Желілік ОЖ-ның мысалы: Novell NetWare, LANtastic,
Microsoft Windows (NT, XP, Vista, 7, 8), әртүрлі UNIX жүйеле- рін, Solaris, FreeBSD, әртүрлі GNU/Linux жүйелерін, IOS, ZyXEL компаниясының ZyNOS, MikroTik компаниясының RouterOS операциялық жүйелерін қарастыруға болады.
1.4. Ресурстарды тарату және мультипрограммалау
Ресурстарды басқару мәселелерін шешу кезіндегі ең басты қиындықтар ресурстарға бірден бірнеше қосымшалар бәсекеле- сетін мультипрограммалық ОЖ-да пайда болады. Мультипрог- раммалау (көптапсырмалық, multitasking) – бір процессорда ал- ма-кезек бір мезетте бірнеше программа орындалатын есептеу процесін ұйымдастыру тәсілі. Бұл программалар бір уақытта компьютердің басқа ресурстарын да пайдаланады. Мультипрог- раммалау таңдалған критерийлерге сәйкес есептеу жүйесін пай- даланудың тиімділігін арттыруға негізделген. Алайда қазіргі за- манғы есептеу жүйелеріне талаптардың көптігі сонша, крите- рийлердің кез келген жиыны ақпараттық технологиялар аясын- дағы өзгерістерге сәйкес өзгеріп отырады (жоғалып кетеді, қайта құрылады немесе мүлдем тарихқа кетіп қалады). Сондық- тан құрылған критерийлер жиынын олардың шынайы көрініп тұрған жағдайға кейіннен ауысуды талдаумен келтіреміз. Іске асырылған критерийлерге байланысты ОЖ әрқайсысында өзі- нің орындау ерекшелігі және қолдану аймағы бойынша бірнеше типтерге бөлінеді. Төменде есептеу жүйелері тиімділігінің ең маңызды критерийлері және сәйкес келетін ОЖ типтері көрсе- тілген (1-кесте).
1-кесте
Кейбір ОЖ бір уақытта бірнеше режимді қолдай алады: тап- сырманың жартысы пакетпен өңдеу режимінде, жартысы шы- найы уақыт немесе уақытты бөлу режимінде орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |