Олар оның ұзақ келмегеніне едәуір тағатсызданды. Григорий Васильевич бұрын ешуақытта мұнша кешіге қоймайтын-ды.
Осындай бір үнсіздік үстінде терезеден біреудің сәл шерте қоюы мұң-ақ екен, Илько атып тұрып, есікке қа рай жүгірді.
Илько, сен әлі жатқан жоқсың ба? — деді Гри горий Васильевич кіре беріп, ол баласын мейірлене ай малап еркелете құшты.
Жоқ, әке, мамам екеуміз сізді көп күттік. Неге кешікті деп уайымдадық. Ңайдағы ұйқы, осындайда ұйқы болар ма? — деді әкесіне Илько, әрі еркелнс, әрі бір көңілсіздікпен.
Әкесі, бүгін сен тым көп кешіктің ғой? — деді Мария Исаковна еріне столға дастарқанын жасап жатып.
Бүгінгі жиналыста бір үлкен мәселе қаралды, міне соның себебінен көбірек аялдауға тура келді,— деді Григорий Васильевич шаршап қалжыраған, ойлы пішінмен.
Әке, сіздердің осы жиналыстарыңызға келген бөтен адамдарыңыз кім? — деп құмарлықпен сұрады Цлько тостағандай көкшіл көздерін әкесінен айыр- мастан.
Баласының бұл сұрагында бос құмарлықтан гөрі сол келген адамдардың жайдан-жай келмегенін сезген- дей, енді-енді соны анығырақ білуге ынтыққандай кес- кін бар еді. Григорий Васильевич баласының бетіне қа- рап сәл ғана жымиып күлді де, артынша бір сәт ойла- на қалып:
Осы уақытқа дейін тамақ ішпей, мені күтіп, аш отырғандарың не, ә? — деп әлгі сұраққа берер жауап- ты ойластырған түрмен, әңгіме бетін басқа жаққа бұра түсті.— Мені күтіп, баланы, өзіңді осынша зарықты- рармысың, мені осыдан келмей жоғалып кетеді. деп ойладыңдар ма? А, жоғала қалсам, сендер бар та- мақты жемей, аштан өлесіңдер ме? Бұларың жақсы әдет емее.
Ол тағы да, аз кідірді де, баламнан оның несін жа- сырамын дегендей:
Айтпақшы, әлгі сен сұраған кісі Ржищевтен, аудандық комитетінен келіпті. Илько, сенің көзің оны қайдан шалып жүр? Ол қас қарая, қараңғы түскен соң келген еді ғой? — деп қарсы сұрақ берді.
Мен бе, мен ол кезде мектептен келе жатыр едім, бір машина селолық советтің кеңсесіне келіп тоқ- тады, бейтаныс адам машинадан түсті де, кеңсеге асы- ға басып кіріп кетті,— деді Илько.— Бірақ, жүзін абай- ламай қалдым, өзі қандай адам?
„ Ал сендердің мектептеріңде не болып еді, кеш қаитыпсыңдар ғой? — деп сұрады ол.
Мектептегі пионерлер мен комсомолецтер жина- лып, майдан хабарларын оқыды,— деп көңілдене сөй- ка^б Илько- Ересек комсомолецтер ертең военкомат- ОлагГРЫП армияға 03 еріктерімен баруға сұраноақшы. оқып үӨПІКе ^араи винтовканы, пулеметті, гранатаны маңына РеИеДІ'~ ^л’ ^зге сендер әлі жассыңдар деп, жуытпайды, он төрттегі бала жас бола ма екен!
Достарыңызбен бөлісу: |