122
мәдениетті белгілі иерархиялық қатынастағы оның өкілдерінің басым көпшілігі
мойындаған құндылықтар жиынтығы деп есептейді. Құндылықтар адамзат
тарихында
адам баласы тағдырының, өмірдің ауыр сынақтарына төтеп беруге
рухани тірек, жәрдем болған деп есептеледі [145,137-б.]. Т.Ғабитов құндылық
әлемі – кең мағынада мәдениет әлемі болып табылатынын айтады. Құндылық –
адамның рухани әрекетінің аясы, «его нравственного сознания, его
приоритетов, т.е. оценок, которые выражают меру духовного богатства
личности» [144,278-б.]. Әр мәдениет өзіне тән құндылықтар жүйесінен тұрады.
Құндылық – адами мәдениет көрсеткіші, мәдениеттің адам болмысындағы
әртүрлі формаларына көзқарасын танытушы. Құндылық –
адамның өмірге,
еңбекке, шығармашылыққа, өткеннің өнегелі тұжырымдарына, отбасы, қоғам
мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа, адам өмірінің мән-мағынасына деген
бағалау мәнді қатынас-көзқарас деп пайымдауға болады. Құндылықты сезіну:
жақсылық, әсемдік, әділеттілік тәрізді құрылымнан тұратын адамның
материалдық және рухани қажеттілігін өтеу үдерісіндегі жағымды бағалауға ие
сәттері. Өйткені құндылықтар шынайы өмірді жүйелеп реттейді,
байыпты
бағалауға негіз болады, адамзаттың өмір-тіршілігіне мән-маңыз қосады. Белгілі
бір құндылық көрінісі әр мәдениетте өзінше түзілетіні, өзіндік мәнге ие
болатыны белгілі. Олардың бірі – өз мәдениетінде жоғары деңгейде көрінсе,
екіншісінде – бұл басқаша рең алады. «Поэтому культура – это выстроенность
ценностей, их своеобразное соподчинение» [145,138-б.],-деп тұжырымдалады.
Мәдениеттің «маңызды құрылымы» кең мағынада алғанда, «мәдениеттің
өзегі – тіпті, өзі» саналатын құндылықтар әлемі – қоғам, адам өміріндегі
маңызына байланысты философия, мәдениеттану, лингвомәдениеттану,
аксиология ғылымдарының да зерттеу нысаны болып табылады. Әрине, аталған
ғылым салалары мәселеге өз зерттеу нысаны мен зерттеу мақсаты тұрғысынан
келеді.
Философтардың
пайымдауынша, бұл ғылымдардың бастауы философия
екені даусыз, өйткені философия әрқашан да адам шығармашылығының ерекше
түрі болып қала береді. Философия адам қоғамы шығармашылығының т.б.
мәңгілік мәселелерін шешумен қатар, жалпы ғылыми даму векторларын оған
деген қызығушылық бағыттарын айқындап отырады [144,289-б.].
Мәдениеттануда мәдениеттің құрылымы әртүрлі анықталып жүргені
белгілі. В.И.Полищук «мәдениет» ұғымын қоғамның рухани өмірімен ғана
байланысты қарастыру адам қоғамы өмірінен оның материалдық өзегін алып
тастау деп есептейді, өйткені материалдық мәдениет – тіршілік негізі. Мәдениет
– руханилық пен материалдық әлемнің бірлігі мен үйлесімі. «..но за это
единство и за эту гармонию несёт ответственность всё же дух человека, в чём и
проявляется его рещающая роль в культуре» [146,23-б.]. Бұл пайымдау
мәдениеттің рухани бастауы оның материалдық негізін тұншықтырмайды да,
онсыз өмір сүрмейді де, тек адамның шығармашылық құдіреті мәдениеттің
рухани және материалдық формаларының бірлігі мен үйлесімінің шынайы
өлшемін айқындайды дегенді аңғартады. Мәдениет субъектісінің әрқайсысы –
өз материалдық мәдениетінің де, рухани мәдениетінің де жанды куәсі.
123
Антикалық дәуір философтары анықтаған мәдениет идеалына жүгінгенде,
«человек есть мера всех вещей» [146,23-б.] болып табылады.
Мәдениет дамуының қозғаушы күші – қажеттілік. Қоғам дамуының әр
кезеңінде халықтың ұлттық дәстүрлі, өзіндік мәдениетін көксеп, қажетсінуі
экономикалық даму қажеттілігінен де маңызды көрінуі мүмкін деп есептеледі.
Кеңестік кезеңдегі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың кей тұстарының көмескіленіп,
ұмытыла бастағаны, атап айтқанда, салт-дәстүр, оның қыз ұзату, үйлену тойына
т.б. қатысты ырым, салт т.б. Ал қазіргі кездегі ұлттық салт-дәстүрлерге ерекше
мән-мазмұн беріліп, көмескіленген
тұстарының жаңғыртылып, архисемасын
сақтаған формасының халық өмірінен орын алуы осы қажеттілік көрінісі деуге
болады. Қажеттілік – адамның жан дүниесінің өте маңызды, негізделген себепті
нәрсемен қамтамасыз етілуі, соны қанағаттандыру сезімі. Адам баласы үшін аса
маңызды саналып, оның ерекше қызығушылығын оятатын, осы қызығушылық
мәні арта түскендіктен, ынта-назары ауған белгілі нысан құндылық болып
табылады. В.И.Полищуктің ойынша, құндылықтар әлемі және оның өндірісі
мәдениет көрсеткіші болып табылады, оның қалыптасу жолын төмендегідей
тізбекте көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: