Процестерді басқару – ОЖ-ның ең маңызды бөлігі. Процес- ті «орындалып жатқан программа» ретінде қысқаша анықтауға болады. Іс жүзінде бұл – құрамында ОЖ-ның функцияларын қа- растыратын және солардың көмегімен қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін код. Осылайша, процесті жүйелік қорларды қолдана алатын және орындалып жатқан программа ретінде де қарастыруға болады.
Процестерді басқаратын ішкі жүйе олардың орындалуын жоспарлайды және келесі функцияларды атқарады:
жады жетпеген жағдайда процестерді жедел жадыдан дис- кіге шығару және жедел жадыда орын босағаннан кейін қайтадан қайтару (виртуальды жады механизмі);
физикалық жадыдағы белгілі бір аймақтың программа ад-
ресіне меншіктелуі жатады.
Файлдар мен сыртқы құрылғыларды басқаруфайлдық жүйе мен енгізу-шығару ішкі жүйелерінің бірігіп жұмыс істеуі арқылы іске асады.
Файлдық жүйе (ФЖ) деректермен жұмыс істегенде нақты
аппаратураның өзара әрекетінің күрделілігін бейнелейді. ФЖ қолданушыға деректер жиынын сыртқы жинақтаушыға символ- дық аты бар байт реттілігімен файл ретінде виртуалдайды. Файлдар каталогтарға топтасады. Қолданушы ОЖ көмегімен ка- талогтар мен файлдарды құру, өзгерту, өшіру, мазмұнын қарау, аты бойынша іздеу сияқты амалдарды пайдалана алады. ФЖ файлдардың символдық аттарын дискідегі деректердің физика- лық адрестерімен өзгертуді орындайды, файлдарға ортақ коман- даларды ұйымдастырады, оларды рұқсат етілмеген амалдардан қорғайды.
Қолданушылар, қосымшалар және перифериялық құрылғы- лар арасында мәліметтер алмасуды ОЖ-ның арнайы енгізу-шы- ғару (ЕШ) ішкі жүйесі орындайды. Осы мәселені іске асыру үшін ең алғашқы жүйелік программалар жазылған, олар негізі- нен қазіргі ОЖ-ның алғышарттары болғанын білеміз. Енгізу- шығару ішкі жүйесінің негізгі құраушыларына: сыртқы құрыл- ғыларды басқаратын драйверлер және файлдық жүйе жатады. Бұл ішкі жүйе жұмысында үзулер диспетчері белсенді рөл атқа- рады және оған түсетін басты жүктеме де осы жүйемен байла- нысты, сондықтан үзулерді өңдеу диспетчері ЕШ жүйесінің бір бөлігі ретінде қабылданады.