Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Баланың фантазиясы һәм оның ѳркендеуі



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Баланың фантазиясы һәм оның ѳркендеуі. Ба-
лада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеу-
лер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Әйткенмен де 
бала әсерленімпаз болғандықтан, оның аз, тайыз қия-
лы ашық, жанды болады. Бала түсін ѳңім деп біледі. 
Балаға дүниедегі бар заттың бәрі жанды сықылды кѳрі-
неді. Баланың түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе 
жоқ. Бәрі мүмкін, бәрі болатындай. Бала ертегінің бәрі 
шын деп ұғады. Жоғарғы ерні қыбырлап, тѳменгі ерні 
жыбырлап Қобыландының Тайбурылы сѳйлейді де-
сең, кѳк ешкінің құйыршығы жұлынып қалған соң, бір 
құйыршық бала болыпты десең, қотыр тай құрық сал-
ғанда құнан болды, жүгендегенде дѳнен болды, ертте-
генде бесті ат болды десең, бала осылардың бәрін шын 
кѳреді.
Ертегі. Жан тұрмысы ѳркендеу үшін, яғни ойы, ақы-
лы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға 
ертегі – тым қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен 
тыңдайды. Ертекке шын кѳңілімен нанады. Бала құр-
ғақ ақылды ұқпайды. Жандандырып, суреттеп алып 
келсең ұғады. Мысалы, балаға ѳтірік айтпа деген құр-
ғақ сѳзің желге айтылғанмен бірдей. Егер сен балаға 
ѳтірікші туралы ертек айтсаң, сол ертекте ѳтірікшінің 
ѳтірігінен қор болғанын, зиян кѳргенін суреттеп алып 
келсең, міне, бала ѳтірік айтпау керек екендігін сон-
да ұғады. Қысқасы, балаға ертегі – тым қымбат нәрсе. 
Бірақ ертегінің ертегісі бар. Кейбір ертектер баланы 
бұзудан басқаға жарамайды. Мысалы, дию, пері, жал-
мауыз кемпір, аруақ, кѳрден кебінін жалмап шығатын 
обыр, жын- шайтан секілді ертегілерді балаға айту тіпті 
дұрыс емес. Мұндай ертегілер баланы бұзады, қорқақ, 


97
«Асыл мұра» сериясы
жасық қылады. Қазақтың баланы «бѳки келеді», «қы-
зыл кѳз келеді» деп қорқытулары да тым-ақ жарамай-
тын іс.
Бала ойыны. Баланың қиялы әсіресе ойыңда жа-
рыққа шығады. Ойын – балаға кәдімгідей бір жұмыс. 
Ойнағанда бала әсерлерімен пайдаланады. Айнала-
сындағы тұрмыста нені кѳрсе, соны істейді. Мысалы, 
қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық са-
лады. Шырпыларды тізіп-тізіп кѳш жасайды. Балшық-
тан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстыра-
ды, күйеу келтіреді, құда түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет