М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет5/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

1.3. ОЖ түрлері
ОЖ түрлерін анықтап көрсету үшін оларды таңдауға әсер ететін негізгі факторлар:
  • ОЖ-ның қолдану саласы;
  • аппараттық платформа типтері;
  • жобалау әдістері;
  • ресурстарды басқарудың ішкі алгоритмдерінің жүзеге асуы.

  • Қолдану аумағы бойынша классификация:
  • дербес ОЖ (Desktop OS) дербес пайдаланушының әртүрлі саладағы жұмысына бағытталған ОЖ болып табылады. Жеке қолданушы ОЖ-ның негізгі ерекшеліктері – әмбе- баптық және пайдаланушыға қолайлылығы, мысалы, MacOS, Windows ОЖ тобы, серверлік ОЖ, мобильді ОЖ. Серверлік ОЖ-ның негізгі ерекшеліктері – жұмыс бары- сындағы сенімділік, олардың мысалы: UNIX ортасы, Windows, Linux;
  • мамандандырылған ОЖ – көптеген салалардағы тапсыр- маларды шешуге бағытталған ОЖ (жоғары өнімді есеп- теулер, нақты уақытта басқару), бұл түрдегі жүйелер іс жүзінде аппараттық платформамен тығыз байланысты, мысалы: QNX, жеңілдетілген және мамандандырылған UNIX нұсқасы;
  • тасымалданатын ОЖ – КПК аппараттық платформасында негізгі ОЖ-ның дамыған нұсқасы; басты ерекшелігі – пай- далануға ықшамды және қолайлы, өкілдері – PalmOS, Windows CE. Бұл классификация абсолютті қатаң талап болып табылмайды, яғни бір жүйе әртүрлі қызметтерді орындай алады. Мысалы, оған графикалық қабықшасы

  • 13

бар Linux тұрақты ОЖ ретінде немесе серверлік ретінде Windows NT қолданылады.
Дегенмен әрбір ОЖ өзінің класында ғана мықты. Келтіріл- ген классификациялардағы ОЖ-ның әрбір класы өзінің аппарат-
тық платформасында жұмыс істейтінін байқау қиын емес, сон-
дықтан бұл классификация осы платформаны түрі бойынша жік- тегенде әрқалай болып келеді. Әдетте мұндай түрдегі қатаң классификацияны келесідей жеке кластарға бөліп қарастыруға болады: x86 платформасына арналған көппроцессорлы ОЖ нұс- қасы; RISC платформасына арналған ОЖ; мобильді құрылғы- ларға арналған ОЖ; желілік ОЖ (мысалы, принтер және тағы басқалар). Басқарылатын ресурстардың түрлері бойынша ішкі алгоритмдерден бірнеше бинарлық классификация құрастыруға болады: көп міндеті және бір міндетті ОЖ, бір қолданушылы және көп қолданушылы ОЖ. Соңғы классификация ресурстар- ды басқару механизмдерінің қарастырылуы бойынша анықта- лады.
ОЖ-ның басты функциясы – қорларды басқару. Қорларды басқарудың негізгі ішкі жүйелері: процестерді басқару, жадыны басқару, файлдар мен сыртқы құрылғыларды басқару. Барлық қорлардың ортақ ішкі жүйелері: қолданбалы программалы жә- не пайдаланушы интерфейстер; деректерді қорғау мен басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет