42
Зоофразеологизмдердің мотивациялық негізіндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер (қазақ және түрік тілдері бойынша)
олардың мінезінің эмоционалдық бағасын си-
паттайды. Бұл мағлұматтар
қайта ой елегінен
өткізіледі және адамға мінездеме бергенде
пайдаланылады» (Галимова, 2004: 20). Демек,
тілдегі фразеологиялық сөздіктерге сүйене
отырып, зоофразеологизмдердің басым бір
бөлігін «Адам» макротобында қарастырып,
белгілі бір ұлттың «ұлттық мінезі» тура-
лы тұжырым жасауға болады. Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігінде адамның мінез-
құлқын сипаттауда, сыртқы бейнесін танытуда,
өмірлік қызметін бағалауда қолданылатын ат
компонентімен жасалған бірнеше тұрақты сөз
тіркестері жинақталды.
Қазақ тілінің деректері
бойынша жинақталған зоофразеологизмдердің
бағалауыштық семасы әрқашан жағымды (оң)
бағалаумен берілгендігіне көз жеткіздік. Бұл
біздің өмірімізде аттың қаншалықты маңызды
екендігінің дәлелі. Мәселен, қазақ тілінде
ғана кездесетін
«жылқы мінезді адам» тіркесі
адамды жағымды жағынан сипаттайды әрі
бұл тіркестің мағынасы да күрделі. Акаде-
мик Ә. Қайдар мұндай тіркестердің білдіретін
мағынасының күрделі болу себебін оның аста-
рында жай ұғым емес, халықтың өмір тіршілік
болмысына
қатысты ұғым, дүниетаным,
этнолингвистикалық
түсініктердің
болуы-
мен түсіндіреді, яғни жылқы мінез адамның
қандай болатынын түсіндіру үшін алдымен
жылқы малына тән жақсы мінез қасиеттерді
білу қажет (Қайдар, 1998: 124). Тілімізде
осы тәрізді көптеген тұрақты сөз тіркестері
қалыптасқан. Демек, көшпелілер жылқы малын
ерекше қастерлеген, оның барлық қасиетін жан-
жақты зерделей білген. Жылқының бойындағы
қасиетті абзал деп тани отырып, адам бойына
ауыстырып қолданған. Атап айтсақ, қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі бойынша:
ат жақты:
бет әлпеті сопақша келген адам туралы айты-
лады;
ат жалын тартып мінді: адам болу, ер
жетіп, азамат болу мағынасында жұмсалады;
а
тқамінер адам: бұрын пысық, белсенді кісі
туралы айтылады;
аттай желді: 1. ерінбейтін,
еңбекшіл кісі, 2. Тоқтаусыз шешен сөйлейтін,
сөз қадірін білетін адам жөнінде айтылады.
Түрік тілі бойынша ат компонентімен
жасалған кейбір тұрақты тіркестің мазмұны кей
жағдайда жағымсыз бағалаумен астарласып
жатқандығына көз жеткіздік. Оған түрік тіліндегі
at gözlüğü takmak (сөзбе-сөз: ат көзілдірігін тағу),
at kafalı (сөзбе-сөз: ат басты) деген тіркестер
мысал бола алады. Тіркестің мағынасына
тоқталар болсақ:
At gözlüğü takmak: Olayları
dar bir bakış açısı ile değerlendirmek. «At gözlüğü
takmışsınız, size ne desem faydası yok.»At gözlüğü
takanlar, yaşanan olayları anlayamaz. (сөзбе-сөз: ат
көзілдірігін кию.
Оқиғаларды тар көзқараспен
бағалау. «Сіз ат көзілдірігін тағыпсыз, мен
сізге не айтсам да пайдасыз. «Ат көзілдірігін
таққандар болған оқиғаларды түсіне алмай-
ды»).
At kafalı: Aptal, ahmak, anlayışsız, akılsız,
kıt zekâlı (сөзбе-сөз: ат басты: Ақымақ, ақылсыз,
түсінбейтін, ойсыз). Географиялық жағынан
алшақта орналасқан түрік халқының жылқыға
деген көзқарастарында ерекшеліктер кездеседі.
Оны атап өткен сөз тіркестерінен байқаймыз.
Жалпы түркі халықтарында ақымақтық көбінесе,
қой, есек, шошқа, тауық денотаттары арқылы
берілсе де, кей жағдайда ат зоонимі арқылы
түрік тілінде ақымақтық мағынасын білдіретін
тұрақты сөз тіркесін де кездестіреміз. Демек,
қандай да бір жан-жануар әлемнің әр тара-
бында
тіршілік еткенімен, халықтар өмірінде
бірдей дәрежеде орын алуын, маңызды сипатқа
ие болуын, тіл-тілде өзіндік «із» қалдырып,
тіларалық сәйкестіктер тудыруын ортақ тарихи,
мәдени байланыстың болуымен түсіндіреміз.
Екіншіден, бір атаудың негізінде жасалған
зоофразеологизмдердің бейнелік негізі бірдей
бола тұра, бұл бірліктердің туыстас тілдерде екі
басқа семантикасы, экспрессивті-эмоционалды
сипатының болуын да жоққа шығармаймыз. Бұл
ерекшелікті ұлттық
санада қалыптасқан таным-
түсінікпен, ассоциативтік бітім-болмыс, көрініс,
символдық белгімен ұштастырамыз. Халықтың
танымындағы әр басқа түсінік белгілі бір тіршілік
иесінің өмір салтының әр түрлілігімен, табиғи
ерекшелігімен байланыстырылып отырады.
Қазақ және түрік тілдеріндегі зоонимдік бірліктер
негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің басым
көпшілігі ұлттық негізді арқау ете отырып пайда
болғандығы тілдік деректер арқылы нақтыланды.
Достарыңызбен бөлісу: