М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет67/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89
Бисенбаева

этномәдениет осы заттық та, рухани да айғақтардың қоймасы екені даусыз. 
Этномәдениет ұлт болмысын өрнектесе, оны таныту – «құралы тіл», 
этномәдени бірліктер болып табылады. 
 
3.3 Рухани мәдениет атауларындағы аймақтық сипат көрінісі 
Жазушы-этнограф Сәбит Мұқанов: «адамзаттың әлеуметтік тұрмысы 
материалдық және рухани делініп, екі жүйеге бөлінеді» деп, қазақ халқының 
дәстүрлі мәдениетінің бастауын дүниетаным мен тіл арқылы өрбітеді. «Тән 
(дене) азығы – тіршілікке қажет бұйымдар, яғни екінші сөзбен айтқанда, 
материалдық мәдениет. Ал жан азығы дегеніміз – көркемөнер. Бұл табиғаттың 
бойындағы әсемдікті, күш-қуатты адамның қажетіне сәйкестендіріп, қол иә тіл 
өнері арқылы көріктендіріп жіберу» деп есептейді. Материалдық мәдениетке: 
тұрақ жайы, ыдыстары, азығы, киім-кешегі, көлік тұрманы жатқызылса, «жан 


126 
азығы», яғни рухани мәдениетке: фольклор, халықтық ән-би т.б. өнер, 
халықтық білім жүйесі, дін, салт-дәстүр, әдет-ғұрып жатқызылады [149:3;126-
б.]. Ж.Манкеева көне тілдік деректердің халықтың ұзақ этномәдени даму 
жолын, материалдық және рухани құндылықтарын, оның түп-тамырын 
неғұрлым терең танудың құралы, маңызды таным тетігі ретінде зерттеудің көзі 
деп есептейді, өйткені материалдық мәдениет атаулары да рухани мәдениетпен 
қатар тіршілік мұқтаждықтарын өтейді. Материалдық мәдениет пен рухани 
мәдениет – бір-бірімен өзектес, бүтіннің екі жағы. Заттық мәдениеттің дүниеге 
келуінің негізгі шарты – еңбек. «Бұл өз кезегінде сол қоғамның этикалық, 
әлеуметтік, эстетикалық, символдық тәжірибесін көрсететін заттық атаулардың 
рухани өмірмен байланысын «материалдық мәдениет өнімдері рухани 
қажеттіліктерден туындайды» деген пікірді нақтылай түседі». Материалдық 
мәдениеттің ішкі мәні оны тұтынушы қоғам өкілдерінің санасында, рухани 
дүниесінде. Материалдық мәдениеттің мәні дегеніміз – адам әрекетінің 
нәтижесін заттандыру [40,17-18-бб.].
Материалдық мәдениет пен рухани мәдениет арасында терең бірлік барын 
мәдениеттанушы ғалымдар да қуаттайды, олардың екеуі де адам әрекетінің 
нәтижесі санап, «мәдениеттің бастауында оның рухани негізі – адамның 
материалдық формаға айналдыратын идеясы, жобалары, ойлары» тұр деп 
есептейді [22,9-б.]. Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениетке деп бөлудің 
«шартты» саналуы, көп жағдайда, екі форманың байланысында екен, шынайы 
өмірде олар тығыз байланысты. Бірін-бірі толықтырып, үйлесіп тұрады, 
сондықтан олардың әрқайсысын синкретті деуге болады, сонымен қатар 
бірыңғай материалдық мәдениетке, не рухани мәдениетке жатқызуға 
болмайтын мәдениет түрлері бары белгілі. 
Материалдық мәдениеттің де рухани мәдениеттің негізінде танымдық 
ақпарат жатқаны даусыз. Ол ақпарат дәстүрлі дүниетаным бастауы – 
мифтерден туындайды. Т.Ғабитовтың пайымдауынша, мәдениет пен өркениет 
ұғымдары көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. «Өркениет негізін 
мәдениет құрайды, яғни өркениет мәдениеттің сыртқы формасы, қабығы» 
санайды. Өркениеттің негізгі қызметінің бірі – қарым-қатынас. Өркениеттер 
келесі бір өркениетпен әрдайым түрлі деңгейлерде қарым-қатынасқа түседі. 
«Әртүрлі өркениеттердің қарым-қатынасы кезіндегі ең керемет әрі ең қызықты 
сәт – жаңаға жолсерік болған жатық механизмдердің өзара ықпалдастығы мен 
ортадағы делдалдық қызметі. Біздің ойымызша, осындай сәттерден кейін нағыз 
шындыққа айналу мүмкіндігі бар тамаша мифтер, қиял-ғажайып ертегілер 
туындайды. Ұшатын кілем, мың шақырымнан дауыс еститін – «саққұлақ», бір 
көлдің суын тауысатын – «көлсоғар», желден жүйрік – «желаяқ», су бетіне 
қарап ақпарат беретін – «мыстан кемпір» т.б. мысал бола алады [22,14-б.]. 
Мәдениеттанушылардың зерттеулеріне қарағанда, «қазіргі кезде өркениетті 
елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: адам 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет