Юзик жандарына жақындағанда, барлығы орында- рынан апыр-топыр тұра келісті.
Юзик жандарына барып, оларға тіл қатқандай бол- ды. Бейтаныс адамдар бас киімдерін қолдарына алып, Юзикке жақындай түсті. Біраз топтанып тұрғаннан ке- йін, Юзик «Бізді іздеп келе жатқан адамдар» деген бел- гі берді. «Әлде кімдер болды екен! Жай киім киініп алып, барлауға шықкан жандармдар ма екен?» деп Юзикті жібергеніме өкініп тұрған басым қатты қуанып кеттім. Дереу алаңға шықтым да, «бері келіңдер» де-
гендей оларға қолымды бұлғадым. Бәрі Юзикке еріп, маған ңарай беттеді. Анадайдан менен көз алмай келе жатқан бейтаныс адамдар алдыма келгенде:
Сәлеметсіздер ме? — деп амандастым орыс ті- лінде. Олардың кейбіреуі орысша амандасты да, кейбі- реулері амандасудың орнына бастарын иіп ізет етті. Бәрі де асынып алған қару-жарағыма, жұлдызды офи- церлік белбеуіме қадала қарап тұр.
Бұл кісілер саяси лагерьден қашып шыққан адамдар екен. Орыс партизандарын іздеп жүрміз дейді. Мына кісі орыс тілін таза сөйлейді екен,— деп таныс- тырды маган әлгі адамдарды Юзик. Орыс тілін біледі деген адам тұрған топтың алдына шығып, өзінің ұлты чех, чех компартиясының мүшесі екенін айта келіп, қалған жолдастарымен таныстырып шықты. Жолдас- тарының үшеуі чех, екеуі румын, екеуі венгер, ңалған үшеуі Закарпат украиндықтары екен.
Ендеше мен қазақпын, мына серігім поляк, сон- да алты ұлттан құралған интернационалдық топ бол- дық,— дедім жаңа достарға күле сөйлеп. Сөйтіп жаңа- дан құрмақ болған отрядымыздың саны менімен он үш адамға жетті. Карпаттық достар да құралақан емес екен. Орталарында үш наган, бір винтовка, екі мыл- тың, екі қанжар бар.
Сол маңда бірер күн аялдап, біріміз бен біріміз әбден танысып алған соң, етектегі селоларда менменсіп жүрген жандармдарды тори бастадық. Бес күн ішінде отыз екі жандармды қарусыздандырып, отыз екі вин- товка, он төрт пистолет, көптеген патрон қолға түсірдік. Жігіттердің сырын алып, біраз баулыған соң, Батыс Украннадан Мукачево — Ужгородқа Карпат тауы ар- ңылы асатын асфальт жолға шығуға бел байладық.
Карпаттың күнгей жақ бір қыратымен шығысқа жол тарттық. Көздеген жолға үш күн дегенде жетіп, сол төңіректі шолып шықтық. Басқыншыларға батыл тап беру үшін қолайлы бір жерге бекініп, жол торыдық.
Мұның өзі стратегиялық маңызы зор, Закарпат ел- деріне ңатынасатын бірден-бірі үлкен жол болғандық- тан, екі жерінде жасақты күзет орны бар екен. Міне, осы екі орынның аралығынан келіп килікпекші бол- дық. Сондықтан арлы-берлі өтіп жатқан басңыншы жүргіншілеріне шабуыл жасай беруге болмады. Енді өзіміздің қатарымызды көбейту үшін соғыс тұтқында-
Достарыңызбен бөлісу: |