«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


Экономикалық өсудің кейнстік модельдері



бет9/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Дәріс Макроэк

2. Экономикалық өсудің кейнстік модельдері. Кез-келген модельдер секілді экономикалық өсу модельдері де нақты экономикалық процестерді график, теңдеу түрінде көрсететін абстракталы құрал болып табылады.
Экономикалық өсу модельдерінің көбінде нақты өндіріс көлемінің өсуі негізгі факторлар – капитал мен еңбектің әсерінен орын алады деп есептеледі. “Еңбек” сыртқы әсерлердің салдарынан көп өзгере қоймайды, ал капитал шамасын инвестициялық саясат арқылы өзгертуге болады. Капитал қоры амортизацияның шамасына азайып, таза инвестиция саласына артып отырады. Экономикалық өсу халықтың әл-аухатын жақсартатын болғандықтан, оны сандық жағынан бағалау тұтыну динамикасын бағалау арқылы жүргізіп отырады.
ХХғ. 40 жылдарының аяғында қарапайым кейнстік өсу моделі болып табылатын Е. Домардың моделі ұсынылды. Өндіріс технологиясы бұл модельде В. Леонтьевтің өндірістік функциясы арқылы беріледі. Е. Домар моделінің алғышарттары келесідей:
артық еңбек ұсыныстың болуы;бағаның тұрақтылығы;амортизацияның болмауы;жинақтау нормасының тұрақты болуы;өндірістің капиталдан тәуелді болуы;
1930 жылы Р.Ф. Харрод экономикалық өсудің арнайы моделін ұсынды. Ол инвестиция функциясын эндогенді айнымалы деп есептеді. Оның моделі акселератор принципі мен кәсіпкерлердің күтіміне (болжамына) негізделген. Акселератор принципіне сәйкес, табыстың өсуі капитал салымдарын пропорционалды түрде азайтады және керісінше.
Р. Харрод айналысқа өсудің “кепілдеме берілген” қарқыны және өсудің “табиғи” қарқыны деп аталатын ұғымдағы енгізді. “Кепілдеме берілген” өсу қарқыны тұсында кәсіпкердің күтімі ( болжамы) орындалады:
Егер кәсіпкер жоспарланған нақты өсу қарқыны “кепілдеме берілген” өсу қарқынының деңгейінен ауытқыса, экономикадағы теңдестік бұзыла бастайды.
Өсудің “табиғи” қарқыны дегеніміз – белсенді халықтың өсуі мен техникалық прогресс нәтижесінде болатын ең жоғарғы қарқын. Бұл қарқын тұсында еңбек пен капитал жұмыспен қамтылады.
Көбінесе, жоғарыдағы екі модель біріктіріліп, Харрод – Домар моделі деп аталады. Бұл модель экономикалық өсуге қатысты төмендегідей қатысты қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
-экономикалық өсудің қарқыны жинақтауға деген шекті бейімділікпен анықталады;
-динамикалық тепе-теңдік толық жұмыспен қамтылу жағдайында әрекет ете алады.
Е. Домар мен Р. Харрод модельдері 1920-1950 жылдары экономикалық өсудің нақты процестерін сипаттады, ал одан кейінгі бақылаулар (1950-1970 ж.ж.) үшін Р.Солоудың неоклассикалық моделі кең қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет