«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері



бет10/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Дәріс Макроэк

3. Солоудың өсу моделі.. Неоклассика мектебінің өкілі Роберт Солоу экономикалық өсуге қатысты еңбегі үшін экономика саласы бойынша 1987 жылы Нобель сыйлығын алған. Ол В. Леонтьевтің өндірістік функциясының орнына Кобб-Дугластың өндірістік функциясын қолданды. Кобб-Дугластың өндірістік функциясында капитал мен жұмыс күші субститут факторлар болып табылады. Аталған шарт - Солоу моделінің басты алғышарты. Моделдің басқа да алғышарттарына төмендегілер жатады:
капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;өндіріс ауқымынан болатын тұрақты қайтарым;амортизация нормасының тұрақтылығы.
Р. Солоу қормен қаруланудың теңдестік деп аталатын ұғымды енгізді. Қормен қаруланудың теңдестік деңгейі дегеніміз – инвестиция амортизацияға тең болғандағы капитал қорының көлемі.
Солоу моделінде капиталмен қарулану деңгейі мен өндіріс көлемін анықтайтын фактор жинақтау нормасы болып табылады. Жинақтау нормасы жоғары елдерде көп жинақталады, сәйкесінше сол елдердегі капиталмен қарулану көлемі де жоғары болады, ал бұл жан басына шаққандағы жоғары табысты қамтамасыз етеді. Экономиканың үздіксіз өсуінің себептері ретінде халық санының өсуі, техникалық прогресс болып табылады.
Р. Солоу өз моделінде жинақтаудың «алтын ережесін» ұсынды. Бұл «ережеге» сәйкес, капиталдың кетуі (амортизация) қолда бар капитал арқылы құрылған шекті өнімнен артық болмауы керек. Яғни кеткен капиталдың көлемі инвестициялауға деген шекті бейімділіктен артып кетпеуі тиіс. «Алтын ереже» тұтыну үшін тиімді капиталмен қарулану деңгейін көрсетеді. Ол жоғары деңгейлі сұранысы бар экономиканың тұрақты жағдайын қалыптастыру үшін қажетті капитал қорын анықтайды.
Р. Солоу моделі қазіргі экономикалық өсу теориясындағы үздік модель болып табылады. Алайда, оның кемшіліктері де жоқ емес. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
-модельдің тек ұзақ мерзім үшін қолданылуы;
-модельдеу барысында өсуді шектейтін кейбір ресурстық, экономикалық, әлеуметтік шығындардың ескерілмеуі;
-өндіріс фактоларының капитал мен еңбектен басқа факторларының ескерілмеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет