Файлдық жүйе – бұл кез келген компьютердегі ақпараттар- ды сақтаушы. Файлдық жүйеде ЕШ қалған бөліктерін белсенді қолданады. Сонымен қатар файлдың моделі перифериялық құ-
15
рылғыларға қол жеткізудің көптеген механизмдерінің негізінде жатыр. ЕШ жүйесінің атқаратын функциялары:
процессор және ЕШ құрылғыларының параллель жұмы- сын ұйымдастыру;
мәліметтерді кэштеу және олардың алмасу жылдамдығын
құрылғылар мен ОЖ қалған бөлігі арасында ыңғайлы ло- гикалық интерфейс міндетін атқару;
әртүрлі файлдық жүйелерді қолдау;
ЕШ-тың синхронды және асинхронды амалдарын қолдау. Unix ОЖ пайда болғаннан бастап осы интерфейс файл мүм-
кіндігінің тұжырымдамасы бойынша іске асады, яғни сыртқы құрылғылардың мәлімет алмасуы файл алмасуына ұқсас болып
келеді. Файл ретінде дискідегі нақты файл, алфавиттік-цифрлық
терминал, принтер немесе жүйелік адаптер бола алады. Физика- лық құрылғы қолданушы мен программиске қолайлы абстрак- ция түрінде ұсынылады.
Жалпы, интерфейсті қолданбалы программалау және қолда-
нушы интерфейсі бойынша қарауға болады. Қолданбалы прог- раммалау интерфейсі қарастырып отырған операциялық жүйе- нің қосымша бағдарлама жазу мүмкіндігі арқылы түсіндіріледі. Жүйелік және қолданбалы программалаудың айырмашылығына келсек, біріншісі операциялық жүйенің мүмкіндігін қарастыра- ды, екіншісі белгілі бір салалардағы есептерді шығаруға бағыт- талады.
Мысалы, Windows жүйелік функцияларын қолдану програм- масын Delphi немесе С++-те жүзеге асыруға болады. WinAPI функциясы system32.dll, kernel 32.dll, user32.dll, gdi32.dll сияқ- ты кірістірілген кітапханаларда орналасады. Бұл кітапханалар операциялық жүйелерде орналасқандықтан, үнемі жадта сақта- лады. Әрбір қосымша өзіне керекті функцияларды кітапханадан автоматты түрде шақырады. WinAPI функциясының Delphi программасында сипатталуын келесі командаларды орындап кө-
ре аламыз: Пуск / Программы / Borland Delphi 7 / Help / MS SDK Help Files / Win32 Developer’s References. Unix ОЖ жүйелік ша- қыртулардың функциялары қолданбалы шақыртулармен ұқсас
16
болып келеді. Қолданбалы интерфейсте адам үшін қажетті бел- сенді режимде жұмыс істейтін амалдардың жиынтығы орналас- қан. Мұндағы адам нақты бір қолданушы, операциялық жүйе администраторы немесе программист болуы мүмкін. Ондай қол- данушылар үшін API функциясы мәтіндік бөлікте (алфавиттік- сандық) немесе графикалық интерфейсте орналасады.
Қазіргі уақытта операциялық жүйелердегі қолданбалы ин- терфейстер екі түрде жұмыс істейді, мысалы, терминалмен жұ- мыс істеу үшін қолданылатын командалық тіл, командалық тіл терминалдан бір-бірден алынады немесе оның алынуы команда- лық интерфейс көмегімен командалық файлда орындалады. Гра- фикалық қолданбалы интерфейсте (GUI) қажетті нұсқауды орындау үшін тышқанның көмегімен меню батырмасын немесе пиктограмманы таңдау қажет. Графикалық интерфейске GUI-де орналасқан Windows операциялық жүйесі және Unix-тегі физи- калық интерфейстерді құрайтын (сканер, т.б.) стандартты емес құрылғыларды енгізу де жатады. Ақпаратты қорғап және оның бұзылмауы үшін операциялық жүйедегі қателікті болдырмауда (жүйенің жұмыс істемеуінен, программалық жабдықтың нәти- жені дұрыс түрде шығармауынан қорғау) арнайы амалдар қол- данылады; жүйеге рұқсатсыз кіруден қорғау амалдары (жүйені қолданушылардың әдейі немесе қателікпен атқарған әрекеттері- нен қорғау); қорғау амалдары басқаруды ұйымдастыру амалда- рымен тығыз байланысты. Себебі дәл осы амалдар қолданушы- лардың мүмкіншіліктерін, құқықтарын анықтайды және жүйе- дегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Енді желідегі операциялық жүйелердің функционалдық бөліктерін қарастырайық. Компьютерлік желі – ол коммуника- циялық жүйемен байланысқан және сәйкес программалық жаб- дықтардан құралған желідегі қолданушыларға ондағы ресурс- тарға қатынауға мүмкіндік беретін компьютерлер жиыны. Же- лілік ОЖ – бұл компьютерлік желілерде жұмыс істеу мүмкіндік- тері кіріктірілген ОЖ. Ондай мүмкіндіктер ретінде: