М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


 ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӘЛЕМІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКАДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет61/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89
Бисенбаева

 
3 ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӘЛЕМІНІҢ АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКАДАҒЫ 
КӨРІНІСІ 
 
3.1 Этномәдени лексика – «этнос болмысының» айнасы
Тіл – адам баласының үздіксіз дамып отыратын ой-санасының көрсеткіші, 
оны қалыптастырып жарыққа шығарушы, сондықтан тілдің бір қалыпта тұрып 
қалмайтыны, даму, өзгеріс үстінде болатыны табиғи қасиеті саналады. 
Динамизм – тілдің барлық жағдайдағы күйіне тән қасиет, осыған орай, өзгеру, 
даму тіл атаулының табиғатына сай өзіндік белгісі болып табылады. Әрине, 
бұдан тілдің «синхрондық жағдайдағы қозғалысымен, өзгерісімен диахрондық 
эволюция жағдайындағысы бірдей деген қорытынды шықпайды. Шартты түрде 
мұның алғашқысы – қозғалыс, соңғысын өзгеріс деп атауға болады» [5,105-б.].
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыт осы қозғалыс пен өзгеріс нәтижесін тең, 
қатар ұстайды, тілдің қалыптасып, ұлттың байлығына, құндылығына айналған 
дүниелерін тіл иесінің өз игілігіне жаратады, яғни оны нақты қарым-
қатынастағы күйі, қызметі, қолданысы т.б. тұрғыдан жан-жақты зерделейді. 
А.Е.Карлинский тілді зерттеудегі аталған бағыт жайындағы пайымдауларында: 
«Антропоцентрическая парадигма в языкознании, нашедшая свою реализацию 
в разделах внешней (функциональной) лингвистики, рассматривает язык как 
факт общественного сознания данного этноса, которое по-своему членит, 
отражает в языке окружающий мир и определяет ментальность базового 
носителя этого языка» [127,67-б.],- дейді. А.Е.Карлинскийдің көзқарасынша, 
тілдің қоғамдық қызметін оның түп қазығы болып табылатын адамның сөйлеу 
әрекетінсіз түсіну мүмкін емес. Сөйлеу – жеке адамның тілі емес, қоғамдық 
сана, ұлттық дүниетаным көрінісі, сондықтан «жаңа» тәсіл тілдің 
субстанционалды табиғатын зерттеуден оның қоғамдағы қызметін, орнын 
зерттеуге көңіл аудара бастады. Сөйлеудің (сөйлесімнің) орталық фигурасы – 
адам. Адам – әлемнің тілдік бейнесін жасаушы, әр кезеңдегі тілдегі 
өзгерістердің көзі. Өмірдегі жаңаның бәрі тілге жеке индивид арқылы келіп, 
қоғамдық сананың қабылдауынан өтеді.
Тілді зерттеуде алдыңғы қатарға тілдік қауым мен тілдік тұлға мәселесін 
шығарған антропоцентристік парадигма қазіргі тіл ғылымына осылай келді. 
Антропоцентристік көзқарастар ХІХ ғасыр тіл ғылымының көрнекті өкілдері: 
В.Гумбольдт, Г.Штейнталь, К.Фослер, т.б еңбектері арқылы белгілі бола 
бастаған [127,66-67-бб.], дегенмен Ф.Соссюрдің «тілді өз ішінде өзі үшін 
зерттеу» [6] дейтін идеясы лингвистика әлемінде структурализм бағытының 
нығайып, антропоцентристік көзқарастардың бәсеңдеуіне бағыттады деп 
есептеледі.
ХХ ғасырдың басында осы кезге дейінгі ғылыми ойлар толымды 
тұжырымдалып, тұтас идеяға айналды: оның бірі – тілдің құрылымын, ішкі 
жүйесін, яғни субстанционалды қасиетін зерттеу; екіншісі – оны тіл иесінің 


111 
өмір сүріп отырған ортасымен байланыстыра зерттеу, тілдік туындыларды тіл 
иесінің ақыл, ой-санасының жемісі деп қарау идеясы еді. Осы екі идея тіл 
ғылымындағы жетекші бағыт – структурализмнің іргесін берік қалады, 
антропоцентризмнің негізін салды. Тіл ғылымы осы ежелгі мәселеге ХХ 
ғасырда қайта оралды [127,66-67-бб.].
Антропоцентризм – тілді адамның саналы әрекетінің көрінісі, таным 
нәтижесін қалыптастырушы құрал ретінде қарастырады, адамның қоғамдық 
қызметінің, өмір сүру ортасының барлық саласымен байланысты, тұтас жан-
жақты зерттейді. Адамды тілінен тыс сипаттау, тілінен тыс түсіну мүмкін емес. 
Тілдің мәні мен ерекшеліктерін Адам және оның әлемге қатысы арқылы толық 
сипаттауға болады. Адам – тілімен адам. Антропоөзектік зерттеулерде Адам – 
сөйлеуші, тілді жаратушы, өзіндік әлемі, дүниетанымы бар саналы жан ретінде 
анықталады [128,7-б.]. Философтардың айтуынша: «Дүниедегі ең ғажап, 
керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат 
игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер, зәулім құрылыстар, 
түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осының 
бәрі сол сананың құдіреті. Обьективті дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек 
адамға ғана тән» [2,133-б.]. 
Тіл ғылымы тарихында тілді зерттеудің бағытын жаңа арнаға бұрып, 
адамзат тіліне қатысты көптеген мәселелердің сырын ашқан В.фон Гумбольдт 
еді. В.Гумбольдтың тіл философиясында, алдымен: адам – өзін қоршаған 
әлемнің бөлшегі, осыған орай, адам өзінің мінез-құлық ерекшелігін айқындап, 
адамшылық болмысын ізгілендіру үшін өзінің адами табиғатына терең үңіліп, 
жете зерттеуі қажет, «...физическая и моральная природа человека составляют 
одно великое целое и подчиняются одним и тем же законам» [129,144-б.]. Өз 
ойы мен іс-әрекетінің бірізділігі сақталуын қажетсінетін Адам өз әрекетін 
құрайтын заттарды анықтау мен оның құралдарын таңдауда олардың ауқымы, 
өлшем мөлшері, қасиеті жайындағы үстірт келетін шартты түсінікті қанағат 
тұта алмайды, өйткені ол заттар – әуел бастан-ақ, өзге заттарға қатысты 
алғанда, құндылыққа ие. Ал Адам өзінің ішкі табиғатына сай, тікелей жақын 
туыстық байланыста болатын біртұтас және абсолютті түпкі мақсатты көздеуі 
қажет. Алайда Адам мұны тек өзінен ғана таба алады, бүкіл заттың ішкі қасиеті 
тек оның өзіне қатысты. Адамға тән ұлылықтың бәрінің таңбасы болады, ол 
таңба – нағыз ұлы адамшылық таңбасы; осы таңбаны тауып, оның қасиетін 
танып үйрену зерттеушінің басты мақсаты санайды. В.Гумбольдт, шынымен, 
бұған жетудің екі жолын көрсетеді: тәжірибе жолы және ақыл-парасат жолы. 
Нағыз адам – аса зор қуат және шексіз кең ауқымда адамшылық идеясын 
бойына сіңірген, адамшылық шыңына көтерілген және өзгені бағалай білу 
қабілетіне жеткен Адам В.Гумбольдтың пайымдауынша, адамшылық идеясы – 
адам бойындағы рухтың жасампаз күші. В.Гумбольдт қолданысындағы 
метафораланған «рух» (дух) термині тіл ғылымына адамшылық идеясы, адам 
бойындағы жасампаз күш мағынасын білдіретін термин ретінде енген 

129, 337-
343-бб.




112 
В.Гумбольдтың бастапқыда эстетикалық еңбектерінде сөз болған «халық 
та жеке адам – индивид тәрізді «организм» делінетін ойлары кейіннен тарих 
философиясында жалғастығын тауып, көне және жаңа тілдерді салыстыра 
зерттеуге арналған еңбегінде тіл тек халықты түсіну құралы ғана емес, өзге 
мәдениетті таныту құралы деп түйінделеді. «Язык – это не просто, как принято 
говорить, отпечаток идей народа, так как множество его знаков не позволяет 
обнаружить никаких существующих отдельно от него идей; язык – это 
объединенная духовная энергия народа, чудесным образом запечатленная в 
определенных звуках, в этом облике и через взаимосвязь своих звуков понятная 
всем говорящим и возбуждающая в них одинаковую энергию», сол себепті де 
адам өз тілінің шеңберіне сыймайды, адам «энергиясы» оның сөз арқылы 
жеткізілетін мазмұннан асып кетеді; «но ему приходится заключить в слова 
свой неуловимый дух, чтобы скрепить его чем-то, и использовать слова как 
опору для достижения того, что выходит за их рамки»

129,348-349-бб.


В.Гумбольдтың пайымдауынша, тілді туғызған да осы адамның ішкі әлемінің 
қажетін қанағаттандыру болатын, тіл тек қоғамдағы адамдар арасындағы 
байланысты сақтап тұратын қатынас құралы ғана емес, тіл рухы – адамның өз 
табиғатына тән, тіл адам рухы күшінің дамуы мен дүниетанымын 
қалыптастыру үшін өте қажет, ал адам бұған өз ойын қоғамдық санамен 
байланыстыра алғанда жетеді 

14,50-53-бб.

.
В.Гумбольдт өз дәуіріндегі ойшылдардың алғашқысы болып, тілдің ішкі 
құрылымын, оның тіл иесінің рухани өмірімен, ой-санасы және мәдениетімен
тарихымен байланысты дәрежесін анықтап, жан-жақты талдау жасады. 
В.Гумбольдтың пайымдауынша, тіл – үздіксіз даму үстіндегі құбылыс, даму – 
тілдің өмір сүру формасы. Тіл сөйлеу арқылы өмір сүреді, дамиды. Тіл – ойлау 
әрекетінің шығармашылық синтезі, ойлау әрекетінің құралы. Тіл – әрекет. Әр 
ұлттың өзіне тән іштей дамитын рухы бар, оны сыртқа шығарып, ұлттық 
ерекшелікті танытушы, оны жеткізуші күш – тіл, тіл – рухтың жемісі. Әртүрлі 
тілдер бір заттың әртүрлі көрінісі емес, оны сөйлеушінің өз көзқарасы 
тұрғысынан көруі, егер зат ұлттың ішкі әлеміне тән болмай, жалпыға ортақ 
болса, әр сөйлеуші оның бейнесін өзінше жасайды. В.Гумбольдтың «тіл – адам 
мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын, тілге «халықтық рух» пен 
мәдениеттің белгісі – ішкі форма тән» деген қағидасы оның философиялық- 
лингвистикалық бағдарламасының негізін құрайды [14].
В.Гумбольдт тіл мен ойлаудың «халық рухымен» байланыстылығы жайлы 
тұжырымында И.Гердер идеяларына сүйенеді, оны дамытушы болып 
табылады. И.Гердер дүниені танудың құралы – тіл, оның ішкі мазмұны деген 
түйін жасаған. Тіл арқылы игерілген білім ғана философиялық абстракция 
жасауға мүмкіндік береді деп түсінген. И.Г.Гердер философиясы ұстанымының 
өзегі – халықтың өмір сүруіндегі тарихи кезеңдерінің ерекшелігін, олардың 
дүниетаным әрекеті арқылы жасаған құндылықтарын мойындау болып 
табылады. И.Гердердің ойынша, жеке ұлт – адамзаттың өзіндік ерекшелікке ие 
бір бөлігі, ал ұлттық мәдениет – адамзат мәдениетінің сол өзіндік 
ерекшеліктерін танытатын формасы 

130, 123-б.




113 
В.Гумбольдтың «тіл – халықтың рухы» идеясын қолдап дамытушылардың 
бірі әлеуметтік психологизм бағытының өкілі Г.Штейнталь болатын. 
Г.Штейнталь тілді индивудумның әрекеті және халықтық психологияның 
көрінісі, ал халықтық психология – халық рухы жөніндегі ілім деп түсінді. 
Тілдің индивидуальділігі халық рухының бірлігі мен ерекшелігінде деп 
есептеді. Г.Штейнталь индивидтің тілі мен ойлауының пайда болуын, дамып 
қалыптасу жолын түсіндіргісі келді. Бұл түсінік бойынша, адам қоғамындағы 
тілдің пайда болуы мен дамуының заңдары бірегей [131,127-135-бб.]. 
Психологизм бағытының енді бір өкілі – В.Вундт, индивидуальді психологизм 
идеяларын теріске шығара отырып, халықтық психология нысаны жалпы 
рухани даму нәтижесі болу керек деп есептейді. Бұл қатарға В.Вундт: тіл, миф, 
салт-дәстүр т.б. жатқызады. В.Гумбольдтан бастау алатын Г.Штейнтальдің «тіл 
– халық рухының бірден-бір көрінісі» дейтін пікірін қолдамайды, керісінше 
тілдің әлеуметтік табиғатын ерекшелеп, «тілді адам қоғамының даму үдерісінде 
пайда болған ұжымдық рухани әрекеттің маңызды жемісі» ретінде айқындайды 
[132,170-174-бб.]. 
Сөйтіп, психологизм, әлеуметтік психологизм бағытының өкілдері, 
негізінен, тілді «ой құралы, ұғым-түсінікті жеткізу амалы» ретінде түсіндіріп, 
біржақты ой тарқатқанымен, тілдің басты қызметі, қатынас қызметіне, мән 
берді. Тілдің сөйлеу арқылы өмір сүретінін, дамитынын дәлелдеді, сонымен 
қатар, тіл бірліктерінің сөйлеу әрекетіндегі қызметінің маңызын анықтады. 
«Лингвистикалық талдау орнына психологиялық талдауды қолданды. Соның 
нәтижесінде тіл білімін өзінің негізгі функциясынан айырды» деп 
есептелінгенімен, психологизм бағыты ХХ ғасырдың ортасынан бастап, 
психология мен лингвистиканың түйісуінен туған психолингвистика аталатын 
дербес саласы болып қалыптасты. Бұл сала антропоөзекті бағыттың «тілдік 
қатынас құралы, халықтың мәдениетін жеткізу құралы» ретінде зерттейтін өзге 
салаларына жол ашты. Лингвистикалық психологизмнің негізгі мектептері: 
этнолингвистика, тілдің әлеуметтік психологиясы, сөйлеу психологиясы, 
психолингвистика. Аталған салалар бағытының ерекшелігі өз зерттеулерінде 
белгілі дәрежеде осы психологиялық зерттеулерді негізге алып, нәтижелеріне 
сүйенгендігінде деуге болады. 
Осыдан бастап, халық тілін зерттеудің, халықтың рухын, табиғатын, 
болмысын танып білудің «кілті – тіл» деген түсінік лингвистикада маңызды 
бола бастайды. Оны зерттейтін таза тіл ғылымы екені анықталды, тек 
лингвистика ғана тілді индивидуальді және қоғамдық аспектіде зерттей алады 
деп есептелді. Бұл антропоөзекті бағыт парадигмасының кеңеюіне негіз болды. 
Тілдің мәдениетті таныту құралы екендігін көрсеткен идеялардың туындауы 
тілді тіл иесі – этностың мәдениетімен байланыстыра зерттеу қажеттілігін 
айқындап, осындай зерттеулерге бағыттады. 
Бұл – ХХ ғасырдың алғашқы жартысы еді. Лингвистика тарихында бұл 
бағыттың көрнекті өкілдері – Ф.Баос пен Э.Сепир саналады. М.М.Копыленко 
Б.Л.Уорфтың этнография мен социологияның шегіндегі лингвистиканың 
ерекше саласын қалыптастыру жайындағы үндеуінің жерде қалмағанын, 


114 
американдық ғалымдар тарапынан қолдау тапқанын айтады 

133,15-б.

. Аталған 
ғалымдардың тіл тек дыбыстар жүйесі емес, тіл халықтың наным-сенім, өнер 
т.б. белгілерін жеткізуші құрал деген идеяларына Б.Уорф әдет-ғұрып, әдеп 
нормалары сияқты гомогенді қатарларды қосады. Осындай пікірлерінің 
сәйкестігіне орай, Э.Сепир мен Б.Уорф теориялары ғылымда «Сепир-Уорф» 
болжамы атымен белгілі. Ал «этнолингвистика» терминінің ғылым әлеміне 
келуі Б.Уорф есімімен байланысты 

134,15-б.

. Э.Сепир мен Б.Уорф тіл 
ғылымы тарихында салыстырмалы тіл ғылымы теориясының негізін салушылар 
болды. Аталған теория бойынша, әр тілде сөйлейтін адамдардың әлемді көріп 
тануы да әртүрлі, сол себепті әр тілге тән өзіндік ойлау логикасы бар. Сөз – 
адамның ішкі әлемі мен сыртқы құбылыстар арасындағы белгі, сонымен қатар 
ерекше мазмұн 

135,81-б.


ХХ ғасырдың соңына таман бір арнаға тоғысып келе жатқан антропоөзекті 
бағыт салаларының алғашқысы – этнолингвистика болатын. О.С.Ахманова 
этнолингвистика ұғымына: «Этнолингвистика – тілдің өмір сүруі мен даму 
барысында оған тіл мен халықтың арақатынасы мен лингвистикалық, 
этникалық факторлардың әсерін зерттейтін макролингвистиканың саласы» 

СЛТ,с.529

,- 
деген 
анықтама 
берген. 
Ғылымның 
бұл 
саласының 
қарастыратыны – этнос және оның тілі. Ә.Т.Қайдардың пайымдауынша, 
этнолингвистикалық зерттеулерде қазақты «этнос» деп қараудың мақсаты қазақ 
тарихының ұзақ та, сатылы даму жолын ретроспективті бағытта саралай түсіну, 
қазақты тарихи этнотұлға ретінде тану болып табылады. «Этнос» – белгілі бір 
тарихи дәуірде жеке өлкеде қалыптасып, өзінің өзгешелігін тани білген, тілінің 
тұтастығын мойындаған, басқа да өзіндік қасиеттерін сезіне білген қауым. Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет