М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Операциялық жүйе дамуының кезеңдері және тарихы



бет4/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

1.2. Операциялық жүйе дамуының кезеңдері және тарихы
Операциялық жүйелердің жекеленген даму кезеңдері ком- пьютердің элементтік базасының дамуымен анықталады. Көпте- ген жаңа ойлардың пайда болып, оларды келесі жаңа техноло- гияларды жасауда қолдану жүйелердің жеке дамуындағы өзге- рістерге алып келеді. Сондықтан операциялық жүйе дамуының белгілі бір ретпен дәстүр бойынша жүргізілгенін айта аламыз.
Операциялық жүйелердің алғашқы түрлері компьютердің элементтік базасының дамуы түрінде көрінді. Алайда көп ұза- май есептеуші процестерді ұйымдастыру, программалық жаб- дықтары, қолданушы аймақтары сияқты сипаттамалар келіп қо- сылды. Осы өзгерістерден кейін жүйе классификациясы өзінің нақтылығынан айырылып, тарихи экскурс белгілеріне ие болды. Операциялық жүйелердің дамуына қысқаша тоқталып өтейік. Алғашқы кезең (1945-1955 ж.). ЭЕМ-нің негізгі дамуы 40-жылдардан, яғни (1946-1948 ж.) есептеуіш құрылғылары пай- да болған кезден бастау алады. Бұл уақытта адамдардың бір ға- на тобы есептеуіш машинаны жобалауға, пайдалануға және программалауға қатысқан. Құрылғылар, негізінен, есептеу мақ- сатында қолданылмады, олар есептеуіш техника облысында ғы- лыми-зерттеу жұмыстары үшін жасалды деп айта аламыз. Про- граммалау машина тілінде жүргізілді. Операциялық жүйелер мүлде болмады. Барлық есептерді басқару тетігі көмегімен жеке программистер шығарды. Математикалық кітапханалардан бас-
қа ешқандай жүйелік программалық жабдық болмады.
Екінші кезең (1955-1965 ж.). 50-жылдардың ортасынан жаңа техникалық базамен, яғни жартылай өткізгіштермен байланыс-
10
қан есептеу техникалары дамуының келесі бір кезеңі басталды. Екінші кезеңнің компьютерлері біріншіге қарағанда сенімді түр- де жұмыс істеді. Себебі бұл компьютерлерде практикалық ма- ңызы бар барлық есептерді шығару мүмкін болды. Дәл осы ке- зеңде ЭЕМ-дерді қолданушылар программистер мен оператор- лар, есептеу машиналарын әзірлеушілер және пайдаланушылар ретінде бірнеше топқа бөлінді. Осы жылдары алғашқы алго- ритмдеу тілдері, кейіннен жүйелік программалар – компилятор- лар дайындалды.
Процессорлар программаны орындағанда жылдам жұмыс іс- теді. Бір программадан кейін басқа бір программаның іске қо- сылуын автоматтандыратын алғашқы жүйелік пакеттер шыға- рылды. Жүйелік пакеттерді әрі қарай дамыту нәтижесінде қазір- гі заманғы операциялық жүйелер пайда болды. Жүйелік пакет-
терді іске асыру барысында тапсырмаларды басқаруға арналған
формальды басқару тілі дайындалды, осы тілдің көмегімен прог- раммист жүйеге және операторларға есептеу машинасында қан- дай тапсырма орындайтынын хабарлап отырған. Перфокарта- лардың колодасы түрінде бiрнеше тапсырмалардың жиынтығы тапсырмалар пакетi атауын алды.
Үшінші кезең (1965-1980 ж.). Бұл анағұрлым үлкен мүмкін- діктер беретін техникалық қорға, транзисторлардан интеграл- дық микросұлбаларға өту кезеңі болды. Сондай-ақ осы кезеңге үйлесімді-бағдарламалы машиналар тобының құрастырылуы да тән. Интегралдық микросызбада салынған бiрiншi үйлесімді- бағдарламалы машиналар тобы, IBM/360 машиналарының топ- тамасы болды. 60-жылдардың басында шығарылған бұл топ ба- ға/өнiмдiлiк белгiсі бойынша екiншi кезеңнің машиналарынан едәуiр асып түскен. Көп ұзамай үйлесімді программаланатын машиналар идеясын көпшілік мойындаған. Программалық үй- лесiмдiлік басқару жүйелерiнiң үйлесiмдiлiгiн де талап еттi. Мұндай басқару жүйелерi үлкен және кіші есептеуiш жүйеле- рінде көп және аз мөлшердегі әртүрлi перифериямен, сауда-сат- тық және ғылыми зерттеулер аймақтарында жұмыс істеуге ба- ғытталған. Барлық өзара қарама-қайшы болып келетін талаптар- ды орындау мақсатында құрылған мұндай басқару жүйелерi өте күрделi болып шықты. Олар мыңдаған программистер жазған мыңдаған ассемблерлiк жолдардан және көптеген түзетулерден
11
шыққан қателерден тұрды. Әр жаңа операциялық жүйе нұсқа- сында бiр қате түзетілсе, басқалар туындап отырды. Алайда осындай көптеген мәселелерге қарамастан OS/360 және оған ұқсас үшiншi кезең машиналарының операциялық жүйелері қолданушылар талаптарының көпшiлiгін қанағаттандырды. Осы кезеңдегі ОЖ-ның ең маңызды жетiстiгi мультипрограммалауды жүзеге асыру еді. Мультипрограммалау – бiр процессорда бір- мезгілде бірнеше программа орындалатындай есептеу процесін ұйымдастыру. Бір программа енгізу-шығару операциясын орын- дап жатқанда, процессор тоқтап қалмай басқа бағдарламаны орындап жатады (көпбағдарламалы режим). Әр бағдарлама та- рау деп аталатын жедел жадтың өз бөлiміне жүктеледi. Осы ке- зеңдегі келесі елеулі жаңалық (spooling) спулинг болып табыла- ды. Ол уақытта спулинг есептеу процесін ұйымдастыру әдісі бо- лып есептелді және осыған сәйкес тапсырмалар перфокарттан дискіге есептеу орталығында пайда болу жиілігіне байланысты ауыстырылып отырды. Одан соң кезекті тапсырма аяқталғаннан кейін жаңа тапсырма дискідегі босаған орынға жүктелетін. Па- кетті өңдеу жүйелерінде мультипрограммалау жүзеге асуымен қатар ОЖ-ның жаңа типі – уақытты бөлу жүйесі де пайда бол- ды. Уақытты бөлу жүйесінде қолданылатын мультипрограмма- лау нұсқасы әрбір жекелеген пайдаланушы үшін есептеу маши- насын дербес қолдануға арналған төртінші кезеңге (1980 жыл- дан қазіргі кезге дейін) тиісті. ОЖ эволюциясындағы келесі ке- зең үлкен интегралдық жүйелердің пайда болуымен байланысты (ҮИЖ). Осы жылдары микросызбалар қарқынды дамыды және олардың бағасы арзандады. Компьютерлер жекелеген адамға қолжетімді болып, дербес компьютерлер дәуірі орнады. Мини- компьютерлер кәсіпорын бөлімшесінің жеке есептеу машинасы болуына мүмкіндік берсе, ДК жекелеген адамдарға да қолже- тімді болды. Компьютерлерді арнайы мамандығы жоқ адамдар да кең қолдана бастады. Компьютердің кең қолданылуы әртүрлі программалардың шығарылуына әкелді. ОЖ нарығында екі жүйе алға шықты: MS-DOS және UNIX. Бірбағдарламалық бір қолданушыға арналған ОЖ MS-DOS Intel8088, одан соң 80286, 80386, 804086 микропроцессорлар базасында құралған компью- терлерде кең қолданылды. Ал мультибағдарламалық көп қолда- нушыға арналған ОЖ UNIX жоғары өндірістік RISC процес-
12
сорлар базасында алға шықты. 80-жылдардың ортасында дербес компьютер желілері тез дамып жатты. 90-жылдардың басында барлық дерлік ОЖ желілік және әртүрлі клиенттер мен сервер- лер арқылы жұмыс істеуге қабілетті болды. Арнайы байланыс- тық тапсырмаларды (мысалы, Cisco Systems компаниясының ба- ғыттауыштарымен жұмыс істейтін OS жүйесі) орындауға арнал- ған желілік ОЖ пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет