Тактілік жиілікті іштен көбейту коэффициенті – процес-
сор жиілігіне жету үшін аналық платаның жиілігін көбейтетін коэффициент. Тактілік жиіліктерді процессор аналық платадан алады, ал ол таза физикалық тұрғыда процессор сияқты жоғарғы жиіліктерде жұмыс істей алмайды. Қазіргі уақытта аналық пла- таның тактілік жиіліктері 100-133 Мгц құрайды. Процессорда өте жоғары жиіліктер алу үшін 4, 4,5, 5 және одан да жоғары коэффициенттерге көбейту іске асырылады.
Кэш-жады. Процессор ішіндегі мәлімет алмасу процессор мен жедел жады арасындағы мәлімет алмасудан жылдам іске асырылады. Сондықтан жедел жадыға бағытталу санын азайту үшін процессордың ішінде өте жедел жады немесе Кэш жады құрады. Процессорға мәліметтер қажет кезде, алдымен, Кэш жадыға, одан кейін ғана жедел жадыға бағытталу орындалады. Кэш жадының көлемі үлкен болған сайын қажетті мәліметтер- дің сонда болу ықтималдылығы артады. Сондықтан жоғарғы өнімділіктегі процессорларда кэш жадылардың көлемі үлкен бо- лады. Кэш жадылардың үш деңгейі бар, бірінші деңгей процес- сормен бір кристалда орналастырылады, көлемі бірнеше онда- ған Кбайт, екінші деңгей жеке кристалда орындалады, бірақ процессордың шекарасында, көлемі жүз және одан көп Кбайт және үшінші деңгейде жеке жылдам жұмыс істейтін микросұл- баларда дайындалады, аналық платаға бекітіледі, көлемі бір не- месе одан көп Мбайт [3].
Тактілік генератор немесе тактілік импульстердің гене- раторы процессордың жұмыстық жиілігін белгілейді. Тактілік генераторлар арқылы процессордың ішкі командалары және басқа құрылғылар арасында үйлесімділік орындалады. Тактілік генератор тікбұрышты имульстер өндіреді, олар белгілі бір жиілікпен жалғасады (әртүрлі процессорлар үшін жиілік әр- түрлі).
Электронды есептеу машиналар теориясында екі түрлі түсі- нікті ажыратады: машиналық такт және машиналық цикл.
Машиналық такт тактілік генератор импульстерінің бір пе-
риодына сәйкес келеді және процессордың командаларды орын-
84
дау уақытының негізгі өлшем бірлігі болып табылады. Машина- лық цикл бірнеше машиналық тактілерден тұрады. Машиналық цикл – бір команда орындалуы үшін қажет уақыт.
Достарыңызбен бөлісу: |