Пакетті ОЖ Мақсаты: есептеу жүйесінің өткізгіштік қабілетін арттыру. Мультипрограммалаудың тұжырымдамасы: процессордың тұ- рып қалуын оның басқа тапсырманы орындауға ауысуы есебі- нен азайту.
Шешілетін тапсырмалардың типі: нәтижелерді жылдам алу-
ды талап етпейтін есептер.
Жұмыс істеу сұлбасы:әрқайсысы жүйе ресурстарына та- лаптарды қамтитын тапсырмалар пакетінен тұрады. Ол үшін ре- сурстарға есептеу машиналарының барлық құрылғыларының балансталған жүктемесі қамтылатындай әртүрлі талаптарды ұсынатын есептер таңдалады (мысалы, қоспада есептеу сипа- тындағы есептер, қарқынды кіріс-шығысы бар есептер болуы керек). Орындау үшін кезектегі есепті таңдау жүйедегі болып жатқан жағдайға байланысты, бұл тапсырманың жүктелуі тұр- ғысынан «пайдалы» болуы керек.
Салдары: берілген уақыт кезеңінің ішінде нақты есептің орындалуына кепіл беру мүмкін емес. Мультипрограммалы па- кетті ОЖ-ның жұмыс істеу сызбасын ЕШ операциясын және уа- қытты есепке алатын келесі мысалда қарастырайық.
2-суретте бір программалы режимде есептердің әрқайсысы мультипрограммалыққа қарағанда тезірек орындалады, есесіне соңғысында есепті орындаудағы жалпы уақыт азырақ. Жалпы алғанда, қарастырылып отырған жүйеде есептер тобы орын-
19
Программаны іске қосу мен нәтиже- ні алу арасындағы алдын ала таға-
йындалған уақыт интервалдарын ұс- тап тұру қабілеті (берілген уақыттан
аз уақыттағы әсері)
Шынайы уа- қыт жүйелері
2-сурет. Екі тапсырманың орындалу сұлбасы:
а) бірпрограммалы жүйеде және ә) мультипрограммалы жүйеде
20
далуының жалпы уақыты олардың кезекті орындалуының қо- сынды уақытына қарағанда азырақ. Алайда жеке есептің орын- далуы оған процессорды монополиялық бөлуге қарағанда көп уақыт алады. Бұл есеп орындалуға дайын болу есебінен шығады (2-а суреттегі уақыттың 4 бірлігінің кетуі бойынша А есебі сияқ- ты), бірақ процессор басқа есепті орындағандықтан, бос емес. Процессордың бір есепті орындаудан екінші есепті орындауға ауысуы белсенді есептің бастамасынан болады (мысалы, ЕШ орындау қажеттілігі үшін процессордан бас тарту кезінде). Сон- дықтан бір есеп процессорды ұзаққа алуы мүмкін деген жоғары ықтималдылық бар. Көп жағдайда осының салдарынан ОЖ ин- тербелсенді (тікелей) режимде жұмыс істеуге арналмаған. Қол- данушының ЭЕМ өзара әрекетінің мәні есепті операторға тап- сыру және барлық пакет орындалғаннан кейінгі нәтижені алуға сәйкес келеді. Мұндай режим компьютер құрылғыларының жұ- мыс істеу тиімділігін арттырады, бірақ қолданушы жұмысының тиімділігін төмендетеді.
3-сурет. ОЖ уақыт бөлу режимінде жұмыс істеу сызбасы
Процессорды кезектегі есепті орындауға ауыстыру опера- циялық жүйемен іске асырылады, бірақ орындауға қолданушы- мен орындалатын әрбір есеп түсу реті бойынша қабылданады.
Бірнеше қолданушы болған жағдайда олардың әрбіреуіне өз терминалы беріледі. Бірде-бір есеп процессорды көп уақытқа алмайтындықтан, интербелсенді режимде жүйенің жауабын кү- ту уақыты тез болады, ал егер уақыт кванттары аз болса, барлық қолданушыларда машинада жеке жұмыс істеп отырғандай әсер қалыптасады.
Жүйенің өткізгіштік қабілетіне келсек, есептердің және про- цессорды ауыстыру шығындары пакетпен өңдеу кезіндегіге қа- рағанда азырақ. Дегенмен аппаратура бірпрограммалық режим- ге қарағанда жақсырақ жүктеледі, себебі процессор қолдану- шының хабарламасын күту уақытында тұрып қалмайды, кері- сінше басқа қосымшаларды өңдей алады.
21