Шақырып тұрған сақшының алдына қанша барғысы кэлмесе де, амалсыздан екі баласын екі жағына алып, қолдарынан мықтап ұстап, көпірге қарай беттеді. Екі бала қауіпті сезгендей, ана мен неміс сақшыла- рына алма-кезек жалтақтап қараумен келеді.
Бұл жерде не іздеп жүрсің! — деп сұрады бір солдат орыс тілін әзер құрап сөйлеп.
Үйге!.. Үй қайда?..— деп әлгі солдат қайта барқ
ете түсті де, жанындағы солдаттарға «тінтіңдер» деген-
дей иек қақты. Үш, төрт солдат әрі тінтіп, бері тінтіп
Анна Ивановнаның паспорты мен қол сағатынан бас-
қа ешнәрсе таба алмады.
Басқа документтерің қайда? — деп тебінді әлгі
солдат.
Басқа документім жоқ,— деп, Анна Ивановна
қысқа ғана жауап берді. Не қыларын білмей аптығып
тұрған әлгі солдат:
Мынау кімнің баласы?— деп сұрады Серікке
қадала қарап.
Өзімнің балам! — деп Анна Ивановна іркілмей
жауап берді де, Серіктің иығынан ұстап өзіне қарай
тартты.
Өтірік айтасың, мынау азият. Орыс емес,
украиндық емес! — деп ақырды әлгі солдат.
Анна Ивановнаның зәресі ұшып кетті. «Азият деп
бұл сорлы баланы менен айырып алып кетсе қайтем?..
Онда баладан да, партиялық билетімнен де айырылға-
ным ғой!» — дәген ой оған сап ете түсіп, Серікті өзіне
қарай онан сайын тарта берді. Серік те қорқып, Анна
Ивановнаның бауырына қарай тығылды. Солдаттар
біріне-бірі барқылдап сөйлеп, бұларды қоршай түсті.
Сен азиятпысың, ә!..— деп бір кекселеу жуан
қарын солдат Серікке төніп келді де, «Сен кісі етін
жейтін ұлттың баласымысың?» дегендей өзінің добал-
дай жүнді білегін өзі тістеді. Сонан соң оң қолының
сұқ саусағын шошайтып балаға сұс көрсетті. Серік
онан бетер қорқа түсті. Зәре қалмады. Кішкентай қара
көздеріне мөлдіреп жас іркіле қалды. «Гитлер солдат-
тарына азия халықтары кісі етін жейді деп үйреткен
екен ғой»,— деп жорамалдады Анна Ивановна, жуан
қарын солдаттың әлгі сөзінен кейін.
Анна Ивановнаның аузынан: «Өзімнің балам,
өзімнің балам»,— дегеннен басқа сөз түспеді. Бастап-
Ңы солдат қол сағатты өз қалтасына салды да, паспорт-
ты Анна Ивановнага қайтып берді. Сөйтіп тұрғанда,
кепірдің арғы жағынан үстін брезентпен жапқан он