Уақытты бөлу жүйелері
Мақсаты: қолданушыға (қолданушыларға) интербелсенді жұмыс мүмкіндіктерін бірнеше қосымшалармен қатар ұсыну.
Мультипрограммалаудың тұжырымдамасы: әрбір қосымша-
ға уақыттың бөлінуі немесе процессорлық уақыт квантының циклдік кезектесіп бөлінуі. Шешілетін есептердің типі: интер- белсенді режимде шешуге бағытталған есептер (қолданушының қатысуын периодты түрде талап ететін). Жұмыс істеуінің жалпы сызбасы 3-суретте көрсетілген.
Нақты уақыт жүйелері
Мақсаты: техникалық объектілермен (станокпен, спутник- пен, ядролық реактормен және т.с.с.) немесе процестермен (до- менді процестермен, т.с.с.) басқаруды ұйымдастыру.
Мультипрограммалаудың тұжырымдамасы: үзу арқылы (объектінің ағымдағы жағдайына сүйене отырып) және жоспар- лы жұмыстар кестесіне сәйкес жұмыс атқару үшін программаны таңдау. Шешілетін есептердің типі: нақты уақыт режимінде бас- қару есептері.
Тапсырмалардың орындалуы барысында уақытқа қатаң та- лап қойылатын автоматты және автоматтандырылған кешендер- ді басқаруда нақты уақыттағы ОЖ пайдаланылады. Олар сырт- қы жағдайларға аз уақытта кепілденген іс-әрекетті қамтамасыз етеді. Нақты уақыттағы ОЖ (ағыл. Real-Time Operating System)
- арнайы міндеттерді атқаратын ОЖ типі. Бұл жүйелер үшін ке- лесі сипаттамаларды келтіруге болады:
- сыртқы жағдайларға жүйенің кепілді түрде жауап беруі
(мысалы, құрылғылардан ажырату);
- процестерді жоспарлаудың қатаң ішкі жүйесі (жоғарғы приоритетті тапсырмаларды төменгі приориттетті есептер ығыстыра алмайды);
- сыртқы жағдайларға жауап беру уақытына қойылатын қа-
таң талаптар.
Нақты уақыттағы ОЖ талап етілетін мәселе ретінде кон- вейердегі таспадан бөлшекті алатын роботтың жұмысын келті- руге болады. Мұнда бөлшек таспа бойымен жылжиды да, робот аз ғана уақыттың ішінде оны алып үлгеруі керек, егер ол кешігіп қалса, бөлшек конвейердегі керекті орында болмайды, яғни тап- сырма орындалмай қалады, егер ол ерте қозғалса, бөлшек кел- мей тұрып, жолына бөгет жасайды, сондықтан мұндай жүйелер- де уақыттың атқаратын рөлі үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: |