Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі көрсеткіштерге сипаттама беріңіз.
Жалпы ішкі өнім мен жалпы ұлттық өнім арасында қандай айырмашылық бар?
Жалпы ішкі өнім қалай есептеледі?
Жалпы ішкі өнімнің құрамына кірмейтін шығындарды атаңыз.
Аралық және ақырғы өнім дегеніміз не?
Трансферттік төлемдерді түсіндіріңіз.
Номиналды және нақты ЖІӨ ұғымын түсіндіріңіз, олардың арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Тесттік сұрақтар:
1. Төмендегіден басқа шығын компоненттері ЖІӨ-ді шығындар бойынша есептеу кезінде қосылады:
а) таза инвестициялар
ә) үй шаруашылықтарының ұзақ мерзімде қолданатын заттарды сатып алуға жұмсаған шығындары
б) мұғалімдердің зейнетақысы
в) тұтынылған негізгі капиталдың құны.
2. Жанұяның қала сыртынан жаңа үй сатып алуы төмендегінің құрамында көрсетіледі:
а) таза экспорттың
ә) мемлекеттік шығындардың
б) инвестициялық шығындардың
в) ұзақ мерзім қолданатын тұтыну таурларын сатып алу шығындарының.
3. Мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындарына қайсысы кірмейді:
а) мемлекеттік мекемелерді ұстап тұру шығындары
ә) денсаулық сақтау саласындағы бюджеттік ұйымдардың дәрігерлерінің еңбекақысы
б) жаңа мемлекеттік мектептер құрылысына жұмсалған шығындар
в) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы шығындары.
4. ЖІӨ-ді есептеу кезінде оның құнына еңгізілмейді:
а) үй шаруасындағы қызметкер әйелдің қызметі
ә) жеке формада жұмыс жасайтын адвокаттың қызметі
б) фирманың тауарлық- материалдық запастарының өсуі
в) үй шаруашылығы мүшелерінің бір-біріне үйді жинау және үй жабдықтарын жөндеу
бойынша қызметтер.
5. Мемлекеттік трансферттерге жатпайтындар:
а) балаларға берілетін ай сайынғы жәрдемақылар
ә) жұмыссыздық бойынша жәрдемақылылар
б) дәрі-дәрмек алуға жұмсалған дотациялар мен жеңілдіктер
в) жаңа емхана құрылысына жұмсалған мемлекеттік шығындар.
6. Төмендегінің қайсысы үй шаруашылығының қолда бар табысының бөлігі болып табылады, бірақ жалпы ұлттық табысты есептеуде ескерілмейді:
а) тұтынылған негізгі капитал құны
ә) дивидент түрінде төленген пайданың бөлігі
б) мемлекеттік қызметкерлердің зейнетақысы
в) жалдамалы жұмысшының жалақысы.
Достарыңызбен бөлісу: |