М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Бірінші тарау бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет28/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89
Бисенбаева

Бірінші тарау бойынша тұжырым 
Қазіргі тіл ғылымы тілдің «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» 
қызметімен қатар, танымдық қызметіне де айрықша мән береді. Ол үшін «Тіл 
қаруы – сөз» демекші, тілдің танымдық қызметі арқылы қалыптасқан тілдік-
таңбаны дайын сөз – атауыш ретінде зерттеу нысанына айналдырады. 
Ғалам бейнесі де, адам бейнесі де тіл семантикасында көрініс табады. Бұл 
орайда адамның өзі емес, оның тілдегі бейнесі ерекше маңызды болады. Тілді 
егжей-тегжейлі зерттеу арқылы адамзат өзін-өзі танып, ғаламды сезініп 
түйсінеді. Адам алған әсерін өзі арқылы сипаттайды. Тілдік элементтердің 
мағыналық жағы – тілді ойлаумен ұштастыратын дәнекер. Осы мағыналық 
желінің бір басында – тіл, екіншісінде – ойлау тұрады. Адамның танымы ойлау 
әрекеті арқылы қалыптасады, сол себепті ақиқат болмыстың ойдағы көрінісі 
таным деп аталады. 
Тіл адам баласының танымдық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта 
туралы білімді, одан алған әсерін жинақтап қана қоймайды, сонымен қатар 
халықтың зерттеушілік ойларын да жеткізіп, халықтық, ұжымдық этномәдени 
санасында қалыптасқан ғалам бейнесін сақтайды. Тіл – сөйлеушілердің 
дүниетаным ерекшеліктерін бейнелейтін құрал, ерекше ұлттық ділдің 
көрсеткіші, мәдениеттің негізі болып табылады. 
Қай этностың да ақыл-ой санасының, дүниетанымының нәтижесі-
материалдық және рухани мәдениеті оның тілінде көрініс табады дегенді 
белгілі тіл деректеріне сүйеніп айтады. Осындай тіл деректері қатарына 
халықтың этномәдени байлығын танытатын, ұлттық бояуы қалың да айшықты, 
ұлттық дүниетаным мазмұнды тіл бірліктері – лингвомәдени бірліктер жатады. 
Лингвомәдени мазмұнды атау – халық мәдениетінің тілде сақталған көрінісі, 
ғылыми тілде лингвокультурема деп аталады. Этномәдени лексиканы 
осындай бірліктер құрайды. 
Тіл адам баласының қолымен жасалған мәдени, рухани және материалдық 
байлығын сөз арқылы атап көрсетеді. Аймақтық сөз де аталым қызметін 
атқаратын лексикалық бірлік, дегенмен аймақтық лексика зат-құбылыстың 
атауын ғана білдіріп қоймайды.
Қазақ лингвистикасындағы антропоөзекті бағыт тіл – этнос – мәдениет 
арақатынасын «тіл айнасында» зерделейді, осыған орай, аймақтық лексика 


58 
мазмұнды дереккөз саналады. Аймақтық лексика – ұлттық тіл байлығының 
құрамдас бөлігі, сондықтан аймақтық мәдениет өзгеше бөлек дүние емес. 
Аймақтық ерекшелік – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық көріністері 
мен этномәдени бояулы мазмұнын сақтаған: кісенан, қазанжаппа, шатпа т.б. 
атаулар мен ұлттық құндылықтарды құрайтын қазан, қазанат т.б. тәрізді 
аталымдар семантикасының дамуынан да көрінеді. 
Аймақтық сөз де өзге тіл бірліктерімен синтаксистік қатынасқа түсіп, 
қатысымдық бірліктер қатарынан орын алады. «Этнолингвистикалық» 
арналардың әрқайсысында аймақтық сипаттағы этномәдени мазмұнды бірлік, 
аймақтық этномәдени сөз бар. Аймақтық лексикадағы этномәдени деректі 
аталым жергілікті ерекшеліктерді антропоөзекті бағыт салалары тұрғысындағы 
зерттеулерде «этнодиалектизм» деп аталып жүр. Этнодиалектизмнің белгісі 
этномәдени деректі ақпарат сыйымдылығы мен мүмкіндігінше мағынасын 
жаңғыртуға «келуі» арқылы этнолингвистикалық мағынаны түсінуге, көруге 
бейімділігі деп түйіндеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет