94
және соғды тілінде де сөздің осы мағынада қолданылады. Осы күнгі түркі
тілдерінің біразында, атап айтқанда, түрікмен тілінде kьjze түрінде кездеседі
[92,76-б.]. Аталған сөз қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде бар. Ғ.Қалиев бұл
тәрізді дублет сөздерді синонимдік қатынасқа түскен жұрнақтар қызметінің
нәтижесі санайды [99, 80-81-б.]. Ол жұрнақтардың қазіргі күні өрісі тар,
өнімсіз. Боровковта – көзә – құмыра (ЛСТ, 182); көргә – үлкен
қыш құмыра
немесе күргә – құмыра; көзәй (аргуша) – құмыра (Қашқари, 1, 341) да,
Л.Будаговта күзә – құмыра дегенді (Будагов, ІІ, 155) білдіреді. А.Боровков та,
Л.Будагов та оның парсы негізді екенін, араб тілінде де осы мағына барын
айтқан. И.Н.Шервашидзе бұл сөздерге қатысты иран, соғды деректерін береді.
Ә.Нұрмағамбетов ол сөздің қазақ сөйленістерінде қалыптасуын көр-га > косгә >
көс (г)ә > көсә > көзә > күзә > күзе түріндегі өзгеру жолы арқылы көрсетеді
[Нұрмағамбетов, 66-67, 1985] және қазақ тіліндегі «қор, қоз, көс» түбірлерінің
мағынасы «жану, күйдіру ұғымды сөздердің түбірі екенін көсеу сөзінің
этимологиясына байланысты келтіреді. Қазақ сөйленістерінде күзе формасынан
гөрі бірінші буында "ө" арқылы
айтылуы жиірек кездеседі, сондықтан өзгеріс
күзе > көзе > көзенек > көзгелдек түрлеріне ұласқан деуге болады. Ежелгі түркі
халықтарымен бірге қазақ этносының арғы тектері де ыдыстың түрлері мен
оларды жасау технологиясын, қолөнерін оның мәдениетін есте жоқ ескі
замандардың өзінде-ақ меңгергені байқалады [109, 50-51-бб.]
Қазақ тілінде, оның сөйленістерінде сақталған «күп» сөзінің ыдыс
мағынасы С.Маловта (Малов, ПДП, 397), М.Қашқариде (Қашқари, 3, 264),
Л.Будаговта (Будагов, ІІ, 141) тіркелген. Ә.Нұрмағамбетов жалпыхалықтық
тілдің күбі сөзін де осы негізден шығарады, бұл сұйық (айран т.б.) сақтайтын,
май
шайқайтын ыдыс, қазақтың ежелгі тұрмысында кең таралған, тұрмыстық
зат, құрал, мағынаның күптен шығатынын күп болу тіркесімен байланыстырып,
сыртқы ұқсастыққа негіздейді [103, 69].
Қазақ сөйленістерінде жам – «табақ, ыдыс және кір жуатын ыдыс»
мағыналарында
қолданылады,
негізінен
оңтүстік
сөйленісіне
тән.
Ә.Нұрмағамбетовтың
зерттеулерінде
сөздің
ыдыс
мағынасы
қазақ
сөйленістеріне парсы тілінен, парсыларға арабтардан ауысқан, бұл тілде джам –
аяқ, тостаған, бокал ұғымдарын атайды деп түсіндіріледі. «Жам сөзінің төркіні
араб, парсы тілі деп кесіп айта аламыз» дейді. Ә.Нұрмағамбетов диуал/дуал
сөзін в~у, р~л дыбыстық сәйкестік нәтижесінде: дивар > диуал > дуал қалпына
жеткен деп есептейді, Қызылорда облысында үйдің қабырғасы мағынасында
қолданылады. Өзбекстан қазақтарында пәрдуал сөзі қабырғаның үстіне
қойылған белағаштардың арасын толтыру үшін қойылатын кірпіш мағынасын
білдіреді, Т.Айдаров оны өзбек (пардевар), тәжік (пардевор) тілдерінің әсеріне
жатқызады, тәжікше "қабырғаның жоғарғы жағы (Тад.-рус.сл., 299), ал
Маңғыстау сөйленісінде шалдуар –
бұзылған, тозған үйлердің, лайдан
тұрғызылған қоралардың қабырғалары (ҚТДС, 379). Ә.Нұрмағамбетов аталған
сөйленіс иелерінің иран тілдеріне қатысты сөздерді сол өздері аралас отырған
түрікмен, өзбек тілдері арқылы қабылдағанын айтады. Ғалымның пікірінше, ол
сөздер жергілікті халық тіліне бұрын еніп қалыптасқан [77,97-б.] және басқа
95
сөйленістерге қарағанда мол кездеседі. Мұндай сөздердің қатарынан бәс –
жетті, жеткілікті, қырда –
ұсақ ақша, пәрман – бұйрық, кәр – жұмыс, кәсіп,
кәріз – жер астынан қазылған жалғамалы құдық, дайы – нағашы, қаста ауру,
науқас, едыра – кеңсе, зембер – носилка, шұғындыр – қант, қызылшасы, күп –
су сақтайтын орын, бел – күрек, шүйше – бөтелке т.б. атауға болады және бұл
сөздер халық өмірінің әр саласын қамтиды.
Араб-парсы сөздері қазақ тілінде негізінен ғылым, мәдениет, үй тұрмысы,
шаруашылық, сауда, дін сияқты үлкен үш салада кездеседі [48,142-143; 114, 30-
42-б.]. Бұл сөздердің таралу шегі қазақ сөйленістерінде біркелкі емес. Мысалы,
азанда – таңертең мағынасын білдіріп, оңтүстік сөйленісін қамтыса,
бадыраң/бәдірең (қияр) осы сөйленістің біраз бөлігіне таралған, мұштау, пісте,
кәлла, әмиян сөздерінің де қолданылу өрісі шектеулі.
Қолданылу саласына қарай араб және иран тілдерінен енген сөздердің
ғылым, білім, дінге байланысты аталымдары
жалпыхалықтық сипатқа ие
болған да, жергілікті халық тілінде сақталып қалғандары мал, үй-жай, адам,
оның қасиеті белгісі тәрізді күнделікті тұрмыс-тіршілік айналасын қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: