М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


шешендік, сөйлеу, сөзге шеберлік мағынасындағы фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет57/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89
Бисенбаева

 шешендік, сөйлеу, сөзге шеберлік мағынасындағы фразеологизмдер. 
Аузы қиынды кісі – білгіш, шешен адам (Қашағанның аузы қиынды кісі (Гур., 
Маң.). Бет екі сөйлесу – бетпе-бет, жүзбе-жүз сөйлесу (ҚХР). Бұлды сатпайы – 
бет алды лағып сөйлеу (Халықтың ішінде бұлды сатпайы болады (Қ.орда, 
Арал). Аузы бар – ой бар, сөзі бар (Оның портқа қаратай барам деген аузы бар 
еді, әлі кеткен жоқ па (Гу., Маң.). Аузы қысқаш – тілі ащы, улы (Аузы қысқаш 
әйел (Гур., Маң.). Жақ кірісіп ашпау – үндемеу, ләм-мим демеу (ҚХР) Қолының 
үстімен – тілмен, сөзбен атқару (Өздері тек қолының ұшымен басқаруды біледі 
(Түрікм.). Таңдайынан жарылған – шешен, жезтаңдай (Ақтан, Сырымдар 
таңдайынан жарылған биліктің иелері болатын (Түрікм., Красн.). Таңдайынан 
шаң шыққан – шешен (Таңдайынан шаң шыққан адам еді (Тау., Қош.;(ҚХР). 
Таңдайында меңі бар – шешен, сөзге жүйрік (ҚХР); 

 қомсыну, менсінбеу мәнді фразеологизмдер. Аспаннан былғары жауса, 
құлға оқшантай тимепті – құл бәрібір құр қалады/көн тарылса қалыбына барады 
(ҚХР). Аяқтағы суға жығылу – өлмейтін кезде өлу, күлкіге мазаққа қалу 
(Партия мүшелігінен садаға кеткірдің аяқтағы суға жығылуын қара (ҚХР) 
Бойына тоғытпау – менсінбеу (Гур., Маң.). Дөнен итше кергу – көкірек көтеру, 
ешкімді менсінбеу (Елшіліктен келіп тұрмын. Өзі дөнен итше кергімей 
тұрыстықтарын айтсын (Ғ.Қанапияұлы). Ит көзі түтін танымас болу – әрең-әрең 
күнелту, күні қараң болу (ҚХР). Құба төбел дастархан – ас-тағамы аз, орта 
дастарған ҚХР);

 жағымды іс-әрекет мәнді фразеологизмдер. Басын оңға қарату – қолын 
жеткізу, тілегін орындау (Нұрлытаңның басын оңға қаратамын деп, өкпеңді 


107 
аузыңа тістесең де, мына елің не деп жатыр (Т.Ырыскелді). Биікте тұрып
алысты көру – болашақты болжай білу, келешекті көре білу (МХР). Біреудің 
қыл бүлдіргесін алмау – біреудің ине сабақ жібін алмау, елге қылдай залалды іс 
істемеу (ҚХР). Бір тамса да, бикеме тамсын – жақсылық болса, жақыныма 
болсын (ҚХР). Жоғарғыны елге, төменгіні селге жіберу – өткен кекті ұмыту, 
кешірім жасау (ҚХР). Жұмсақ қолдылық істеу – көңілге қараушылық (ҚХР). 
Жұмысты апат қылу – жұмысты бітіру, аяқтау (Біз ол жұмысты апат қылдық 
(Шығ., Қаз.). Қарлығаш достық – болмашы жәрдем, жақсылық (Менікі бір 
қарлығаш достық қой (Түрікм., Көнеүр.); 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет