Леня, саған не болды? Бір жеріңді қатты ауыр- тып алдың ба? — деп сұрады ол.
Солай,— деді Безрукий.— Анадай биіктен ұшып түсу оңай дүние болып па? Аз дегенде он бес метр бар болар. Ағашқа ілініп салбырап тұра беруден ішім пы- сып кетті, неде болса тәуекел деп, парашют торларын қиып-ңиып жібердім де, төменге секірдім... Айналаны тагы да қараңдаршы, сірә, осы маңға тағы бір пара- шют келіп ілінген сияқты. Оған да көмектесу керек болар.
Расында да солай екен. Біз өзіміздің екі ңызымыз- ды тауып алдық. Біреуі — радистка Зина Крестьяни- н°ва да, екіншісі — отряд дәрігері Цела екен. Зина тор- оралып ағашқа ілініп қалыпты да, не айла істерін оілмей дағдарған Цела екі көзі бұлаудай болып жылап Т¥Р екен. Візді көргенде қуанып кетті.
Түске дейін іздеп жүріп тағы да төрт жолдасымыз- ды тауып алдық. Командиріміз бұдан соң бізді төңі- ректі барлап келуге жіберген еді. Сөйтіп жүріп Пашко атайға кездескенбіз, оны жогарыда әңгімеледік. Ңонақ- жай қарттың мекенінен шыққаннан кейін біз еңалды- мен оның ағаш басынан көрген парашюті не екенін, де- ревняда жүрген екі орыстың кімдер екенін анықтауды ойладық. Сілтеу бойынша бес километрдей жер жүрген соң Пашко атайдың баганагы қарт серігі көрген пара- шют Леня Безрукийдікі екеніне көзіміз жетті. Біз осы хабарды айтып партизандардың уақытша тұрақтаган мекеніне келдік.
Біздің халіміз онша жақсы болмай тұр,— деді біздің хабарымызды тыңдағаннан кейін командирі- міз.— Сірә, немістер десант түсірілгенін сезіп қалған болу керек. Пашко атайдың сендерге айтқан жандарм- дары жазалаушы венгер батальонының солдаттары... Айтпақшы, сендердің сол атайларыңның өзі кім? Бізді ұстап беретіннің өзі емес пе?
Сенімді адам сияқты,— дедім мен,— оның өзі де жазалаушылардан жасырынып жүр екен. Малдары мен азық-түліктерін тау арасына тыгып қойыпты.
Ол бізге көмектеспес пе екен? — деді сәл ойлана сөйлеген командир,— біздің құрамамыз әр шетте бы- тырап жатыр, бір жерге жиналғанымызша біраз уақыт керек. Жазалаушылар бізді біртіндеп жойып жіберу хаупі де бар... Адал, тәжірибелі жол көрсетуші қажет- ақ болып тұр.