Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Төлем балансы деген не?
2.Төлем балансының құрылымы қандай?
3.Ағымдық операциялар шотына анықтама беріп, оның мазмұнын ашыңдар.
4.Капитал қозғалысына не жатады?
5.Валюта курсы жүйесінің түрлері.
6.Нақты және номиналды валюта курсы.
Тесттер:
1. Егер капитал қозғалысы бойынша оңды сальдосы болса, онда:
A) мемлекеттік жинақтар жеке инвестициядан асады
B) жеке инвестициялар үй шаруашылық жинақтарынан асып кетсе
C ағымдағы оперцияның есептерінің оңды сальдосы болса;
D) таза экспорты кері өсім болса;
E) жұмыссыздар саның өсуімен.
2.Ел тұрғындардың шетел тауарларына деген барлық шығын сомасын не болып табылады:
А) ұлттық тұтыну;
В) импорт;
С) экспорт;
D) жинақтау;
Е) таза экспорт.
3.Нақты валютаның курсы номиналды курсынан ерекшелігі мынаны сипаттайды:
A) екі мемлекеттің ұлттық валюталарының нақты бағасы;
B) әртүлі мемлекеттерде тауарлар жөніндегі бағасы;
C) шетел валютасының санына, оған ұлттық валютаның айырбастау ға жасап алуға болады;
D) ешқандай айырмашылығы жоқ.
E) елдің бәсеке қабілеттілігі.
4.Қалқымалы валюта бағамы кезінде ұлттық валюта перманентті түрде девальвацияланады немесе ревальвацияланады, сондықтан бағаның өзгермелі деңгейі жағдайында тұрақтандырушы саясат шараларының салдары мынандай болады:
А) жоспарланатын;
В) алдын ала болжанбайтын;
С) қиын болжанатын;
D) өзгермелі;
Е) пропорционалды.
5.Нақты айырбас бағамын жоғарлату неге әкеледі:
A) шетел тауарларының қатысты қымбатталуы;
B) отандық тауарлардың қатысты қымбатталуы;
C) таза экспорттың жоғарлауы;
D) таза экспорттың кішіреюі.
E) шетел жұмысшы күшінің қымбаттауына.
ДӘРІС 13. Ашық экономика үшін IS-LM-CM моделі. ҚР айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс.
Сабақтың мақсаты: ашық экономиканың мəнін түсіну, ашық экономикадағы айырбас бағамының тәртіптерін, теңдестік валюта курсының динамикасын анықтау
Дәріс жоспары:
Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат
Макроэкономикалық саясаттың теңдестік валюта курсының динамикасына ықпалы
Достарыңызбен бөлісу: |