М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Екінші тарау бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет60/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89
Бисенбаева

Екінші тарау бойынша тұжырым 
Аймақтық лексика – ұлттық тіл байлығының мол да жүйелі бөлігі, 
сондықтан аймақтық мәдениеттің жалпы қазақ қауымы үшін жаттығы, 
өзгешелігі болмайды. Аймақтық лексиканы қалыптастырушы тіл иесі – біреу, 
аймақтық сөз қатысым қажеттілігі үшін пайда болған. Тілдік қатынасты жүзеге 
асырушы тетік ретінде сөйлеу актісінде адресант пен адресат арасындағы тілдік 
жағдаятқа сай қызмет атқарады. 
Ал аймақтық лексикадағы этномәдени бірліктер осы үлкен арнаға құяр 
бұлақ , аймақтық сөз – қазақтың дәстүрлі


109 
мәдениетінің аймақтық көріністерін бойына жинақтаған, оны айрықша 
мәнер бояумен таныта алатын этномәдени мазмұнды бірлік. Аймақтық лексика 
– ұлттық тіл байлығының мол да жүйелі бөлігі, сондықтан аймақтық 
мәдениеттің жалпы қазақ қауымы үшін жаттығы, өзгешелігі болмайды. 
Аймақтық лексиканы қалыптастырушы тіл иесі – біреу, аймақтық сөз қатысым 
қажеттілігі үшін пайда болған. Тілдік қатынасты жүзеге асырушы тетік ретінде 
сөйлеу актісінде адресант пен адресат арасындағы тілдік жағдаятқа сай қызмет 
атқарады. 
Аймақтық лексикадағы этномәдени бірлік-атауыш белгілі мәдени 
концептінің құрамына енеді, оны жаңа мән-мазмұнмен толықтырады. Бір-
бірінен алшақ өмір сүретін сөйленіс иелері арасында осы әртүрлі мәнге ие 
болуы заттық-бейненің мәнді белгілерінің халық санасында сезімдік таным 
деңгейіне көтерілу дәрежесіне байланысты. 
Аймақтық лексиканың да үлкен қабатын туынды сөздер, синтетикалық 
тәсіл, арқылы жасалған туынды сөздер құрайды. Сөйленістерге сөзжасам 
жүйесі ортақ болғанымен, әр тәсіл арқылы жасалған сөздердің мағынасында 
ерекшелік бар. Ол туынды сөзді жасайтын жұрнақ та, негіз де әдеби тілге тән 
бола тұра, сөйленістік мағына жасай алатыны, күрделі сөз сыңарларының тек 
әдеби варианттардан құралып, сөйленістік мағына білдіре алатынынан немесе 
сыңарларының біреуі сөйленістік, біреуі әдеби сөз болып келуінен сөйленістік 
мағына 
жасалатынынан 
аңғарылады. 
Мұндай 
жағдайлар 
аймақтық 
сөзжасамның өзіне тән күрделі табиғатынан хабар береді. 
Аймақтық лексиканың қалың қабатын бейнелі атаулар – фразеологизмдер 
құрайды. Халық ойының тереңдігі, ұлттық санасының дамығандығы, табиғат 
сырын қаншалықты меңгеріп бағалағандығынан көрінеді, ол ұлттық мәдениет 
мазмұны, ерекшелігі ретінде ұғынылады. Фразеологиялық бірліктердің 
құралуының басты себебі ұлттық мәдени мазмұнды таныту деп түсінуге 
болады.
Фразеологизмдер – тіл иесі халықтың жалпы әлем жайлы ұғым-
түсініктерінің, өзін қоршаған орта, шындық болмысты қабылдауының, оны 
мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктерін танытатын әр тілде өзгеше өрілетін 
ғаламның тілдік бейнесін жасауға қатысатын әдемі де әсерлі сөз маржандары
тілдік метафоралық құрылымдар. Бұл белгілерді әр этнос өмірді танып білуіне 
қарай 
өзі 
жасайды. 
Ғасырлар 
бойы 
қалыптастырады, 
сондықтан 
фразеологизмдерде әр халықтың ежелгі мәдени құндықтарының пайда болу 
жолы мен заңдылықтарымен сәйкесетін уақыттың, заманның табы сақталған. 
Ол халықтардың экономикалық, географиялық жағдайына негізделген өмір 
сүру салтынан туады. 
Сөйленістер жүйесіндегі фразеологизмдер жалпы тұрақты тіркеске тән 
белгілерді 
толық 
сақтаған 
құрылымдар. 
Бейнелілік 
жағынан 
еш 
айырмашылығы жоқ, өйткені тіл иесі – біреу, соған қарамастан, олардың 
күрделі туындылардан бөлек алыну себебі де осы айрықша бейнелілік 
қасиетінде деуге болады. Сөйленістік фразеологизмдердің азды-көпті 
айырмашылығы тек оларды құрайтын компоненттердің шығу негізінде, 


110 
құрылымында. Сөйленістік фразеологизмдер жалпыхалыққа белгілі сөздер мен 
жергілікті ерекшеліктердің арақатынасынан құралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет