«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері


ДӘРІС 12. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ



бет36/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Дәріс Макроэк

ДӘРІС 12. ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ.
Сабақтың мақсаты: төлем балансының макроэкономикалық мəнін ашу, оның негізгі баптарына сипаттама беру жəне олардың өзара байланыстылығын көрсету, валюта нарығының түсінігін ашу, валюта бағамының түрлерін қарастыру.
Дәріс жоспары:
1.Төлем балансы және оның құрылымы
2. Икемді және тұрақты валюта курстарының жүйесі.
1. Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы – елдің резиденттері мен шетел арасындағы белгілі бір уақытта жүргізілетін экономикалық мәмілелер нәтижесін жүйелі түрде жазу.
Төлем балансының негізгі баптары: дебет және кредит. Кредитте елден, кететін құндылықтар көрсетіледі, кеткен құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасымен төлем алады. Дебетте сырттан келген құндылықтар көрсетіледі, яғни алған құндылықтар үшін ел резиденттері шетел валютасын жұмсайды (шығындайды ). Кредиттің жалпы сомасы дебеттің жалпы сомасына тең болуы тиіс.
Төлем балансының элементтері: ағымдағы операциялар есебі;капитал қозғалысы мен қаржылық операциялар есебі; ресми резервтер өзгерісі.
Төлем балансының жалпылама құрылымы:

І Ағымдық операциялар есебі

1. Тауар экспорты

2. Тауар импорты

Сауда балансы

3. Қызметтер экспорты (шетелдік туризмнен түсетін табыс т. б. несиелік қызметтен басқа )

4. Қызметтер импорты (шетелдегі туризмнің төлем т.б. , несиелік қызметтен басқа )

Шетелден келетін таза факторлық табыс.

Таза ағымдық трансферттер

ІІ. Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар есебі

7. Капиталдың келуі

8. Капиталдың кетуі

Капитал қозғалысы және қаржылық операциялар балансының сальдосы

Ағымдық, капиталдық, қаржылық операциялар бойынша баланс.

ІІІ. Ресми резервтер өзгерісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет