78
695-б.) кездеседі. Сабанмен жер айдаймыз (Қ-орда, Арал).
Біз әлі сабан айдау
жұмысын қолға алғанымыз жоқ (Ақт., Ырғ.) – шы/ші жұрнағы әдеби тілде аса
өнімді жұрнақ, соған қарамастан, ол мамандық, кәсіп ұғымын атау үшін осы
ұғымның айналасындағы сөздің бәріне жалғана бермейді. Э.В.Севортян бұл
туралы «Словообразовательная форма не обладает
способностью создавать
новые единицы данной части речи из любого словесного материала» [101, 13-
б.], – дейді
Аймақтық лексиканың да үлкен қабатын туынды сөздер, синтетикалық
тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер құрайды. Сөйленістерге сөзжасам жүйесі
ортақ болғанымен, әр тәсіл арқылы жасалған сөздердің мағынасында ерекшелік
бар. Ол туынды сөзді жасайтын жұрнақ та, негіз де
әдеби тілге тән бола тұра,
сөйленістік мағына жасай алатыны, күрделі сөз сыңарларының тек әдеби
варианттардан құралып, сөйленістік мағына білдіре алатынынан немесе
сыңарларының біреуі сөйленістік, біреуі әдеби сөз болып келуінен сөйленістік
мағына
жасалатынынан
аңғарылады.
Мұндай
жағдайлар
аймақтық
сөзжасамның өзіне тән күрделі табиғатынан хабар береді. Осыған байланысты
Ғ. Қалиев «Диалектолог үшін маңыздысы әдеби тіл мен сөйленістердегі бірдей
құбылыстар
ғана емес, әдеби сипаты жоқ диалектілік туындылар, олардың
сөзжасам
жүйесіндегі
өзара
қарым-қатынастары
мен
қалыптасқан
ерекшеліктерін ашып көрсету» [99,47-б.],-деп тұжырымдайды. Аймақтық сөзді
жасаушы материалдық элементтер
: негіз бен сөз тудырушы тұлға (жұрнақ)
бірыңғай әдеби элементтерден де құралады немесе олардың біреуі –
жалпыхалықтық, екіншісі аймақтық сөз болып келеді. Келесі жағдайда
сөзжасамдық элементтер:
негіз де, сөз тудырушы тұлға да аймақтық болуы
мүмкін. Ғ.Қалиев аталған ерекшеліктеріне қарай
синтетикалық тәсіл арқылы
жасалған диалектілік туындылардың әдеби тіл мен сөйленістердің сөзжасам
деңгейіндегі жүйелік қарым-қатынастары негізінде төрт түрлі сөзжасамдық
үлгісін (моделін) көрсетеді:
1)
әдеби негіз + әдеби қосымша
Достарыңызбен бөлісу: