33
«Диалектологиялық
сөздіктерден»
айырмашылығы
болып
табылады.
«Қазақстан
жеріндегі сөйленістермен қатар, белгілі бір тілдік жағдайда өзге
аймақтарда, өзге тілдік ортада өзіндік жазбаша және ауызша да әдеби
нормаларын қалыптастырып, өз бетінше дамып келе жатқан қазақтардың
тілінің мәртебесін тек сөйленіс, диалект дегеннен гөрі аймақтық тіл деп атауға
тура келеді. Мұның мысалы ретінде өз жазуы-сызуы, сөйлеу тілі негізінде
нормаланған аймақтық әдеби тілі қалыптасқан Монғолиядағы, Қытайдағы
қазақтардың тілін келтіруге болады» [ҚТАС,8-б.],-деп анықтағанымен,
Ш.Сарыбаев «аймақтық сөздер» терминін: «Аймақтық
сөздерге әдеби тіл
нормасына жатпайтын таралу шегі белгілі бір аймақ шеңберімен шектелетін
бейәдеби қолданыстар жатады. Бұлар, яғни аймақтық сөздер,
жергілікті
ерекшеліктер, әдеби тілді байытудың сөзжасам арқылы жаңа сөз тудыру, көрші
тілдерден сөз алу және т.б. сияқты бірнеше жолдарының бірі» [ҚТАС,2005,8-
б.],- деп түсіндіреді. Бұл тұжырымнан «аймақтық тіл» термині мен «аймақтық
сөз», «аймақтық лексика» терминдерінің аражігі айқындалмағаны байқалады.
Диалектология ғылымына қатысты «аймақтық тіл» ұғымының мәні
Р.И.Аванесовтың «диалектілік тіл» концепциясына негізделген «әркелкі
диалектілік, жүйеаралық синоним» идеясынан туындайды, синоним қатарына
енетін сыңарлар әртүрлі сөйленістерде кездесе береді, себебі диалектілік тіл
әдеби тілмен тең дәрежеде қолданылады [30,151-б.]
делінетін пікірмен
түсіндіруге болады. Осындай көзқарастарға орай, Т.С.Коготкова орыс
диалектілерінің өткен ғасырдың сексенінші жылдардағы құрылымын, өмір сүру
жағдайын «полудиалект» (жартылай диалект) сипатында деп есептейді [31,3-
б.]. Бұл белгілі тілдің тек өзгеше диалектімен сөйлейтін аймағы жоқ,
жалпыхалықтық тілдің әсерімен пайда болған тілдік құрылым, тілдік орта
болады дегенді білдіреді, ол тіл иелерінің әлеуметтік құрамына, әдеби тілді
меңгеру дәрежесіне байланысты [32,22-б.].
Ш.Сарыбаев аймақтық лексикографияның нысанына байланысты: «Если
объект региональной лексикологии и лексикографии – диалектная лексика, то
объект литературной лексикологии и лексикографии – литературная. Но так как
литературная лексика имеет много точек соприкосновения с
диалектной и
между ними имеется промежуточная группа, именуемая нами «диалектно-
литературная лексика», то, естественно, между диалектной и литературной
лексикологией, с одной стороны, диалектной и литературной лексикографией –
с другой, имеются тесные связи, которые проявляются в подаче одних и тех же
лексических элементов как в литературных так и в диалектологических
словарях, в вводе некоторых диалектных слов в толковые, орфографические и
другие литературные словари, а также в наличии ряда общих теоретических
установок» [33,177-б.],- деген тұжырым айтқан болатын.
Ендеше, «аймақтық тіл» термині жергілікті
ерекшеліктер лексикасына
қатысты алғанда тиімсіз деуге болады. Шын мәнінде, аймақтық сөз – белгілі
таралу шегі бар, әдеби тіл нормасына жатпайтын, өзге аймақ тұрғындары біле
бермейтін, ұлттық тілдің бір тармағын құрайтын тілдік бірліктер. Ұлттық тіл –
өте күрделі құрылым, оның құрамындағы ерекшеліктердің қайсысы да
34
бірыңғай сипатта бола алмайды, өйткені олардың пайда болу жолы, себебі,
әдеби тілге қатысы әртүрлі. Сондықтан тілдегі «ерекшеліктер» жергілікті
диалектілер және әлеуметтік диалектілер болып бөлінеді [34,9-10-бб.].
Жергілікті диалектілер – белгілі ауыл-аймақ халқының тіліндегі әдеби тілден
тыс айырым белгілер болса, әлеуметтік
диалектілер – белгілі қоғамдық топтағы
адамдардың тіліндегі айырмашылықтар.
Жергілікті ерекшеліктер,
диалектілер, аталатын бұл құбылысқа қазақ тілі
ғылымында өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында ерекше мән беріліп
зерттеу жұмыстары қолға алына бастаған болатын.
Диалект термині –
жалпыхалықтық сипаты жоқ, белгілі бір жерде, аймақта ғана қолданылатын
тілдік ерекшелік, белгілі тілдік өзгешелігі бар аймақты білдіреді. Мысалы:
Нөкісте оқып жүрген
ақтығымды сағындым (Қарақ.).
Албаты машинаға түсті
де кетті (Сем, Үрж.). Жағалбайлы бірнеше
жамға бөлінеді (Рес., Орын.) Бұл
көлге
жарын су құламаса егінге су жетпейді (Ақт.,Шалқ.). Қорадағы
кертеде
шөп жатыр, атыңды соған қой (Қост,Жанг.). Мейманға алдымен
ұстаған беру –
біздің жақтың салты (Шымк.,Сайр).
Мына отырған тұлыпты жігіттің аты –
Омар (Гур., Маң.). Біздің үйдің
тырнашасын қайтадан істеу керек (Қост., Об.).
Достарыңызбен бөлісу: