100
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
жануар екен деймін. Енді мен жылқыны жалғыз біліп
қана тұрғам жоқ, ұғып тұрмын. Яғни жылқының мү-
шелері арасында қандай байлам барын,
жылқы мен
басқа тѳрт аяқты жануар арасында қандай ұқсастық,
қаңдай айырма барын мен ұғып тұрмын. Міне, осы
заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан кѳрінісі ойлау деп
аталады. Ойлау ұғым, хұкім һәм ой тізулерді жасаумен
болады. Енді осы үшеуін шешейік.
Ұғым һәм оның жасалуы. Бір-біріне ұқсас бірнеше
заттарды суреттесек, біз
сол заттарды бір-бірімен са-
лыстырамыз. Мысалы, біздің жанымызда суреттері бар
кѳп адамды біз бір-бірінен айырамыз. Себебі оларды
бірінен-бірін айыратын сындары бар. Бірақ сол адам-
дардың айыратын сындары болған сықылды соларды
бірін-біріне ұқсататын да сындары бар.
Дене бітім-
дері сықылды. Әрине, салыстыру үшін заттарды тар
тапта алсақ, олардың ұқсастықтары кѳп болады. Егер
кең тапта алсақ, ұқсастықтары аз болады. Мысалы,
жылқы мен сиыр арасындағы ұқсастықты табу оңай.
Себебі араларында ұқсастық кѳп. Ал еңді жылқы мен
ағаш арасындағы ұқсастықты табу қиын. Себебі арала-
рында ұқсастық аз. Қысқасы, біз бір затты бір затпен
салыстырғанда олардың әрқайсысының ѳздеріне ғана
арналған дербес сындарын алып тастап, ортақ сында-
рын ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуіне де жабамыз,
ортақ сындарды жалпылаймыз.
Яки екі заттың, яки
кѳп заттың ортасынан оймен жасалған бір зат шыға-
ды. Мысалы, мен адам туралы ойлаймын. Сәрсембай,
Бейсембай, Фахыредден,
Иван туралы емес, жалпы
адам туралы. Сонда мен Сәрсембайдың қара шашын,
Фахыредденнің сопақ басын,
Иванның сары сақалын,
яғни солардың әрқайсысының дербес сындарын алып
тастап, бәріне ортақ сындарды, мысалы, екі аяқты, екі
қолды болуы, сѳйлей, ойлай білуі сықылды ортақ сын-
дарды аламын. Міне, осы кѳп заттардың ортақ сыңда-
101
«Асыл мұра» сериясы
рын алып жия білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы
ой, ұғым деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: