М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


 Аймақтық этномәдени лексиканың кірме қабаты



Pdf көрінісі
бет49/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89
Бисенбаева

2.2.3 Аймақтық этномәдени лексиканың кірме қабаты 
Әр этнос өзін қоршаған әлемді өзінше көріп, өзінің ұлттық дүниетаным 
деңгейі дәрежесінде танып бағалайды. Ұлттық мәдениеттің өзегін – ұлттық 
дүниетаным құрайды. Аймақтық лексикада да кірме қабат бар, болуы заңды да, 
өйткені ешбір халық жеке дара оқшау өмір сүре алмайды. Жергілікті ерекшелік 
ретінде танылатын элементтер – түркілік тектілдің субстраты, кірме ретінде 
танылатын элементтер – көне дәуірлерден басталатын қарым-қатынастардың 
рудименті. Бұларды талдап көрсету евразиялық кеңістікті мекендеген әртүрлі 
этностардың тарихынан, олардың қарым-қатынасы арқылы пайда болған 
мәдени мұраларынан хабар бере алады [89, 51-б.]. А.Қайыржанов этникалық 
мәдениеттер арасында үйлесім болған жағдайда кірме элементтерге жол 
ашылады деп, оны «кез келген этностың рухани эволюциясының шарты, 
шығармашылық процесс» [108, 195-б.] санайды. 
Ежелгі Түркі халықтары (тайпалары, одақтары) айнала қоршаған өзге 
халықтармен сауда-экономикалық саяси т.б. қарым-қатынастарда болғаны 
ғылымда белгілі. Бұл қарым-қатынастар көптеген ғасырларға созылған, үлкен 
тарихи оқиғалар мен тарихи өзгерістерімен сипатталады. Мұндай жағдайда сөз 
ауысу, сөз алмасу – заңды құбылыс. Әрі ол біржақты болмайды. Тіл әлемінде 
кірме сөздер аталатын бұл құбылыс қазақ тілі диалектілік лексикасының да 
біраз бөлігін қамтиды. Кірме сөздердің қазақ тілінде пайда болуының жолы 
жалпыхалықтық тілі мен аймақтық лексика үшін ортақ, себебі тіл иесі – біреу, 
ол – Қазақ халқы. Сонымен қатар, кірме сөздердің көпшілігінің 
жалпыхалықтық тіл мен ұлттық әдеби тілдің қалыптасуынан бұрын енгені 
белгілі. Ол басқа да түркі тілдері сияқты қазақ этносы өмір сүрген ортаның 
этнолингвистикалық жағдайымен байланысты. Сөз ауысу үдерісі қоғамдық
саяси, экономикалық қарым-қатынастың басталуымен бірге жүретін құбылыс 
екені айқын [109,52-б.]. Қазақ тілінің лексикасында кірме сөздер: араб, парсы, 
монғол, орыс тілінен енген сөздер болып бөлінеді. Кірме сөздердің халық 
тілінде 
қалыптасып 
орнығуы 
біркелкі 
болмайды, 
сондықтан 
оны 
лексикологиялық зерттеулерде төртке бөліп қарастырады:


93 
1) тілге әбден сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөздеріндей болып кеткен 
актив сөздер; 
2) жалпыхалыққа таныс әрі түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің, 
шаруашылық пен өндірістің белгілі саласында қолданылатын терминдік 
сипаттағы сөздер;
3) әртүрлі экспрессивті-эмоциялық мәні бар сөздер;
4) әдеби тілдің шеңберінен ығысқан не ығысуға жақын жүрген сөздер. Осы 
еңбекте жергілікті ерекшеліктер сақталған кірме сөздер қатарында мәнпағат 
(тұрмыс, жағдай), сада (тәрбиесіз), мұш (жұдырық), бәдірең (қияр) жуалдыз 
(тебен), пұшайман (уайым, қайғы), т.б. сөздер көрсетіледі [48,141-142-б.]. 
Аймақтық лексикаға осы топтаудың бәрі де тән, лексика құрамында абдыра 
(сандық), ағыл (қора), адас (аттас), шарқат (орамал), әтішкір (шымшуыр, 
қысқаш), пәрмен (бұйрық) тәрізді қолданыстағы белсенділігі жоғары сөздер де, 
жегенелеу (жекелеу, сирету), қоза (мақта өсімдігі), ағат (мақта жүйегі) т.б. 
кәсіптік атаулар да, айбықан (бұзық), ақеден (ақ көңіл), алапатты (беделді, 
абыройлы), асардай (әжептәуір), бая (беймаза, тынышсыз), батпанақтай 
(байсалды, салмақты) тәрізді экспрессивті сөздермен қатар осы күні 
қолданыстан шығып бара жатқан ақұн (медреседе бала оқытатын молда), әди 
(басшы, қолбасшы) т.б. сөздер де ұшырасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет