35
қарама-қарсы құбылыс дегенді диалектілік ерекшеліктерді тану тұрғысынан
түсіну керек, себебі әдеби тіл мен халықтық тіл, оның ерекшеліктері бірімен-
бірі тығыз байланысты екені белгілі. Бұл
жөнінде орыс тілі ғылымында
Р.И.Аванесов ұлт тілінің құрамындағы әр диалект бір-біріне және әдеби тілге
қарама-қарсы құбылыс, қарама-қарсылықсыз диалект болмайды деп түсіндіреді
[30,9-10-бб.].
Тілдік ерекшеліктері бір-біріне жақын сөйленістер, алдымен, сөйленістер
тобын жасайды, сөйленістер тобынан диалектілер құралады (Бір ғана
диалектіден
тұратын тіл болмайды, болған күннің өзінде әңгіме диалекті
туралы емес біртұтас тіл туралы болады). Мұның өзі тілдің, оған кіретін
диалектілердің құрамында ортақ және
айырым белгілердің болуына
байланысты. Айырым белгілер әдеби тілден диалектіні және бір диалектіні
басқа диалектілерден ажыратып көрсетеді. Бір диалекті үшін айырым белгі
болып саналатындар басқа диалектілерге ортақ-жалпылық сипат танытып,
оларды топтастыратын белгі болуы мүмкін. Айырым белгілердің ұқсастығынан
диалектілердің жалпы белгісі шығады, ол диалектілердің санын да, көлемін де
ажырататын негіз болып табылады. Диалектінің
бар-жоғы осы жеке-айырым
белгі мен жалпы-ортақ белгінің көлеміне қарай анықталады. Ендеше
айырым –
Достарыңызбен бөлісу: