Пашко атайдан өзге қолайлы адам табыла қояр ма екен? — деп Андрей Поп өз жорамалын айтты.— Соны көндіріп көрейік.
Онда іске кіріс,— деп бұйырды командир.— Сол қартсыз оралушы болма!
... Пашко атай партизан отрядына келді, сөйтіп он бес күндей бізбен бірге болды. Осыдан жиырма жылдай бұрын болып өткен осын- шама көп оқиғалардың бәрін еске түсіріп әңгімелеу үшін совхоз клубындағы бұл бір ғана түн тіпті де жет- пес еді. Пашко атайдың есінде көп нәрселер сақтадып- ты. Ол өне бойы еті қашқан тізесін шапаттай отырып, көп-көп әңгімелер айтты, өзі мәз-мәйрам болып күліп те отырды.
О, не айтасың, ғажап жігіттер еді ғой! — дейді
ол өзі білетін партизандарды есіне түсіріп,— бәрі де қайырымды, әрі батыр жігіттер болатын. Ал сондағы екі қыздарыңыз бар ма, тірі ме?
Тірі, тірі, атай! — дейді жымия жауап қатқан Григорий Алексеенко,— оларға не болушы еді. Соғыс біткен соң екеуі де күйеуге шықты, ұлдары да бар.
Ал қойнаудан тауып алған екі сақалды кавказ- дықтар ше? — деп сұрады Пашко атай.
Олардың тірі болмауы мүмкін де емес, Олардың сақалдары тіпті үрейлі еді, көздері де от шашып тұра- тын... Неміс түгілі, шайтанның өздері де олардан қор- қып кетерліктей еді. Олар кейін бір жыл ұдайымен ме- нің түсіме кіріп жүрді.
Мен қарттың мына сөзіне рахаттана күліп алдым. Түкті де түсіне алмай қалған қарт жәудіреген көздері- мен маған таңырқай қарай берді. Алексеенко да күліп, қартты құшақтай алып жа- тыр. Атайдың тіпті берекесі кетті. Біраздан кейін біз оған осы қазір құшақтап отырғандарының бірі сол «қорқынышты сақалдының» өзі екенін айтқанда тіпті абдырап қалды.
Әкей-ау,— дедім мен оған жолдасымды көрсе- тіп,— сол «кавказдығыңыз» мына отырған Гриша Алексеенконың өзі еді ғой.
Ия, ия, дәл соның өзі бұл,— деді өзіне-өзі келе бастаған қарт.— Аңқау басым-ай, кешіріңдер мені. Ңартайып қалыппын, басым алай-түлей. Ңайдағы «кавказдықтарды» айтып кеткенмін өзім...