М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет64/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89
Бисенбаева

Ғылыми парадигма – зерттеуші үшін мәселенің шешілу моделін 
құрайтын ғылыми түсініктер мен теориялық ұстанымдардың және зерттеу 
саласындағы жетістіктердің жиынтығы. Белгілі бір парадигманы таңдау 
зерттеушіге өз нысаны бойынша зерттеулерін белгілі салаға қатысты ұғымдар 
шеңберінде жүргізуге мүмкіндік береді [143,17-б.]. Бұл ғылыми парадигманың 
артықшылығы саналады, артықшылық болатын себебі – «тіл арқылы 
танылатын этнос болмысы» күрделі ұғым, оны осы ғылыми парадигма 
арнасында зерделегенде, анық ашып түсінуге болады.
Ф.Соссюр айтқандай, парадигма – шектелмеген құбылыс. Қоғамдағы 
өзгерістер, оның тілге, мәдениетке әсері психологизм бағыты мектептері 
заманындағы ғылыми парадигманың шеңберін кеңейткені анық. Осыған орай, 
ғылыми 
парадигманың
этнолингвистика, 
когнитивтік 
лингвистика, 
этнопсихология, лингвомәдениеттану, аксиологиялық лингвистка, әлеуметтік 
лингвистика, 
лингвосемиотика, 
прагмалингвистика, 
эколингвистика, 
қатысымдық лингвистика, ғарыштық лингвистика, компьютерлік лингвистика, 
медиалингвистика т.б. қалыптасып жатқан антропоөзекті парадигма салалары 
қатарын құрайды. 


120 
Тіл мен таным нәтижесінде пайда болатын заттық және рухани мәдениет 
деректері күрделі құбылыс, өйткені олар – этностың ақыл-ойы мен 
дүниетанымының жемісі, «этнос болмысының» бейнесі, сондықтан оны 
зерттейтін ғылым салаларының өзіндік зерттеу нысаны бар, жекелей алғанда 
да, синкретті де, ал «этнос болмысын» оның «тіл айнасында» зерделегенде, 
бірімен-бірі тығыз байланысты кешенді құрылым болып табылады. Зерттеу 
тақырыбы мен мақсат-міндеттеріне орай, осы кешенді құрылым жобасын 
төмендегі сызбадан байқауға болады: 
Ә.Т.Қайдардың пайымдауынша, этнолингвистиканың зерттеу нысаны – 
этностың тілі, мақсаты – тіл арқылы этносты тану, алайда ғылым-білім 
саласында тілге тікелей қатысты, оны әр қырынан зерттеуші пәндер баршылық. 
Сол себепті Ә.Т.Қайдар оларды: қоғамдық әлеуметтік пәндер (мәдениеттану, 
этнография, өлкетану, фольклор, мифология, астрология, дінтану, педагогика, 
дидактика т.б.); лингвистикалық пәндер деп екі үлкен топқа бөледі. 
Этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, аксиологиялық 
лингвистка осы екінші топқа жатады [1,12-б.]. «Бір нысанның төңірегіне 
шоғырланған соншама» пәннің өзінше меншікті үлесі мен бірлесіп шешетін 
мәселесі болатыны белгілі. 
Көпке дейін европалық тіл ғылымында жаңа бағыт саналып келген 
лингвомәдениеттану ХХІ ғасырдың басында өз алдына ғылым саласы болып 
қалыптаса бастап, пән ретінде білім беру кеңістігінен орын алып келеді. 
Дегенмен лингвомәдениетанудың өзге лингвокогнитивті зерттеу салалары 
қатарында өз нысаны мен зерттеу көлемін әлі толық айқындап бола қоймағаны 
байқалатыны 

142,6-б.

жайында айтылып жүргені белгілі. Мұны мәдениет 
ұғымының ауқымдылығына, мәдениеттің формалары мен қызмет аясының 
кеңдігіне қарай түсіндіруге болады.


121 
Мәдениеттің қай түрінің бастауын адамзат тарихының терең қабаттарынан 
алатыны да анық. Осы ұзақ жолда адамның ақыл-ойының дамуымен қатар 
мәдениет те жетіледі. Мәдениеттің ұлттық сипаты анықталып, белгілі ұлттық 
мәдениет қалыптасады. Ол әр әлеуметтік топтың өмір сүру, тіршілік ету 
ортасына негізделген өмір сүру тәсілімен үйлеседі. Белгілі этностың өмір сүру, 
тіршілік ету тәсілі оның мәдениетін қалыптастырумен қатар, екшеп бағалап, әр 
нәрсенің қадір-қасиетін сезініп түсінуге үйретеді. Бұл айтылғандар 
лингвомәдениеттанудың – зерттеу нысаны қатарына құндылық мәнді таным 
жемісі, тілдік тұлғалар арқылы туындаған субъективті бейнелер мен 
құндылықтар әлемі де енеді дегенді білдіреді. Н.Ф.Алефриенконың 
пайымдауынша, лингвомәдениеттің тілдің құндылық мәнді кеңістігі түрінде 
көрінісі – лингвомәдениеттанудың методологиялық доминанты болып 
табылады. Мәдениеттің қай түрі болмасын оның құндылық әлемі, бағалау, мән-
мазмұн категорияларынсыз лингвомәдениеттану мәселелерін қарастыру 
мүмкін емес деп есептейді 

139,6-7-бб.

. Этностың құндылықтар әлемін оның 
тіл кеңістігінде, «тіл айнасында» зерттеп түсіну қажеттілігі аксиологиялық 
лингвистиканың қалыптасуына түрткі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет