жатып.

    • Орындайтын тапсырмамыз өте қиын. Бұл жерде отряд ұйымдастыру...— деп басын шайқап қойды да,— біз ІІолынаға өтіп кетейік, онда бір айдың ішінде отряд құрып аламыз,— деді ол жұлып алғандай.


    «Совет үкіметінің ңадірін біле қоймаған елде, Совет еліне, Совет үкіметіне болысатын адамдарды бірден тауып алып, оларды семьяларынан айырып, қолына қару ұстату оңай ма? Оның үстіне басқынніылардың халыққа істеп отырған қысымы қатты» деген ой келе қалды да: «Жоқ, өз жауына карпат халқы тізе бүккен жоқ. Олар қолдарына қару ұстап, өз отанын қорғауға әрқашан да әзір. Фашистердің айуандығынан ашынған халық кекті. Отряд ұйымдастыруға болады» деген қо- рытындыға келдім де:

    • Юзик, сен «Біздің Польшада бір айдың ішінде отряд құрып аламыз» дейсің. Сенің Полыпаңда отряд құруға мүмкін болса, бұл Закарпатьеде де отряд құру- ға болады. Ңай жерде болса да халық әділеттілікті жақтайды. Адам баласының жалпы жауына қарсы қолдарына қару ұстайды халық. Әрине, бұл сенің Полынаңа барып отряд құруға қарсымын дегенім емес. Онда да біз еияқты халың кегін алушылар қан кешіп жүр. Біз осы маңнан отряд ңұруымыз керек. Бізге жүктелген тапсырма осы. Бұл тапсырманы біз ойдағы- дай орындайды деп ңұрама басшылары сеніп ңалды. Бұл тапсырманы сөзсіз орындаймыз да. Бірақ, қай жерде болмасын отряд құру оңай жұмыс емес, Юзик. Украина, Солтүстік Буковиналарда да отрядты қан төгіп жүріп құрғанбыз. Ол үшін талай ер-азамат құр- бан болған,— дедім.

    Юзик ойланып қалды. Екеуміз де біраз ойланып отырып қалыппыз. Ыстық ңайтқан соң тағы да жүрдік. Ымырт жабыла Полонино Руноның шығыс беткейіне іліндік. Бір бұлақтан су ішіп, жуынып алдық та, сол бұлақтан жүз метрдей жердегі қалың жас ңайыңның арасына кіріп орналастық. Әр нәрсені әңгімелеп көпке дейін ұйықтамадық. Таң алдында кезектесіп көз ілін- діріп алып, ертемен жүріп кеттік. Полонино Руно ала- ңынан жиырма шақырым шыққан соң, биік тау біріне- бірі жалғасып кете берді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   395




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет