М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Процестер және ағындар түсінігі



бет12/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

1.5. Процестер және ағындар түсінігі
Процестерді басқару оларды құрудан және жоюдан; тоқтату- дан және жаңартудан; приоритетін өзгертуден; жағдайын ауыс- тырудан тұрады. Процестерді басқару кезінде ОЖ ақпараттық құрылымның екі негізгі типін қолданады: процестің дескрипто- ры және процестің контексі. Процестің дескрипторы (бұл Unix- те қолданылатын термин, бірақ жалпылай қолдануға ие болған. Windows-тағы ұқсас құрылым объект-процесс деп аталады) про- цестің бүкіл өмірлік циклінде оның жағдайына тәуелсіз ОЖ яд- росына қажет процесс туралы ақпаратты қамтиды. Дескриптор:
  • сызба – процестің идентификаторын;
  • процестің жағдайы туралы ақпаратты;
  • процестің басымдылық деңгейі туралы мәліметтерді;
  • кодтық сегменттің орналасуын;
  • ұқсас процестер туралы мәліметтерді;
  • процесс күтетін жағдайлар туралы мәліметтерді және т.б. қамтиды.

  • Жеке процестердің дескрипторлары ОЖ-ны жоспарлауды
    және процестерді синхрондауды жүзеге асыруы негізінде про- цестер кестесіне (кезегіне) біріктірілген. Кестеге арналған жад ОЖ ядросының аймағына динамикалық түрде апарылады. Про- цестің контексі процестің орындалуын үзілістен кейін жаңарту үшін қажет және сондықтан үзіліс алдында сақталатын ақпарат- ты қамтиды. Бұл:
  • компьютер аппаратурасының жағдайы;
  • командалар есептеуішінің мәні;
  • жалпы белгілеу регисторларының құрамы;
  • процессор жұмысының режимі;

  • 24
  • жалаулар;
  • үзіліс маскалары, т.б. Операциялық жүйе параметрлері:
  • ашық файлдарға сілтемелерден;
  • кіріс-шығыстың аяқталмаған операциялары туралы ақпа- раттан;
  • жүйелік шақырулар процесімен орындалатын қателердің

  • кодтары және т.б. тұрады.
    Контекстер дескриптор сияқты тек ядро программаларына ғана қолжетімді, бірақ ядро аумағында сақталмайды, процестің бейнесіне тікелей жалғасады (кодтың және мәліметтердің қо- сындысы), сонымен бірге ауыстырылуы (операциялық жадтан дискіге және керісінше) мүмкін. Программалық код оған про- цесс құрылған кезде орындала бастайды.
    Процесті құру:
  • процесті, яғни оның дескрипторы және контексін сипат- тайтын ақпараттық құрылымын жасауды;
  • дайын процестер кезегіне жаңа процестің дескрипторын

  • қосуды;
  • процестің кодтық сегментін жедел жадқа немесе свопинг аймағына жүктеуді білдіреді.

  • Көп ағымдық жүйелерде (процестерді параллельдеу мүм-
    кіндігімен) әрбір процесс үшін кем дегенде бір орындалу ағыны құрылу қажет. Сонымен бірге ОЖ ағынның сипаттауышын (дескриптор) генерациялайды. Орындауға процестің таңдалуы ОЖ-ға қабылданған қызмет көрсету тәртібіне сәйкес іске асы- рылады. Процесс келесі процестерді тудыра алады және соның нәтижесінде процестердің иерархиялық құрылымы ұйымдасты- рылады. Ішкі және түбірлі каталог арасындағы байланыс түрлі ОЖ-да әртүрлі құрылады. Мультипрограммалық жүйеде про- цесс үш негізгі күйдің біреуінде бола алады:
  • орындалу – процесс барлық қажетті ресурстарға ие болған кездегі және процессорда тікелей орындалатын белсенді күй;
  • күту – пассивті күй, процеске тосқауыл қойылған және ол

  • өзінің ішкі себептерінен орындала алмайды, оқиғаның іс- ке асырылуын күтеді, мысалы, кіріс-шығыс операциясы- ның аяқталуы, оған қажетті қандай да бір ресурстың бо- сауы;
    25



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет