59
беріп жатады. Мұндайда мәтіннен (сөз құрылымынан) сәтті не сәтсіз факті
бөлініп алынып, оған жоғарыдағыдай баға беріліп талданады. Бірақ бұлайша
талдау, бір жағынан, дұрыс болғанымен, екінші жағынан,
мәтіннің тұтастай
алғандағы коммуникативтік сапасының бағасы емес, оның үзігі жөніндегі ғана
баға» [66,33-б.],-дейтін сөз мәдениеті жайлы көзқарасына сүйенуге болады.
Сөздің жұмсалым деңгейін тілдік жағдаят, оның мақсаты анықтайды.
Н.Уәлидің пайымдауынша, сөздің коммуникативтік сапасы тұрғысынан
берілетін баға сөз актісінің аяқталған нәтижесіне қатысты болуға тиіс. Мұндай
талап тілдік фактіні тек сөздік құрылымның құрамында қарау жеткіліксіз екенін
көрсетеді, сондықтан сөздің коммуникативтік сапасын бағалауда басқа да
теориялық ізденіс қажет. Өйткені айтылған (жазылған) – сөз аса күрделі
коммуникативтік құрылым. «Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни
вербалданғанға дейін адресант-автордың айтсам, жазсам деген діттемі, нені
айтсам (жазсам) қалай айтсам (жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады»
[66,34-б.].
Коммуникация теориясында қатынас тек вербалды кезеңнен ғана емес,
коммуникацияға дейінгі және коммуникациядан кейінгі кезеңнен тұрады.
Бұлардың ішінде вербалды кезең ғана формальді
тілдік құрылымға жатады, ал
коммуникацияға дейінгі және коммуникациядан кейінгі кейінгі кезеңдер тілдік
емес құрылымдар болып табылады. А.Соломоник айтқандай, «тілден тыс
ақиқат-шындық материалдық және рухани әлем» [15,264-265-бб.]. Осы
материалдық және рухани әлем коммуниканттардың когнитивті санасымен
тығыз байланысты. Бұл байланысты адресант пен адресаттың арасындағы мәтін
арқылы олардың санасындағы белгілі әрекетті тілдік құрылым арқылы реттеп,
концептуалдап көруге болады. Мәтін – дискурста тілдік таңбаға айналған
қатысым
әрекетінің
бөлігі.
Өткен
тарауда
талданған
«қазан»
лингвокультуремасының мағыналық өрісіндегі аймақтық лексикаға жататын
«қазанына қаспақ біткен» (байыған, дүние, мал біткен) және «қазаны қаңсу»
(ішіп-жемнен жұтау, азық-түліктен тарығу) т.б. фразеологизмдерінде берілген
ақпарат – таным арқылы жинақталған білім. Бұл қазақтың дәстүрлі
мәдениетіндегі «қазан» концептісіне енеді, оның бір үзігі саналады.
Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық бейненің
негізінде пайда болады. Белгілі заттық образ (код) концептінің ядросы болып
табылады да, тіл иесінің нысанды жан-жақты терең білу деңгейіне қарай жаңа
мәндік белгілерімен байи түседі. Н.Уәли
ұғым мен концептінің
айырмашылығын көрсете келе: «...концепт – денотат туралы бастапқы түсінік.
Денотат туралы осы түсінік жалпыланған инвариант-образ түрінде болады да,
сөздің тууына ұйытқы болады. Бұл – заттық бейнелік концепт. Тілдік санада
концепт форматына түскен бұл құрылым лингвокреативті ойлаудың негізінде
әрі қарай өңдеуден өтіп, ұлттық мәдени концепт пайда болуы мүмкін. Заттық-
бейнелік концептіде этномәдени сипат бола қоймайды» [66,44-б.],-деп
тұжырымдайды. Дегенмен заттық-бейнелік концептінің халық санасына қалай
бойлауына, халықты рухтандыру қуатына қарай ұлттық мәдени сипат алуы
мүмкін екендігін осы «қазан» атауының заттық-бейнесіндегі ақпараттар
60
танытады. «...қазан – ошаққа
қойылатын, тасошаққа, жерошаққа т.б.
құрылғының үстіне қойылатын, астына от жағылатын, беті қақпақпен
жабылатын түбі қара күйе ыдыс. Ошақ, ошақтың үсті, от жағу, беті, қақпақ,
жабу, түбі, қара күйе, ыдыс дегендер – ақпарат. Осы ақпараттардың реттелген
жүйесінен заттық-бейнелік концепт жасалып тұр. Бірақ заттық-бейнелік қазан
концептісінің санада ономасиологиялық құрылымы әрі қарай өңдеуден өтеді де
басқа бір таңбаланушының таңбасына айналады. Ендігі жерде қазақ түсінігінде
қазан отбасының, ағайын-туыстың, ауыл-аймақтың, ел-жұрттың басын
біріктіретін,
басын қосатын, ынтымақтастыратын қасиетті мүлік болып
табылады. Қазаны бүтін, қара қазан сары баланың қамы, қазанын сындыру (кек
алудың бір түрі) т.б. дегендер ұжымдық санадағы мәдени-ұлттық семантиканың
тілдік таңба арқылы жарыққа шығуы қазанның ұлттық мәдени концептіге
айналғанын көрсетеді. Мұндай концептілер этномәдениеттің тірек элементі
болып, концепт-кеңістікке енеді» [66,44-б.],-дейді.
Аймақтық лексикадағы этномәдени бірлік – атауыш белгілі мәдени
концептінің құрамына енеді, оны жаңа мән-мазмұнмен толықтырады. Бір-
бірінен алшақ өмір сүретін сөйленіс иелері арасында осы әртүрлі мәнге ие
болуы заттық-бейненің мәнді белгілерінің халық санасында сезімдік таным
деңгейіне көтерілу дәрежесіне байланысты. «Қазан» лингвокультуремасы
бойынша өткен тарауда айтылған жалпыхалықтық
және аймақтық жаңа мән-
мазмұнының фрейміндегі көріністері «қазан» концептілік-кеңістігі өрісінің
ұлттық маңызын құрайды, ұлттық дүниетанымды, ұлттық болмысты, ұлттық
рухты танытады. Жалпы, лексика халықтың тыныс-тіршілігінің, өмір салтының
барлық қырын от басы ошақ қасынан бастап, толық қамтиды. Түркі тілдері
лексикологиясы бойынша еңбектерінде К.М.Мұсаев: «Когда говорят, что язык
представляет кладовую истории народа – его носителя, прежде всего имеется в
виду лексика, которая непосредственно реагирует на все изменения в жизни
народа. Ни
фонетика, ни грамматика языка не может показать нам условия
жизни народа так полно, как лексика» [67,12-б.],- деп жазады.
Ә.Т.Қайдар осы ұшан-теңіз мол дүниені антропоөзекті бағытта зерттеудің
ұстанымдарын анықтап, этнолингвистикалық материалды топтастырудың
принциптері зерттеу нысаны мен оны танып-білу мақсатына байланысты
жүзеге асырылатынын айтады: «Егер зерттеу объектісі «қазақ этносы», «этнос
болмысы» деп жалпылама қарайтын болсақ, онда тіл байлығы – «тіл әлемі»
түгел қамтылуы тиіс санап, «тіл әлемін» «Адам», «Қоғам», «Табиғат» аталатын
үш салаға топтайды. Олар алдымен отыз макротопқа, өз ішінде екі жүздей
микротопқа бөлініп қарастырылуда, бұл макротоптар өзара
«жүйелі қатысты
Достарыңызбен бөлісу: