«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет20/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

ӘОЖ 82-1/-9 
 
Ш.БЕЙСЕНОВА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ-АНА ТҰЛҒАСЫНЫҢ 
ТАРИХИЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Аяпова Г.Б. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қ., Қазақстан 
Аңдатпа. Мақалада 1937 жылдың репрессия құрбаны болған қазақ зиялыларының 
артында қалған жұбайларының тағдыры туралы жазылған Ш.Бейсенованың шығармасына 
талдау жасалған. Шығармадағы тарихи шындықпен көркемдік шешімнің қатар алынып 
берілуі, сол оқиғаларға қатысты автор көзқарасы, авторлық бағалауды жан-жақты 
сипаттайды.
Түйін сөздер: Тарихи кезең, панорама, репрессия. Шығарма кейіпкерлері, өмір 
шындығы, адам тағдыры, әйелдер тағдыры.
Қаламгер Шәрбану Бейсенова шағын көлемді жанрдан бастап, қазіргі қазақ 
прозасын тарихи туындылармен де кең көлемде таныстыра бастады. Туындыларының 
басты бейнесі тек Аналарымызға байланысты болуы да оның өзіндік ерекшелігін байқатса 
керек. Ғ.Мүсіреповтен бастау алған – Аналар бейнесінің сомдалу сипаты Ш.Бейсенова 
прозасы нәтижесінде тарих тылсымындағы ақтаңдақтар кезеңіндегі шындықтың шырайы
ашылды. Жазушы халық өмірін кең қамтып, тұтас бір тарихи кезеңнің панорамасын
жасап қана қойған жоқ, ол ел тірлігіне терең бойлап, оның қалың қабатына ой жүгіртіп, 
түрлі сырларын ашты. Ұрпақтан ұрпаққа жетерлік, ұлттық характерлер жасады. 
«Бір 
махаббат баяны» хикаяты жарыққа шыққан кезінде-ақ оқырманды елең еткiзген кесек 
туынды болатын. Ол қандай тақырыпта жазса да оқырманын бей-жай қалдырған емес.
Сталиндік қытымыр кезеңнен жазықсыз жапа шеккен арыстарымыз туралы көптеген 
прозалық, поэзиялық, драмалық туындылар жазылғанымен өкініші қазақ халқының 
тарихында аса ауыр із қалдырды. Тек қана арыстар ғана емес, олардың бауырлары, 
туыстары, әйел, бала-шағалары да жау болып, лагерлерде жазықсыз азап шекті. 
Ш.Бейсенова 37-жылдары Сталиндік зұлмат кезеңіндегі Аналар тақырыбына барған
жолын былай түсіндіреді. Жеке басқа табыну кезеңі деп жазықсыз адамдарды, соның 
ішінде ұлттық интелигенция өкілдеріне қатты қысым көрсетті. Егер әскери адам болса
бір сәрі, шығармасын жазып халықты рухани дамуға, тәрбиелеуге қызмет етіп жүрген
әдебиет өкілдерін «Жапон тыңшысы» деп қамау, әрине, ойға сыймайтын –ақ әңгіме. 
Өздерінен бөлек әйелдерін, «Алжир», «Карлаг» лагерьлеріне қамап, балаларын жетімдер
үйіне өткізіп, тұтас бір отбасын құртып жіберген кезеңдер де болды. Ал түрмеге 
қамалмағандарын Алматыдан қуып, тек қара жұмыс істеуге ғана бұйрық шығарды. 
Осындай жазықсыз жазаланып, бір емес екі рет итжеккенге айдалып келген «шерменденің» 
бірі – әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, академик Мұхамеджан 
Қаратаев болатын. Жоғарыда айтылып кеткен жағдайлардың бәрі де өзі мен оның 
отбасында нәубет болып орнады. 
Сібірге итжеккенге айдалған М.Қаратаевтың соңынан әйелі Мархума іздеп барып, 
тіпті біраз жыл Сібірде тұрды да. Бұл отбасыдан басқа жазушы, атақты «Ақ Жайық» 
трилогиясының авторы – Хамза Есенжанов, ақын – Өтебай Тұрманжановтар да Сібірге 
жазықсыз айдалған қаламгерлер. Бұл жазушылардың соңдарынан да жұбайлары – Софья 
мен Майнұр апалар Мархума сынды «жазықсыз тұтқын» болған жандар. Бірақ кезінде бұл
қаһарман Аналар туралы ештеңе айтылмады. Себебі, айтуға болмайтын ақиқат болатын.
Әбден заман түзеліп, елдің рухы көтерілген шақта, Софья мен Майнұр аналар дүниеден 
өтіп, Мархума ананың өзі де тоқсан жастың үстінде болған еді. 
Ауруы жанына батса да, Мархума ана Ш.Бейсеновамен екі-үш күн кездесіп,
басынан өткізген тауқыметті жылдар шындығын ашып айтты. 


60 
Нәтижесінде 2005 жылы «Бір махаббат баяны» атты аңызға бергісіз шындықтың 
шырайын танытатын, оқыған адамның жанын түршіктіретін, махаббатқа адалдық сынды
қажырлылықтың символы іспеттес тағылымы мол туынды жарыққа шықты. Бұл кітаптың 
бас кейіпкері Марғуа (өмірдегі есімі - Мархума) ананың Ш.Бейсенова іздеп-тапқан 
мезгілдегі, яғни 93-жасқа келген кездегі жағдайы еді.
Шығарма оқиғасы Марғуаның бірініші мүшел жасынан, яғни он үш жасқа келген 
шағынан басталады. Он үш жасқа келгенде-ақ сонау Ұлытау жерінен бесік құдамыз деп, 
атақты Қаптағай қажының ұрпағы мұның аты алысқа тараған атасы Түсіп қажының
ауылына келіп еді. Екі жақ та бірін-бірін бұрыннан біледі, дегенмен Түсіп қажы Орынборда 
оқуда жүрген баласының пікірін білгісі келді ме, «келесі жылы келіңіздер, баламыз әлі 
жастау» дегендей, қатты рай да бермей, ұзын арқанмен жіберді. Күзге таман Марғуаның 
оқудағы Ахметсақи ағасы келіп, «Қаптағай қажының немересі оқуға алғыр. Орыстың небір 
білігірлерінің алдында сыннан сүрінбей өтіп жүр. Тегінде оқудың түбіне бір жетсе, сол жігіт 
жететін шығар» деген пікірін естіп, Марғуа да сол бесік құдалыққа іші жылып қалған 
болатын. Сөйтіп, Марғуа он төрт жасында өзінен екі ғана жас үлкендігі бар Мұқанға 
(Мұқамеджан Қаратаев) тұрмысқа шықты. Мұқан сол кезде Орынборда оқитын, оны
бітірген соң Алматы қаласында жаңадан ашылған Педагогикалық институтқа оқуға түседі.
Сөйтіп, жаңа қосылған қосағы Марғуаға екі жылдан соң барып бір оралады. Мұқан 
келіншегін оқуға беріп, өзімен бірге кітапханаларға апарып «малға сатып алдым» демей,
бұны да өзімен бірге жетеледі. Мұқан бесінші курсқа келгенде тұңғыштары Қайсар дүниеге 
келді. Оқуды аяқтаған жас Мұқан сол кездегі Ленинград қаласына аспирантураға түсіп,
Марғуа да бірге аттанды. Ленинград қаласында Жігер есімді ұлды болды. Оқуын аяқтар 
сәтте, сол кезде білім іздеп кеткен жастарға елге оралуға бұйырған хабар келді. Бұл кез-
1937 жылдың көктемі болатын. Бұлар Алматыға келгенде, Алаш арыстарының алғашқы 
легі – А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, 
С.Сейфуллиндер тұтқынға алынған еді. Мұқан өзі оқыған институтта кафедра меңгерушісі 
және Жазушылар Одағында хатшы болып істеді. Алаштың қасиетті тұлғалары туралы жас 
маман, сенімді жас ретінде Мұқанға мақала жазуға тапсырды. Орындамасаң «сен де 
жаусың». «қайран, Мұқан! Оның нақақтан күйгенін әуелі Алласы білер, сосын Марғуа 
білер...Қырсық болып жабысқан, сол бір жазғанының ғұмыр бойы өкшелеп, ізінен қалмай, 
мойнына қара тастай байланары, қартайған шағында бетіне шіркеу боларын кім болжаған»
[1, 27]. Отыз сегізінші жылдың тамызында түн ортасында қара киімділер келіп, бұның
Мұқанын да алып кетті. «Халық жауы» деген ұғымды Марғуа естіп таң қалатын қалай 
халық жауы болады деп. Ал сол халық жауы өз үйінен шыққан да, тіпті таң қалды. Есінен
танып қалды. Үш баласы шырқырап жылап үш жақта қалды. Амал жоқ, күйеуін іздеп бұл 
да далаға шығып, тамақ, киім апармақшы болды. Ештеңе қабылданбайды, тек бір ғана хабар 
естіді «Тірі». Марғуа бұл хабарға ерекше риза болды. Үш баласын қарап, тірішілікке, өмір 
сүруге мүмкіндігі болды. Бірде тергеуші шақырып, бұны да біршама мазалады. Күйеуінің 
Ленинградта не істегенін сұрады, тек қара танитын әйел нені білсін, ештеңе білмеймін деп 
құтылды. Алла балаларының көз жасын аяды ма, тергеуші Алматыдан кетуге бұйырды. 
Үйін де тартып алды. Мұқанмен бірге жүрген жолдастары да мұнымен араласуға қорықты. 
Ақыры Марғуа қайнысының қасына (Шымкент облысы, Жамбыл ауданы) кетуге 
қамданды. Қайнысының қасынан үй жалдап, балаларымен күнін көре бастады. Арада он 
бес күн өткен соң Алматыға келіп, Мұқанның жағдайын білмекші болды. Үйіне барса бір 
ақынның отбасы кіріп алыпты. М.Әуезов бастаған жайсаң мен жақсылар сол күні
қонақтықта отыр екен.
«Кенет әлдекім тамағын кенеп, жеңіл жөткірінгендей болды. Бұл демін ішіне 
тартып, қалт тына қалды. Жып-жылы үнмен: 
- Марғуа, шырағым, амансың ба? – деген, өзіне қаратып айтылған майда қоңыр 
дауысты есітті. Бірден таныды. Тек сол кісі ғана бұның атын атағанда «у» ғаріпін созып, 
ерекше әуезбен йтушы еді. Бұл басын сәл көтеріп еді, қақ төрде отырған кемеңгер
Мұхаңды-Мұхтарды сонда көрді: 


61 
- Рақмет, аға. Мен аманмын ғой, ал...- деп барып, ары қарай сөйлей алмай булығып 
қалды. 
- Иә, қарағым, қайда тұрып жатырсың? 
- Жамбыл ауылында, - деді ақырын. Бірақ қай облыстың Жамбылы екенін ежіктеп 
жатпады. 
- Балаларың қалай, аман-есен бе? 
- Аманшылықта. Сол балалардың қамымен жүр едім. Мына сүргіштеп жабылған 
бөлмеде Мұқанның біраз киім-кешектері, кітаптары қалған. Қазір адам келіп, ашып береді, 
соларды алып кетуге келдім, - деді бұл жүрісінің мәнін түсіндіріп. 
- Жөн, жөн... 
Ғұлама адамның өзі бұның хал-жағдайын іждағаттап сұраған соң отырғандарға да 
тіл біте бастағандай. Амандасқан, жөн сұрасқан болып жатыр. Бірақ олардың 
ешқайсысының сөзі Мұхаңның жылы пейіліндей әсер етпеді. Оның шынайы ағалық
қамқор сөзі Марғуаның сол сәттегі қамкөңіл жүрегіне сары майдан да жағымды, балдан
да татымды тиді» [1, 45].
Жазушы заманды бейнелейді, көркем характерлер жасайды, біртұтас өмір суретін 
көз алдыңа келтіреді. Біз жазушы жасаған осы кесек характерлердің, өмір суретінің 
қаншалықты табиғи, көркем бейнеленгендігіне қарап, характер логикасын қадағалай 
отырып, сол өткен заман рухына бойлаймыз. Автор көзқарасын, бағасын шығарманың 
өзінен, ішкі дүниесінен, бар әлемінен, көркемдік бітімінен аңғарамыз. 
1956 жыл келіп, Сібірдегі жер аударылғандар түгелдей дерлік елге қайтатын болды. 
Міне, сонау 1938 жылы басталған Мұқан мен Марғуа отбасындағы сергелдең 1958 жылы
жиырма жылдан соң барып елге оралды. Мұқан елге келген соң қайта-қайта Москваға хат 
жазып, себебін сұраумен болды. Үш айдан соң «жазықсыз сотталған» деген хабар келді. 
Ол хабардан соң Марғуа мүлдем түңілді. Былай қарағанда, бір адамның өмірі ғой.
Жетістікке жетіп, елге қызмет отыратын кезеңі ғой бір жас ұланның. Ал бұлардың өмірі
себепсізден себепсіз «халық жауы» деген атқа ілініп, жұртқа жеккөрінішті болып, мұны
да қойшы. Қайран, өмір. Мұқан Алматыға оралып ғылыми жұмыстарымен айналыса 
бастады. Ғылымда еңбегі жанып, ассистенттен басталған жолы академикке дейін апарды. 
Бірақ, өткен ғасырдың сексенінші жылдардың соңында басталған қайта жаңғыру кезеңі 
келіп, «Халық жауы» ретінде жазықсыз атылған қайраткерлер қайта оралған кезеңде
баяғы отызыншы жылдары жаздырған мақалаларына тиісе бастады. Бейне бір «халық 
жауын» осы әшкерелегендей болды. Мұқанның түзден гөрі үйде болғаны көбірек, үнемі 
қалың ойда жүрді. Ақыры жүрегі тыншымай, ауырып қайтыс болды. Марғуа Ана 
балалрының қасында тоқсан жастан аса жүріп, аталарының нағыз ғалым екендігін үнемі 
айтып отырды. Міне, Ш.Бейсенованың «Бір махаббат баяны» хикаятының негізгі сюжеті 
осы. Шынында, бір махаббаттың емес, бүкіл әлемге махаббаттың құдіретін, қасиетін 
танытуға жеткізетін шығарма.
Ш.Бейсенова аталған туындысының көркемдік әлемі жаңашылдығы әлеуметтік 
үрдістер нәтижесінде өмірде болатын мәселелер жиынтығын шынайы тұрғыдан 
суреттеуден аңғарылады. Жазушы шығармаларында кейіпкерлер іс- әрекеттері, мінез-
құлығы, өмірлік ұстанымдарын жан- жақты суреттеп, олардың қоғамдағы атқаратын ролін 
анық көрсетеді. Осының бәрі жазушының шығармаларындағы сюжет пен композиция 
құрылымы мен стильдік ерекшелігі арқылы айқын көрініс тауып, жалпы идеясында автор 
ой- мақсаты сезіліп отырады.
Ш.Бейсенованың біз тоқталған туындыларының тағы бір ерекшелігі өмір 
шындығын көрсетудегі түр жасай білуінде дер едік. Түрлі шығармада түрліше баяндау
мәнері бөлектеніп, белгілі бір міндетті атқарып отырады. Сол арқылы оқиға шиыршық 
атып, оқырманды еріксіз қызықтырады. Бұл тәсіл шығармадан шығармаға бұрынғысынан 
да бетер шындалып жетіле түседі. Жазушы повестері арқылы қоғамдағы әлеуметтік 
сілкіністерге баға беріп, оларға талдау жасалады. Сол арқылы қоғам, уақыт тынысын, өмір- 
тұрмыс сырларын терең ашып көрсетеді. Осылардың бәрінен жазушының дүниетанымы, 


62 
көзқарас- мұраттары айқын көрініп тұрады. Биік адамгершілік қасиеттерін дәріптейтін 
шығармалар қатарына «Бір махаббат баяны» туындысын әбден жатқызуға болады. Жалпы 
алғанда қазақ әдебиетінде қазақ әйелінің бейнесін жасай отырып, ұлтымыздың көрініс-
тұрмыстарын әр-түрлі дәстүр-өнегелерін, шынайы махаббат пен нағыз адамгершілікті 
көркем де кестелі тілмен бедерлей білген. 
Шығарма табиғатына терең үңілетін болсақ, енді ғана өмірлік серігін тауып
бақытты өмір сүргелі отырған Марғуаның аяқ астынан тірі жесірлік қамытын киіп,
жарынан айырылуы, жолдасының туыстары да «сенімсіз жағдайда» қалып, Марғуаның
оларға демеу болам деп ұмтылуы осының барлығы да – Марғуаның есеюіне, батыл 
шешім қабылдап, кемелденуіне түрткі болады. Хикаят оқиғасында басты кейіпкер екеу 
деп ұғамыз. Солардың бірі – Мұқан (Мұхмамеджан Қаратаев). Жас ғалым, оқымысты. Сұм 
заманның жалған әшкерелуіне ілініп, өмірін қиындатып-ақ алды. Бірақ, мойымады. Қайта 
оралып, сонау жас кезінде бастаған ғылыми жұмысын қайта тауып, өзінің ізгі арманын 
орындап шықты. Бұл реттен алғанда Мұқан бейнесі сөзі мен ісінде бірлік, мінез 
қырларында ұстамдылық қасиеттерімен құнды. 
Адам тағдыры, оның жеке бас ерекшелігі, азамтатық, адамгершілік тұлғасы алдыңғы 
кезекке шықты. Осы орайда С.Шаймерденовтің «Ағалардың алақаны» туындысындағы
«Рас, кейбір характерді ашу үшін біреулерін мақал – мәтелдетіп, шешен сөйлету керек 
– ақ шығар. Ал бүгінгі күн тақырыбын таңдап алған автор бар геройын суырылып тұрған 
ділмар етіп алса, ұтылғандық деп білемін. Бүгінгі өмір тағдырын дөп баспағандық бұл»
[2, 27], - деген ойлары көкейге әбден қонады. Бір сөзбен айтқанда, Ш.Бейсенова
кейіпкерлері жақсылық пен жамандық, азаматтық пен моральдық және ізгілік пен 
адамгершілік тұрғыдан өздерін - өздерін танытады. Шындық пен әділдік іздеп шарқ ұрған 
өздерінің тұлғасы арқылы замандастардың бейнесін көз алдымызға әкеледі. 
Көркем туынды адамды тек қана жағымды қаһармандарының іс - әрекетімен 
тәрбиелеп, шабыттандырып, қанттандырып қана қоймайды. Сонымен бірге ол
кейіпкерінің әлеуметтік, азаматтық бет – бейнесін көрсетіп, тәрбиелеу құралына 
айналдыратын басты моральдық сипат бергіш күш. 
Ұлттық трагедияны көрсетудегі автор идеясы халықтың өткені мен бүгінін 
сабақтастыра суреттеу барысында айқындалады. Хикаяттағы Мұқан, Марғуа, Қайсар, 
Медет – бәрі де әділетсіз қоғам құрбандары, жазықсыз жапа шеккендер. Жазушы алапат 
аштықты, зобалаң нәубет қасіретін айта отырып, ұлт тағдырындағы ауыр қасіретін, себеп-
салдарын көрсетеді, шығармада қарапайым жанның қоңырқай тіршілігі арқылы заман
шындығы мен уақыт бедері танылып, таразыланады. Әділетсіз, қуғын-сүргін жайлаған 
қоғамның әрбір адамға, әрбір тағдырға салар салмағы ауыр болады. Адамның адамдығы 
сыналар тұс осы. Адам мінезіндегі өзгеріс сапасы барлық адамдарда бірдей емес. Олар 
өмірде адамгершілік таразысы арқылы сыналады.
Байқағанымыздай, жазушы қай туындысында болмасын оқиғалар тізбегінің 
барлығын тәптіштеп баяндап жатпайды. Кейде авторлық баяндауға берілсе, кейде
кейіпкерлердің еске алулары, монологтары, диалогтары арқылы да оқиға желісін 
жалғастырып, өрбітіп отырады. Жазушы шығармаларындағы теңеу, эпитет, метонимия, 
метафора, психологиялық параллелизмнің т.б. орны ерекше, Ол қаламгер шығармаларына 
әсерлілік пен тартымдылық береді. «Көркем әдебиетте суреткерлік шыншылдық, 
психологтық жітілік, ең бастысы шаттыққа бермес әдемі мұң, әдемі үміт, кәусар мөлдірлік 
керектігі, көркем образдардың табиғи, таза болмысы бағалы екені мәлім» [3, 54],- деп 
белгілі әдебиеттанушы ғалым, профессор Б. Майтанов атап көрсеткеніндей Ш.Бейсенова 
қаламынан туған кейіпкерлер бейнесі жандарының тазалығымен, биік те асыл арман- 
мақсаттарымен оқырманына әсер ете отырып, жазушының психологтық жітілігін, өмірге 
деген реалистік көзқарасын танытады. Адамгершілік ізгі ниетті берік ұстанған әрбір 
қаламгердің басты міндеті халық көңілінен шығу, яғни халықтың көкейіндегі ойын дәл ұға 
біліп, суреткерлік қырағылықпен айту десек, жазушы Шәрбану Бейсенова ол міндетін 
орындады әрі өзіне тән қаламгерлік зергерлікпен кестеледі. 


63 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Бейсенова Ш. Бір махаббат баяны Алматы, Ан Арыс, 2009,- 280. 
2. Шаймерденов С. Ағалардың алақаны Алматы: Жазушы, 1987. 432. 
3. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі А., Жазушы, 1987.-232. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет