49
ӘОЖ 373(092)
ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ, ОНЫҢ МАҢҒЫСТАУ
КИЕЛІ МӘТІНІНДЕГІ ІЗДЕРІ
Сапарбайқызы Ш.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг
университеті, Ақтау қ., Қазақстан
Мақала ҚР БҒМ грантымен қаржыландырылатын «AP08856996 Маңғыстау
аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі (жыраулық мәтіндер,
эпитафиялық жазба мәтіндері, петроглифтер)» ғылыми жобасы аясында жазылды.
Аңдатпа. Мақалада ортағасырлардағы Орта Азияда қалыптасқан білім беру үрдісі,
оның XVIII-XIX және XX ғасырларда Маңғыстау өлкесінде мұсылманша білім берудегі
іздері туралы баяндалған.
Түйін сөздер: Мұсылмандық теория, білім беру, мешіт-медраселер, орта ғасырлар,
ислам діні.
Орта ғасырдағы педагогикалық ойдың дамуы араб-мұсылмандық мәдениетімен
тығыз байланысты. Сол дәуірдегі ғылым мен білімнің жан-жақты қанат жаюы ерекше
құбылыс болып саналады. Адамзат тарихында жас ұрпаққа тәлім мен тәрбие берудің
теориялық-тәжірбиелік тұрғыдан жинақталған бай қоры бар. Ерте заманан бері өскелең
ұрпаққа тәрбие берудің классикалық үлгісі – дін. Орта ғасырда шығыс және батыс
елдерінде мемлекет басқарудың да, ұрпақ тәрбиелеудің де, ғылыми дүниетаным
қалыптсырудың да, теориялық тұжырымдамалар жасаудың да негізгі өзегі дін арқылы
жүзеге асырылды. Сондықтанда араб-мұсылман, түркі елдеріндегі педагогикалық ойдың
қалыптасуына ислам дінің өзіндік ықпалының болғандығын айта кеткен абзал.
Ислам діні адам баласының рухани жетілуіне ықпал ететін барлық ілімдерді
үйренуге шақыратын – ақиқаттың ақ жолы. Мұсылмандық қырық парыздың бірі – ілім мен
өнер үйрену. Шариғи ілімді меңгерумен тоқталу ол парызды толық атқарғанмен бірдей
болмайды. Сондықтан да Ислам діні бойынша әрбір мүмин мұсылман ғұмыр бойы қажетті,
таза, пайдалы білім алуға міндетті. Адам өміріне, болашағына пайдалы ілім мен ғылымды
оқып-іздену және оларды ұштастыру арқылы ғана пенде Аллаһтың берер нығметтеріне қол
жеткізіп, мол сауапқа ие болатындығы туралы діни еңбектерде жиі айтылады.
Баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы үшін, ұстаздың өз бойында өте ерекше жақсы
сипаттар болуы керек. Ұстаз тек ілім үйретуші ғана емес, сонымен қатар, баланың ой-
санасын, өмірін қалыптастырушы, ақылшысы. Ислам дінінің теориялық негіздерінде де,
оны зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде де оқу мен тәрбиенің маңыздылығын жан-жақты
зерделеген.
Шығыс ғұламасы, медицина ғылымының атасы Ибн Сина: «баланы оқытушы адам
дін иесі болуы керек. Көркем мінезді, ақылды, байсалды, баладан нәтиже шығаратын, өзін
сыйлата білетін адам болуы тиіс. Қатал көріну балаларды ұнатпай қарау олардың оқуға
деген ынтасын жоғалтады, тіпті қашып кетуіне себеп болады» - деген.
Оқу-тәрбие
үдерісіндегі
баланың
психологиялық,
физиологиялық
жас
ерекшеліктерін ескеру заңдылықтарын Ислам діні бағытындағы ғалымдар да іс-
тәжірибесінде қолданған. Оған Имам Ғазалидің нақыл сөздері дәлел болады: «Балаға
оқитын жерінен тұрғаннан кейін оған ойнауға рұқсат берілуі тиіс. Сабақтан шаршағаннан
кейін, оның сергитін ойынмен ойнағаны абзал. Ал, егер баланы ойыннан тыйып, үнемі
сабаққа күштейтін болса, ол оның жүрегін әлсіретеді, зеректігін жояды».
Әбу Хамид әл-Ғазали (1058-(59)-1203)- адамзат тарихының ойлау жүйесіне жаңаша
серпіліс әкелген ұлы ғұламалардың бірі. Ол Хорасан уәләятындағы Туси шаһарынан 20
50
шақырым жердегі Ғазали елді мекенінде дүние есігін ашқан. Тусидегі Ахма ар
Радгонийден, кейін Нишапурдегі әл Жуванийден тәлім алады. Әл-Ғазали ислам дініндегі
сопылық бағытты дамытушы ғалым ретінде танымал болды. Ғалым философия, логигка,
теология, құқықтану сияқты көптеген ғылым салалары бойынша жалпы көлемі жүзге тарата
ғылыми мұра қалдырды. Ислам ғылымы саласындағы құнды ғылыми ізденістерінің
бағалаған халық Имам Ғазали деген атақ берді. Имам Ғазалидің кеңінен танымал болған
еңбектері: «Жәуһар», «Орталық», «Қысқа», «Қорытынды», «Мұстафа», «Жас шыбық»,
«Философтарды бекерге шығаруы», «Адасудан арылу», «Көзқарасты анықтау», «Ілім
өлшемі», «Әдемі есімдер – Алла есімдері», «Шығыс», «Мақсат пен уақыт аралығында»,
«Құстар жайлы кітапша», «Хақ жолының бастамасы», «Ей, перзет», «Діни ілімдердің
тірілуі», «Алла есімдерінің мағынасы», «Түсінулер», «Бақытқа жету әлхимиясы» және т.б.
Зерттеуші ғалым Жалғас Садуақасұлының Әбу Хамид әл-Ғазалидің «Жан тәрбиесі»
еңбегінен аудармасында адам бойындағы көркем мінезді қалыптастырудың педагогикалық-
психололгиялық негіздерін сипаттайтын көрсеткен. Мұсылмандық теория бойынша адам
бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі – көркем мінез. «Аллаһ мінез-құлықты көркемдеу
міндетін пендесінің табандылығы мен жігеріне тапсырды. Өзінің ескертуі мен жәрдемі
арқылы шынайы құлдарына мінезді тәрбиелеу жолындағы машақатты жеңіл қылды...
Көркем мінез – елшілер мырзасының сипаты, шыншылдар амалдарының абзалы,
тақуалдардың тер төккен еңбектерінің жемісі, Аллаһқа құлшылық еткен пенделердің
ризалығы. Дәлірек айтқанда, жақсы мінез – діннің бөлігі»[1].
Осылайша ғұлама ғалым Ғазали көркем мінездің адам өміріндегі алатын орны
ерекше деп көрсеткен.
Әл-Ғазали әрбір отбасының балаларының зеректігі мен қабілеттілігі де әр түрлі
болатындығын ескеру керектігін айтқан. Баланың достарының кім екеніне мән беріп отыру
оған дұрыс, әдепті достар таңдауға көмектесу керек. Себебі, бір ортада жүрген олардың
қылықтары бір-біріне қатты әсер ететіндігі анық. Баланың тумысынан жақсы
қалыптасқанымен де достары жаман, тәрбиесіз тәртіптері нашар болса, ол бала да көп
ұзамай-ақ, сол достарының ықпалынан бұзыла бастайды. Бұл педагогика ғылымындағы
баланың мінез-құлқының қалыптасуына шағын әлеуметтік ортаның психологиялық әсер
ету әлеуетін айқындап тұр.
Ибн Халдун(1332-1406) «Мұқаддиманы» (Кіріспе, алғы сөз-ауд) еңбегін жазу
арқылы әлемге аты әйгілі болды. Ибн-Халдун (Испаниядағы белгілі тайпаның аты – ауд)
тарихына арналған «El-iber» атты 7 томдық кітап жазып шықты.
Өмірінің соңғы 14 жылында ол Мысырда тұрған. Ибн Халдунның сегіз жылдық
шығармашылық өмірінде жазған сегіз томдық еңбегі тек тәлім-тәрбиеге толы болатын.
Сегіз томдықтың біріншісі «Әл-Ибәр» атты еңбектен құралған.
«Мукадимменің» түрік тіліндегі аудармасы 1500 беттен тұратын екі томдық еңбек.
Ибн Халдун «Мукадиммені» 5 айда жазып бітірген. «Мукадиммеде» 55жылдық білім мен
мәдениет жиынтығы өте құнды еңбек. Осы еңбегі арқылы әлеуметтану ғылымының атасы
атанды. Ибн Халдун мәдениетті, әлеуметтануды және экономиканы кеңінен сипаттайды.
Оның пікірінше, дін – адамның әлеуметтік өмірінің бір көрінісі.
Ибн-Халдунның күллі әлем танып мойындаған осынау шығармасындағы көптеген
ой-пікірлерін Еуропа ойшылдары одан қаншама уақыт кейін ғана қолға алып, зерттей
бастады. Оның аталмыш кітабында дәл сол уақытқа дейін жазылған жазбаларда ұшыраса
қоймаған аса маңызды – екі негізгі тұғыр көзге анық көрініп тұр: оның біріншісі-тарихи
материалдарға сын көзбен қарау, ал, екіншісі-оқиғалар мен құбылыстар арасындағы
байланыстарды анықтап талдай білу тәсілі болып табылады.
«Мұқаддима» атты ұлы шығармасын Осман ғалымдары арасынан Ахмет Жаудат
Паша түрікшеге аударып, жұртшылыққа танытқан еді. Бұл шығармада Ибн Халдун өзінің
адамдардың қауымдастығы туралы әлеуметтанушылық туралы көзқарастарын
айқындайды. Адамдардың жеке өмір сүргеніне қарағанда топтасып тіршілік етудің
51
тиімділігін атап көрсетеді. Ғалым шығармасында жоғарыда айтылған ойлары былайша
суреттеледі:
«Адамдар қоғамдастығы қажет!!! Даналар бұл қағиданы сөз еткенде, адам
табиғатына қарай – полисты(маданийй) жан екенін дәлелдейді. Бұл адамның қоғамдастық
құрмай тұра алмайтынының айғағы. Қоғамдастықты «полис» терминімен
белгілейді(мадина). «Қамсыздану» мәні осында... Құдай адамға тағам табуға
табиғаты(фитра) және қабілеті(кудра) жаратты. Бірақ, қажетті ас – су табу үшін бір ғана
қабілеті жеткіліксіз: ол адамды өмір өзегі (мадда) қамтамасыз ете алмайды.
Мысал үшін ең шағын нәрсені алайық: нақты айтсақ, бидай асының бір күндік
өлшемін. Оны өңдеусіз дайындау мүмкін емес: ұнды елеп, қамыр илеп, [нанды] пісіру
қажет. Осы жұмыстың әрқайсысы белгілі бір ыдыстар мен құралдардың болуын талап
етеді. Ал олардың өздерін жасау үшін көптеген кәсіп иелерінің: ұстаның, ағаш
шеберінің, саз шеберінің еңбегін қажет етеді. Осының бәрін немесе бір бөлігін де бір
адамның қабілетіне сүйеніп іске асыру мүмкін емес. Сол себепті адам өзіне де, басқаға
да тағам табу үшін өз тегінің көптеген өкілдерімен бірлеседі. Осындай бірлестік
арқасында көп адамның тұтынушылық қажеттілігі қанағаттандырылады» [2].
Бұл келтірілген ой арқылы ғалым адамдар арасындағы еңбек бөлінісінің мәнін ашып
беріп отыр. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың үнемі жүзеге асуын, белгілі бір кәсіп
иелерінің іс-әрекеттері бірі-біріне тығыз байланысты екендігін анғаруға болады. Қазіргі
уақыттада қоғамдағы кешенділік, тұстық жүйелерінің сақталу қажеттілігін назарға
алғанымыз дұрыс деп есептеймін. Адам бір іс жасау арқылы барлық жетіске немесе
мақсатқа жетуі мүмкін емес. Қарапайым нан илеп пісірудің өзі бірнеше үдерістен тұрады
сол себептенде, өмір үздіксіз іс-әрекеттердің жиынтығы, тоқсаусыз ізденуден
құралғандығын баяндап отыр.
«Жаратқан әрбір жанға өзін қорғай алатын ерекше мүше бітірді. Ал адамға
мұндай мүшенің орнына ой мен қол берді. Қол, ойға қызмет етіп, кәсіпті дамытуға
мүмкіндік береді. Кәсіпті адамға қару береді. Бұл қаруды адам басқа тірі жан
қорғанысқа қолданатын мүше орнына пайдаланады»... Бұл айтылған ой негізінде адам
баласына ақыл-ой, сана мен сезім бергендігін ерекшелеп айтқан. Адам саналы ойдың иесі
бола тұра, бойымыздағы асыл қасиеттерімізді орынды пайдалануымыз абзал. Адамдар
бойына берілген ақыл-ой арқылы кәсіпті дамытуға, жетілдіруге мүделі екендігімізде
ескертіп қояды. Шығыс елдеріндегі белгілі қоғамтанушы Ибн Халдунның педагогика,
әлеуметтік педагогика саласындағы ой-пікірлерінің маңызы зор деп санаймын.
Әбу Жафар Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәри (224-225/839—310/923 гг.) Әбу Жафар
Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәри шамамен 839 жылы Тәбаристандағы Амол деген қалада
дүниеге келді. Шыққан тегі – ирандық.
Ат-Тәбәри тарих, фикх, Құран тәпсірі ғылымдарынан басқа ол поэзиямен,
лексикографямен, грамматикамен, этика математика және медицина ғылымдарымен де
айналысқан.
Ат-Табари артына әртүрлі тақырыпты қамтыған оннан аса шығарма қалдырған. 30
томнан тұратын «Джами ал байан фи тафсир ал-Қоран» атты Құранның тәпсірі, әртүрлі заң
мектептерінің құқықтық теорияларын талдаған 4 томнан тұратын «Китаб ихтилаф ал
фукаха» еңбегінен басқа Ат-Табаридің даңқын шығарған әлем тарихын қамтыған ең ірі
шығармасы «Тарих ар-русул ва-л-мулук» яғни «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы». Бұл
шығармада ат-Табари әлемнің жаратылысынан бастап өзіне дейінгі яғни IX ғасырға дейінгі
ірі оқиғаларды жазған. Ол аталмыш еңбегінде Библия патриархтары, пайғамбарлар, ежелгі
дәуір билеушілері, Сасанид патшалары, Мұхаммед пайғамбар мен оның халифтары,
Омейядтықтар мен Аббасидтер жайлы көп мәлімет береді. Автор шығармасын 914 жылы
аяқтаған. Хадж Хальфаның куәлігі бойынша алғашында шығарма 30000 беттен тұрған
көрінеді. Кейін ат-Тәбәри оны өзі қысқартқан. Сонымен қатар бұл шығарманың парсы
тіліндегі Балами нұсқасы да кең танымал. Шағатай тіліндегі нұсқасы да сақталған[3].
52
«Тәбәри тарихының» екінші бір аты «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы». Тәбәри
бұл тарихты дайындағанда адамдарды бір жылнамалық тізбек бойына жүйелеп
орналастырып, содан кейін олар туралы оқиғалар мен аңыздарды қисынды желіге түсіруге
кіріскен сияқты. Бәлкім, ол тарихты жасаушылар мен оның оқиғаларын қалыптастырған осы
пайғамбарлар мен патшалар деген көзқараста болған шығар.
Тәбәри тарихының кейбір бөлімдерін қайта жазғанда, мүмкіндігінше, жазушының
баяндау әдісінің, ойы мен мақсатының сақталуына көп күш салынды. Соңдықтан
пайғамбарлар өмірі мен жеке тұлғалар, немесе олардың ел-жұрты жайлы жазылғанда кейде
әсірелеу, қиялдан қосуға ерік беру, кей-кейде шындықтан шығандап алыстап кету де
кездеседі.
Ойдан қосу, әсірелеу және қиялға ерік беру, бәлкім, шындықтан шалғай да шығар.
Әйтсе де олар Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің өзінің суреткерлік әдемі қиялы мен ой
әлемінің, баяндау әдісінің көрінісі. Біз жоғарыда баяндалған ғұлама ғалымдардың бірсыпарасы
ғана.
Қорытындылай келе, орта ғасырда ғұмыр кешкен ойшылдардың ғылыми-
шығармашылығы мен тағылымды мұраларына қысқаша талдау жасалынды. Ғалымдардың
педагогикалық бағыттағы ойларының мәні мен мазмұнына тоқталып өттік. Ғылыми
педагогикалық толғаныстарға толы орта ғасырлық ғалымдар еңбектері жан-жақты зерделеніп,
жастарды тәрбиелеу үдерісіне пайдалану маңызды деп санаймын.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Хамид әл-Газали. Жан тәрбиесі/ Араб тілінен аударған және түсініктерін жазған
Ж.Садуақасұлы. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – 92 б.
2 Ибн Халдун ал-Мукаддима .//Историко-философский ежегодник 2007. М.:
Наука, 2008, -С. 187-217
3 Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәри Тәбәри тарихы.(парсы тілінен аударған Айнаш
Қасымқызы) Алматы, -2006-117 б.
Достарыңызбен бөлісу: |