«Асыл мұра» сериясы
ѳз тілінше сѳйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки баланы
еркелетіп
әдейі тілдерін бұзып, балаша шолжыңдап
сақау болып сѳйлейтіндері бар. Бұл – зор қате. Бұлай
сѳйлеу баланы түземейді, бұзады. Баланы адастырып,
оның сѳзді дұрыс сѳйлеп үйренуіне бѳгет болады. Бала
сѳзін дұрыс сѳйлеген үлкен кісінің сѳзіне қарап дұрыс-
тайды ғой. Бала бастап заттардың атын (зат есімдерді),
онан соң заттардың ісін (етістіктерді), онан соң заттар-
дың сынын (сын есімдерді) айтып үйренеді.
Екінші жылдың аяғында бала қысқа сѳйлемдерді
айта алады. 3–4-інші жылда бала жап-жақсы сѳйлейтін
болады.
Бала тілінің дұрыс ѳркендеуінің бірінші шарты ба-
лаға сѳзді бұзып сѳйлемеу керек. Және балаға ұқпай-
тын жат сѳз үйретпеу керек. Екінші – баланы ѳзі теңді
балалармен бірге ойнату керек.
Баланы ешбір уақыт
сѳзден тыймау керек. Былдырласын, шолжыңдасын –
сѳйлей берсін. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға
салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп.