М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет40/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89
Бисенбаева

 «диалектілік туынды» [99,25-б.]. Бұл 
үлгі бойынша жасалатын туындылар аймақтық туындылардың көлемдісі. 
Жекелей алғанда негіз де, қосымша да жалпыхалықтық тілде қолданылады. 
Негіздер қатарында актив лексика элементтері де бар, қосымшалардың ішінде 
өнімсіздеулері де кездеседі. Өзбекстандағы қазақтар тілінде мақтакер –
«мақташы, мақта өсіруші мағынасын білдіреді. Орайлық – «орталық», 
туындылар құрамындағы негіздер әдеби тілдегі мағынасынан басқа, жұрнақтар 
сөз таптарына сәйкес туынды сөз жасап тұр, олардың мағынасы таза аймақтық 
мағына, нағыз жергілікті сөз. Қастау – қастық жасау. Ол атты суытпай жібереді, 
атқа қастайды (Ақт., Ырғ.), сөздің негізі жалпыхалықтық мағынасын сақтайды, 
диалектілік мағынаның жасалуында жұрнақтың қызметі басым. Қатырма – 
қазанға, табаға пісірілген жұқа нан (Жамб. Жуа). Сөйленістік мағынаның 
туындауына себеп «жұқа, қатты» семалары, -ма жұрнағы жалпыхалықтық тілде 
тағам атауларын жасайды (сүзбе, кеспе т.б.), диалектілік туынды тағам 
атаулары семантикалық тобына жатады, басқа да тағам атауларымен 
парадигмалық байланыс түзеді. Мысалы, қаттама – қаймаққа орап пісірген 


79 
жұқа нан (Алм., Шел.), қарма – қуырған балық (Қост. Жан.); көмбе – табаға, 
күлге көміп пісірілген нан (Рес., Омбы); кешпелі –судың таяз жері өткел 
(Жамб., Қорд.); кесінді – тарының дән араласқан топаны. Тарыны басқанда 
түсетін сабан аралас отход сағырды кесінді дейді (Ақт., Ой.). 
Бұл сөзжасамдық қалыпта ерекше назар аударатын – шы/ші жұрнағы. 
сабаншы -соқашы, жер айдаушы, егінші. М.Қашқаридың «Сөздігінде» -шы/ші 
жұрнағы, негізінен, есім сөзден зат есім тудырушы жұрнақ қызметінде көрінеді. 
Савшы – елші. «Ұлы Тәңірдің жіберген елшісі, пайғамбар. Бұл сөздің өзегі – 
«сөз, мақал-мәтел сөз» мәнісіндегі «sav:сав» сөзі. Пайғамбар соны жұртқа 
жеткізген, жеткізуші» [МҚ,3,585-б.] деген түсінік берілген. Туынды сөздің 
түбірі sav/сав «Сөздікте»: мақал-мәтел; қисса; хикая; хат, хат-хабар, кітапша; 
сөз; хабар» [МҚ,3,215-б.]. Жоғарыда айтылғандай,-шы/ші жұрнағы – 
жалпыхалықтық тілде аса өнімді жұрнақ. А.Ысқақов -шы/ші жұрнағы арқылы 
жасалатын туынды зат есімнің төмендегідей түрін көрсетеді: 

кәсіп иелерінің я мамандық атауларын, белгілі кәсіппен шұғылданатын 
адамды білдіреді; 

адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-
қасиеттерінің атын білдіреді; 

қоғамдық ағымды көзқарасты (идеяны) жақтаушының және белгілі бір 
қоғамдық ұйымға қатысушының атын білдіреді [96, 157-б.]. Е.Жанпейісов осы 
аталған топтармен қатар, «осылардың сыртында туа түбір зат атауларымен -
шы/ші форматының бірігуінен жасала тұрғанымен, тілімізде ешқандай 
кәсіппен де, мамандықпен де байланысы жоқ немесе адамның әлдеқандай бір 
машық-икеміне де, қабілетіне де бейқатыс туынды зат атаулары бар» [102, 297-
б.],- деп есептейді. Сөйленістерде: айтымшы – «айтқыш». Айтымшы тақ-тақ 
көп шыққан алқалаған шаршыда, Тарқатқан шерін өлеңмен (Гур., Маң.); 
айырушы – «жіктеуші, реттеуші, жік-жікке бөлуші» Айырушы заводқа келген 
балықты түр-түріне бөледі ((Гур., Тең.); ақшомшы – түйе керуені (Қ.орда, 
Қарм.); аткезші – ертедегі атпен жүріп сауда істеушілік. Бұрынғы реттерде 
Қытай мен Албан елдерінде аткезшілер жүретұғын (Алм., Шел.); базаршы – 
«базардан сатып алушы»; қалашы – «қалаға мал айдап барып, керек-жарағын 
алып қайтатын қыр адамы» (Бүгінгі базаршылардың қалаға айдайтын малы көп 
те емес. Базаршылар осылай артынып-тартынып, қораның шетіне шыққанша, 
күн сәске болды. Әкпар оны кеше тастамай алып кетпек болғанда, ол осы 
қалашылармен ілесіп барайын деп, зорға сұранып қалған-ды (Қ.Жұмаділов); 
кедейші – «қайыршы, үй-үйді аралап, халық көп жерлерде қайыр сұрайтындар» 
(Ауғ.). 
А.Салқынбайдың пікірінше, -шы/ші тұлғаларының негізгі грамматикалық 
сөз тудырушылық мағынасы «адам, кісі» семасына ғана қатысты. Себепші негіз 
арқылы туындаған мағыналардың бәрінің жалпы ортақ мағынасы – кісінің 
атына, қызметіне, мамандығына қатысты болады, -шы/ші тұлғаларының әуелгі 
мағынасы – адам, кейін осы өзек семадан десемантизацияланған да, адам 
мағынасын 
туғызатын 
грамматикалық 
тұлғаға 
ауысқан 
[97,233-б.]. 
Сөйленістерде -шы/ші тұлғалары арқылы жасалған туындылар қатары 


80 
біршама. Сабаншы – «соқашы, соқа айдаушы, егінші» (Сабаншы, тұқым 
себуші, культиватор, тағы сол сияқты кадрларды дайындау курсына әйел 
жолдастарды көбірек тарту керек («К-з жолы», №11,1942). Йоршы – «жол 
басшы» [МҚ,3,43-б.]. иазығшы – «хатшы, жазбашы». Құдалар арасында хат-
хабар, хабар-ошар жүргізетін адам. Жарастырушы [МҚ,3,43-б.]. Ағланшы – «су 
иірімін жасаушы»; ақаншы – «қызыл балық аулаушы» (Ақаншы қызыл 
балықты, көбінесе, қыстыгүні аулайды (Гур., Тең.); ақбаршы – «хабар 
жеткізуші» (Біздің колхоздың ақбаршысы бүгін Ойылға жүреді (Ақт., Ой.); 
ақтаушы-қорғаушы. Совхозды үйтіп қойса да, ақтаушысы күшті болып 
құтылды (Түрікм., Мары.); сақманшы/сақпаншы – «жаңа туған қозыны күтуші 
адам» ( Өзі шопан міндетін атқарса, зайыбы сақманшы болып істейді (Көкш., 
Еңб); кедергішілік – «бөгет, тосқауыл, кедергі». Колхоздың жұмысына 
ешкімнің кедергішілік келтіруге қақысы жоқ (Қ.орда, Арал); 
2) «диалектілік» негіз + әдеби қосымша 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет