М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет27/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
Бисенбаева

сөзбен, сөздің қасиет күшімен байланыстырады. Қарым-қатынас эмоция мен 
сезімдерге толы адам қоғамында жүзеге асатындықтан, сөйлесімнің тек 
хабарды жеткізіп, сөйлеуші адаммен байланысты белгілерді жеткізбеуі немесе 
сөйлесім мазмұнында сөйлеушінің эмоциясы, белгілі құбылысқа қатысты 
жасалатын қорытындылары, көзқарасы қамтылмауы, берілмеуі мүмкін емес. 
Адам тілдік таңбаларды өзара түсінісу үшін ғана емес, тыңдаушының 
қызығушылығын оятып, оны әрекетке итермелеу үшін де қолданады. Мұндай 
жағдайда тіл бірліктері хабарды жеткізуші құралдар қызметін атқарып қана 
қоймайды, тыңдаушыға ықпал етуші, әрекетке итермелеуші, жетелеуші 
құралдар ретінде жұмсалады [64,18-б.]. Осы аталған белгілер қамтылған 
жағдайда сөйлеу актісі өз мақсатына жетеді, оның қалай орындалғаны ықпал 
етуші тіл бірліктерінің қызметі арқылы ажыратылады. Бұл – тілдік қатынас 
үдерісіндегі тілдік таңба мен оны қолданушы арасындағы қатынасты зерттейтін 
сала 
прагмалингвистиканың 
міндетіне 
жатады. 
З.Ш.Ерназарованың 
пайымдауынша, прагматикалық бағыт тіл мен сөйлеу арасындағы 
айырмашылықтарды ғана анықтамайды, олардың арасындағы өзара 
байланысты, туындаушы процестерді де айқындайды, өйткені прагматика – 
тілдің коммуникативті қызметін жүзеге асырушы құрамдас бөлік [57, 12-13-
бб.].
Тілдік қатынастағы қатысымдық бірліктердің осындай күш-қуатына орай, 
зерттеушілер қатысымдық мағынаның қызметін тілдің: қатысымдық
байланыстырушылық, экспрессивтік қызметімен байланыстырады [50,237- б.], 
шын мәнінде, сөйлеу әрекетінде мүкіндігінше тіл қызметінің бәрі де қатысады 
деуге болады (танымдық, кумулятивтік, эмотивті, бағалауыштық, эстетикалық
фатикалық, магиялық т.б.). Осы орайда, Ә.Т.Қайдар: «Тілдің халық өмірінде 
атқаратын қызметі көп-ақ. Солардың бірегейі – ұрпақ пен ұрпақ арасын 
жалғастыратын, өткен өмір мен бүгінгі болмысымызды, онымен болашақты 


57 
ұластыратын «алтын көпір» бейнелі қызметі. Халық даналығының ұйытқысы –
тілдің бұл қызметін ғылымда кумулятивтік функциясы деп атайды. Оның бұл 
қызметі – ұлттың ұзын сонар рухани өмірін жалғастырушы ғана емес, сонымен 
қатар ұлт тарихы мен менталитетіне, сана-сезіміне, өзіндік болмысына қажетті 
рухани құндылықтарды өз бойында сақтап, келесі ұрпаққа асыл мұра ретінде 
жеткізіп отыратын қасиетімен де қымбат» [65,14-б.], дейді.
Сөздің мазмұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі 
ұстанымы. Аймақтық сөз – аталым қызметін атқаратын лексикалық бірлік. 
Сөздің лексикалық бірлік ретіндегі басты қасиеті – белгілі тарихи кезеңде 
қалыптасқан ұғымды білдіріп, атап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қызметін 
атқаруы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет