Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Ұғымдардың ішіне қарап бѳлінуі



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Ұғымдардың ішіне қарап бѳлінуі. Егерде ұғым-
ның бір ғана сыны болса, ондай ұғым – жабайы ұғым 
деп аталады. Мысалы, тәттілік деген ұғым – жабайы 
ұғым. Ал енді ұғымның сыны кѳп болса, ондай ұғым 
күрделі ұғым деп аталады. Мысалы, ағаш деген ұғым-
ның сыны кѳп, сондықтан ол – күрделі ұғым. Егер бір-
неше ұғымдардың бір яки бірнеше ортақ сындары 
болса, мұңдай ұғымдар ұқсас ұғымдар деп аталады: 
қасқыр, түлкі сықылды. Егер бір ұғымның сындары 
екінші ұғымның сындарына қабысатын болса, мұн-
дай ұғымдар қабысатын ұғымдар деп аталады: хайуан 
һәм жануар, қазақ һәм алаш сықылды. Ортақ сындары 
болмаған ұғымдар ұқсамайтын ұғымдар деп аталады. 
Адам һәм тас сықылды сындары бір-біріне қарсы бол-
ған ұғымдар қарсы ұғымдар деп аталады: жақсылық, 
жауыздық сықылды.
Жалаңаштау. Біз жылқы, ағаш, адам сықылды зат-
тар туралы ғана ойлаймыз. Сол заттардың қаралық
аласалық, кәрілік, қайырымдылық сықылды сындары 
туралы да ойлаймыз. Яғни бір затты жалаңаштап, сы-
нын бѳліп алып, сол сынды жеке бір зат сықылданды-
рып ойлаймыз. Заттың сынын заттан бѳліп алып, сол 
сынды жеке бір зат қып ойлау жалаңаштау деп атала-
ды. Осы заттан бѳлініп алынған сын ұғымы жалаңаш 
(абстракты) ұғым деп аталады. Қаралық, алыстық, жақ-
сылық сықылды барлық сындарымен алынған зат ұғы-
мы киімді (конкретті) ұғым деп аталады: жылқы, ағаш, 
мұрын сықылды.


103
«Асыл мұра» сериясы
Ұғымдардың қомағына қарап бѳлінуі. Кѳп зат-
тарды қомағына алатын ұғым жалпы ұғым деп атала-
ды. Қомағына санаулы заттарды ғана алатын ұғым дер-
бес ұғым деп аталады. Қомағына бір-ақ затты алатын 
ұғым жалқы ұғым деп аталады. Жалпы ұғым дербес 
ұғымның тұқымы деп аталады. Дербес ұғым жалпы 
ұғымның түрі деп аталады. Бір ұғым оны қандай ұғым-
мен салыстыруымызға қарап, әрі жалпы, әрі дербес
әрі тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға мүмкін. Мыса-
лы, «адам» деген ұғым «қазақ» деген ұғымға қараған-
да, жалпы һәм тұқым ұғым. Ал енді сол «адам» ұғымы 
«жанды зат» деген ұғымға қарағанда дербес һәм түр 
ұғым.
Ѳзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым со-
ның қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағынды-
рушы ұғым деп аталады. Ал енді бағындырушы ұғым-
ның қомағына кіретін ұғымдар бағынушы ұғым деп 
аталады. Жоғарғы бір ұғымға бір дәреже бағынатын 
ұғымдар бірге бағынатын ұғымдар деп аталады. Мы-
салы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, қарағайға қарағанда 
бағындырушы ұғым, терек, қайың, қарағай бағынушы 
һәм бірге бағынушы ұғымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет