Кабинетке кірген соң, комендантты көрмеген адам- дай қабырғаларға алаң-жұлақ ңарай бердім.
Болатов деген кешегі тізімде көрсетілген адам мынау, орыс тілін білмейді екен,— деп мені ертіп кел- ген полицай әйелге қарап тұрып, оң қолындағы келте- гімен мені нұсңады. Неміс офицері де, әлгі жас әйел де маған жирене ңабаңтарын түйе ңарасты. Сәл кідірістен соң, әйел неміс тілінде офицерге бірдемелерді айтып жатты. Бір кезде офицер орнынан тұрды да, «жүре бер» дегендей полицайға сол ңолын сермеді. Полицай неміс солдаттарынша оң ңолын алға ұсына жоғары көтерді де, кілт бұрылып кабинеттен шығып кетті.
Офицер жанында отырған әйелге күле ңарап түсі- ніксіз бірдемелерді сөйлей бастады. Сөз арасында маған тыжырынып ңарап ңояды. Байқаймын, менен екеуі де жиреніп отырған сыңылды. Мен ңолымды көй- легімнің жыртық жеріне тығып жіберіп, жорта ңасы- нып та ңоямын. Не заматта әйел орнынан тұрып:
Орыс тілін білесің бе?— деп сұрады менен. Мен естімеген адамдай аузымды аша есінегенсіп ңарсыда- ғы терезеден сыртқа қарап тұра бердім. Әйел ашула-
нып стол үстіндегі келтекпен иығымнан түртіп қал- ды да:
—■ Орыс тілін білемісің? — деп тағы да сұрады.
О... р... сс,— деп соза тіл қаттым да, басымды изеп қойдым.
Офицер ыза болып, оң қолымен өз басын езі нұқып маған: «Басыңда ми жоқ! Орыспын дейсің, қайдан орыссың, азиятсың!» дегендей айқайлап бірдемелерді сөйлей берді. Мен қабырғаға айнала қарап, оның сөзін естімегендей тұра бердім.
Біраз айқайлап аптығын басқан соң, офицер сырт- тан бір полицайды шақырып алды да, әйелге бірдеме деп қолын сермеп орындығына отыра кетіп, қол саға- тына қарады.
Мынау шынында орыс тілін білмейді екен, оның үстіне өзінің есі де дұрыс болмау керек, пан мұны осы селода жүре берсін деді. Әлгі өтірік тізім берген Андрейді шақырып берсін дейді,— деді әйел поли- цайға.
Жарайды, шақырып берейін,— деді де маған қарап: —жүр,— деп келтегімен есікті нұсқады. Мен артқы жағымдағы орындыққа жорта отыра кеттім. Полицай иығымнан сол қолымен қапсыра ұстап мені есікке қарай сүйреді, мен сәл шегініп барып шығып кеттім. Есіктің алдына шыққан соң әлгі полицай:
Достарыңызбен бөлісу: |