М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


принцип» негізінде, ал микротоптар бір-бірімен «сатылы қатысты принцип»



Pdf көрінісі
бет30/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89
Бисенбаева

принцип» негізінде, ал микротоптар бір-бірімен «сатылы қатысты принцип» 
бойынша топтастырылады дегенді білдіреді» [1,19-б.],- дейтін тұжырым 
жасайды. Ж.Манкеева халықтың тек тілдік фактілер арқылы сақталған тарихын 
құбылыс атауларын, салт-санасын білдіретін мәдениет лексикасын анықтаудың 
өзекті арнасы этнолингвистикалық қағида деп есептейді. Этнолингвистикалық 
қағида бойынша мәдениет лексикасының этномәдени құрылымын анықтайды. 
Ж.Манкееваның пайымдауынша, этнолингвистикалық қағиданың «тінін 


61 
құрайтын «ұлт пен тіл» біртұтас» немесе «тіл мен мәдениет сабақтас» деген 
ұстанымдар» [40, 60-б.]. Этномәдени құрылымды жинақтайтын – этнос 
тұрмысының сан салалы қырлары. Оны Ж.Манкеева төмендегіше саралайды: 

этнолингвистикалық зерттеу нысаны тек этнографизмдер (иткөйлек, 
бойтұмар т.б.) емес, оны этномәдени лексикадағы халықтың күнделікті тұрмыс-
тіршілігі, айналысатын кәсібі мен еңбегіне т.б. қатысты сан ғасырлық 
тәжірибесінің тұжырымы іспетті сан салалы мәдени жүйе атаулары деректер 
дәлелдейді. Сөйтіп, этнолексиканың өзегін құрайтын қазақ этносы тұрмыс-
тіршілігінің, экономикасының көзі мал шаруашылығы екені айқындалады. Оны 
осы салаға қатысты мақал-мәтел, жұмбақ, фразеологиялық тіркестер т.б. 
көрсетеді. Мысалы, қой мың, жылқы жүз болу – көңілі тоқ, уайым-қайғысы жоқ 
болу, тоқмейілсу (ҚХР) мағынасын білдіреді, ал Түрікменстандағы қазақтар 
тілінде қойы тауға жайылып жату – шаруасы сай, тұрмысы жақсы мағынасында 
қолданылады. Халық тұрмыстың жайлы, уайым-қайғысыз болуын момын 
жануар қойдың мінезімен салыстырып бейнелейді. Ендеше этнолексиканың 
үлкен бөлігі шаруашылық-экономикалық факторына байланысты құралады 
деп топшыланады;

«Ас – адамның арқауы» демекші, қай этностың да өзіндік ерекшелігін 
танытатын, ұлт мәдениетінің айнасы тәрізді қабаттарының бірі – тағам және 
азық-түлік атаулары. Әрине, азық-түлік түрлері тіл иесі этностың тұрмыс-
тіршілігіне, өмір сүру ортасының географиялық, климаттық жағдайына 
байланысты қалыптасады. Оны өткен тарауда талданған қазанжаппа, кісе нан 
т.б. этнобірліктерінің семантикасынан көруге болады. Тамақтану мәдениеті – 
ұлт мәдениетінің басты белгісі. Сол себепті де, этнолингвистикалық 
зерттеулердің нысанына алдымен ұлттық тамақтану дәстүрі алынады. Осыған 
орай, этнолексиканы құрайтын келесі фактор – ұлттық тамақтану дәстүрі 
деуге болады; 

көшпелі мал шаруашылығымен күн көрген халықтың жер бедері мен 
аспан әлемі туралы түсінігі мол болғандығы халықтық географиялық 
терминдер мен космонимдік атаулардан да, ауа райы, оны болжауға 
байланысты атаулардан да көрінеді. Мысалы, ай көрген күн (айдың әр жаңасы), 
ай қорғалау (айдың кешігіп тууы, әр айдың жиырмасы кезінде айдың кешігіп 
тууы), ақбайтал (үскүрік боран, кесе қар, қалың бораннан кейінгі күртік қар), 
ақбас (ұйытқып соғатын жаяу боран) т.б. Этнолексика құрамының толығуына 
себеп болатын ендігі бір фактор – халықтық географиялық, астрономиялық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет