Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет49/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Жалпылау һәм шектеу. Дербес ұғымдардан жал-
пы ұғым жасау жалпылау деп аталады. Мысалы, біз 
ағаштардың, шѳптердің, гүлдердің дербес сындарын 
алып тастап, ортақ сындарын ғана алып, ѳсімдік деген 
жалпы ұғым жасаймыз. Ал енді жалпы ұғымдардан 
дербес ұғымдар жасау шектеу деп аталады. Мысалы, 
біз сындарды қоса-қоса қайың деген ұғым жасаймыз.
Категория. Бір ұғымдарды жалпылай-жалпылай 
ең жалпы, ең жоғарғы ұғымға жетеміз. Ең жалпы, ең 
жоғарғы ұғым категория деп аталады. Категория үшеу:
1) зат (адам, жануар, тас, зат);
2) сын (түс, түр, сын);
3) іс (сѳйлеу, бѳлу, істеу).


104
ХҰКІМ
Х
ұкімнің жасалуы. Ұғымдарды жеке-жеке ойла-
ған сықылды, біз оларды бір-біріне байлап та ой-
лаймыз. Яғни біз екі ұғымды қатар алып, сол екеуінің 
арасында не байлам барын, не байлам жоғын табамыз. 
Мысалы, бізде «жылқы», «шабу», «ұшу» деген үш ұғым 
бар. Біз осы ұғымды бір- біріне байлап байқаймыз да, 
«жылқы» ұғымына «шабу» ұғымын байлау мүмкін 
екенін тауып, «жылқы шабады» дейміз. Сол «жылқы» 
ұғымына «ұшу» ұғымын байлау мүмкін емес екендігін 
тауып, «жылқы ұшпайды» дейміз. Осы екі ұғым ара-
сында байлам хұкім деп аталады.
Хұкім берілген ұғым – ие деп, иеге жапсырылған 
ұғым айтылыс деп аталады. Айтылыс иенің ісін кѳрсет-
кендіктен, ол хұкімнің іші деп аталады.
Ұғым мен хұкім арасындағы айырма. Бір заттың 
ұғымын ойлағанда, сол заттың сыны заттың ѳзімен бір-
ге, яғни зат сынымен қосылып, бір зат болып ойлана-
ды. Ал енді сын заттан жеке ойланып, біз сол жеке сың-
ды затқа алып барып не бекітеміз, болмаса заттан сол 
сынды алып тастаймыз. Мысалы, «қызыл сиыр» деген 
сѳз ұғым болады. «Сиыр қызыл» деген сѳз – хұкім бо-
лады. Біріншіде сиыр деген заттың қызыл деген сынын 


105
«Асыл мұра» сериясы
затпен бірге ойлап отырмыз. Екіншіде қызыл сынын 
шеттен алып келіп бекітіп отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет