Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Адам ѳмірі үшін естің керектігі



Pdf көрінісі
бет41/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Адам ѳмірі үшін естің керектігі. Ес ѳмір үшін аса 
керек. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұр-
са, ѳмірінде адамның білімі артпас еді. Адам адам да 
болмас еді. Ес болса ғана адам білімді бола алады. Ес 
болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол, 
бай болса, ой да терең болады. Терең ойлы адамдар-
дың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі. Балада 
ес болмаса, оған ешбір нәрсе үйретуге мүмкін емес. 
Сондықтан тәрбиеші баланың есті болуына аса кѳп 
күш жұмсау керек.
Баланың есі. Жеткен адамның есіне қарағанда ба-
ланың есі тым әлсіз. Бала тез ұмытады. 2–3 жасар бала 
аз уақыт ата- анасынан айырылып тұрса, оларды таны-
май қалады. 9–12 жасар бала шетелде ана тілін біржо-
ла ұмытып қалады. Бала ұмытып қалып, бір нәрсенің 
атын қайта-қайта сұрай береді, бір кѳрген нәрсесін 
қайта-қайта қарай береді. Ес түрлерінен балада есту 
есінен кѳру һәм қозғалу есі күшті.
Есті ѳркендету жолдары. Естің ѳркендеуі үшін тѳ-
мендегі шарттардың орындалуы керек.
1) Әсердің күштілігі. Әсер күшті болса, есте ұзақ ұс-
талады. Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды


90
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
күшті кѳріністер тез ұмытылмайды. Қатты дауыс пен 
ашық ұқтырылған сабақ баланың есінен шықпайды. 
Бір сабақтан бала күшті әсер алу үшін баланың сол 
сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін 
мұғалім ѳзі құмар болу керек. Мұғалім сабақ берген-
де ѳзі есіней түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық 
бола ма?
2) Сыртқы сезімдердің кѳбінің қатынасуы. Бір затпен 
танысқанда сыртқы сезімдердің кѳбі қатынасса, ол зат 
ұмытылмайды. Міне, балаға бір нәрсені білдіру керек 
болғаңда, осы жолды ұстау керек. Яғни, мүмкін болға-
нынша, баланың сыртқы сезімдерінің кѳбін қатынасты-
ру керек. Мысалы, бір заттың түрін де кѳрсет, дыбысын 
да естірт, ұстатып та кѳр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, 
суретін салғыз. Баланың жаратылысының ѳзі осыны 
тілейді. Бала ѳзінің кѳрген нәрсесін ұстағысы келеді, 
естіген нәрсесін кѳргісі келеді. Ұстаған нәрсенің дәмін 
татқысы келеді. Міне, осы жолды ұстағанда баланың 
білімі берік болмақ. Мысалы, дұрыс жазу үшін құр 
ережелерді білу жетпейді. Қолдың, кѳздің, құлақтың 
әдеттенуі шарт.
3) Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Бір нәрсенің 
еске тез алынуы һәм естен тез шықпауы үшін ол нәр-
сенің бұрын есте бар нәрсеге байлануы шарт. Мысалы, 
саудагер заттардың бағасын есте ұстампаз келеді. Мұ-
ғалім осыны ескерту керек. Яғни бір нәрсені бала есіне 
тез алсын һәм есінде ұзақ ұстасын десе, балаға жаңа бе-
ретін білімді жат күйінше бермесін, баланың бұрынғы 
таныс білімдеріне байлап берсін.
4) Пысықтау. Бала жаңа білімді неғұрлым кѳп пы-
сықтаса, есінде сонша берік болып қалады. Бұрынғы 
Рим елінен қалған бір дұрыс мәтел бар «пысықтау – бі-
лудің анасы» деген. Мұғалім балаға оқытқан нәрсесін 


91
«Асыл мұра» сериясы
кѳп пысықтату керек. Бірақ, мұғалім, құрғақ жаттауға 
кірісіп, баланы бұзып алып жүрме.
Осы жоғарыдағы айтқан шарттар табылмаса, адам 
ессіз, ұмытшақ болады. Бірақ психология пәні адамда 
біржола ұмыту болмайды дейді. Яғни адам бір білген 
нәрсесін біржола ұмытпаса керек. Тек кейбір нәрсені 
еске түсіру қиын болады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет