М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Есептеуіш машиналар классификациясының түрлері



бет32/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Есептеуіш машиналар классификациясының түрлері.
I Циркуляциялық типі бойынша ЕМ белгілерінің келесі түрлері анықталған:
  • ҰЕМ – ұқсас есептеуіш машиналар. Онда ақпарат үзіліссіз

  • түрде беріліп отырады. Жылдам әсер етеді, бірақ кішігірім тапсырыстарды орындайды (әрбір тапсырманы орындау үшін аппарат құрылғысына қондырғыларды орнату қажет;
  • ЭСЕМ (ЭЕМ) – электронды сандық есептеуіш машина.

  • Онда ақпарат дискретті түрде беріледі (екілік). АЕМ мен салыстырғанда жылдам әсер етуі төмен бірақ кең көлемді есептерді қосымша қондырғыларсыз шешеді;
  • ГЕМ (КЕМ) – гибридті есептеуіш машина (күрделі есеп-

  • теуіш машиналар). Бұл түр аналогтік және сандық есеп- теуіш машиналардың, сонымен қатар сандық блоктардың қосындысы.
    II Есептегіш қуаттылығы бойынша келесі түрлерге бөлі-
    неді:
  • есептегіш жүйелер біртекті және бірнеше текті есептеуіш машиналардың көп қосындысынан тұрады, бірмезетте бір- неше программалар (ОБП) нәтижелерінің корреляциялық мәнін шешуге арналған;
  • КМ (үлкен және өте үлкен ЕМ) үлкен көлемді және желі-

  • лер құрылымын қажет ететін (провайдерлер және т.б.); басқаратын ғылыми-техникалық есептерді шешуге арналған;
  • орта қуатты есптеуіш машиналар – кішігірім есептерді

  • (ғылыми-техникалық), локальді желілер (файл-сервер) жә- не басқару есептерін шешуге арналған;
  • дербес ЭЕМ (ПЭЕМ, компьютерлер) – бір қолданушының жұмысына арналған;
  • арнайы жасалған ЭЕМ (микроЭЕМ) – өте шектелген есеп-

  • терге (бір есепке) арналған – автомобильді компьютерлер, ЧПУ қондырғылары үшін арналған.
    III Бағыты бойынша:
    – әмбебап ЕМ – кең көлемді, көпсалалы есептерді шығару- ға арналған;
    70

– арнайы ЕМ – кішкентай арнайы бағытталған есептерді шығаруға арналған (мысалы, жасанды интеллекті есептеу үшін ЕМ және т.б.)
2.3. Басқару программасы қағидалары
Есепті шешудегі құбылысты автоматты басқару, басқару программасы қағидасымен іске асады (алғаш рет ұсынған Дж. фон Нейман). Осы уақытта есептеуіш машиналардың басқару ұйымының негізгі қағидасы болып табылады.
Дж. фон Нейманның басқару программа қағидасы келесі не- гізгі шарттармен қалыптасқан:
  • ЭЕМ-дегі ақпарат екілік түрде кодталады және бірліктерге

  • бөлінеді немесе сөздер деп аталатын ақпарат элементтері- не және ақпараттағы әртүрлі сөздер қолдану жағынан өз- гешеленеді;
  • ақпараттағы сөздер жадтағы ұяшықтарда орналасады жә- не сөздің адрес деп аталатын ұяшық нөмірімен нөмірлене- ді;
  • бұйрық деп тізбектелген басқару сөздерінің алгоритмін

  • атаймыз, олар операцияның атауын анықтайды (операция коды), ақпарат сөздері деп аталады, операцияға қатысу- шылар. Есептеуіш машина терминіндегі алгоритмді прог- рамма деп атайды.
    Белгіленген алгоритмді есептеудің орындалуы, программа
    деп аталатын реттелген тізбектелген бұйрықтардың орындал- уына әкеледі.
    Нейман бойынша есептерді ЭЕМ-де шешу дегеніміз – есеп-
    тің алғаш берілгендерімен аралық нәтижелер үшін арифметика- лық және логикалық операциялардың орындалуына алып келу. Сонымен қатар есептің бастапқы берілгендері екілік кодта бері- леді. ЭЕМ-де анықталған есепті шешу кезінде есепті шешу алго- ритмі басқару (бұйрық) сөздермен тізбектеліп жазылады, яғни есепті шешудің программасы жасалады. Берілген программада есептеу процесі бұйрықтардың тізбектеліп орындалуымен анық- талады.
    Әрбір бұйрық операциялық және адрестік сияқты екі бөлік- тен тұрады. Операциялық бөлігінде қандай да бір операция
    71

орындалып жатқанда ЕМ-нің әрекетін анықтайтын операцияның коды көрсетіледі. Адрестік бөлігінде қай сөздермен әрекет жа- сап жатқанын көрсетеді (операнд). Сонымен қатар адрестік бө- лігінде жадтың ұяшығының нөмірі (адрес) көрсетіледі, ол жерде операция орындалу кезінде қолданатын сөздер және есептеудің нәтижесі сақталады.
Бірінші программада бастапқы адреспен көрсетілген бұйрық орындалады. Келесі бұйрықтың адресі тізбектеліп орындалады немесе нақты логикалық шартпен анықталады.
Барлық ЭЕМ-дегі арифметикалық және логикалық опера-
циялар арнайы сызбалар көмегімен – аппараттық құрылғылар немесе программалық әдістермен орындалады. Аппараттық әдіспен жиналған операциялар, командалар жүйесін құрайды. Программалық әдіспен жиналған ақпарат негізінде «күрделі», қарапайым ақпараттарға жіктеледі (бұйрықтар жүйесіне тіркел- ген) және аппараттық құрылғылармен бірнеше кезеңде іске аса- ды. Программалық және аппараттық әдістермен іске асатын опе- рациялардың ұқсастығын ЭЕМ операциялық ресурсы деп атайды.
Қорытындылай келе келесі ұсынылатын принциптер негізін- де тұрғызылған компьютерлер фон Нейман типінде деп есепте- леді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет