2. Икемді және тұрақты валюта курстарының жүйесі. Валютамен жасалатын операциялар ақша-несие саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, олар бюджет жағдайына, экономикалық өсуге ықпал етеді. Валюта қатынастары халықаралық байланыстардың – тауар айналымы мен капитал қозғалысының, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың, мәдени айырбас пен туризмнің мазмұнын көрсетеді. Бұлардың бәрі валюта курсының динамикасы мен мемлекеттің валюта саясатынан тікелей тәуелді болады. Халықаралық саудада белгілі бір ара қатынаста валюта нарықтарында бір-біріне айырбасталатын әр түрлі ұлттық валюталар қолданылады. Оларға номиналды, нақты, икемді валюта курстары жатады.
Номиналды валюта курсы – бұл екі елдің бір валюталарының салыстырмалы бағасы, яғни бір валютаның басқа валюта бірлігінде көрсетілген бағасы. "Валюталық айырбас курсы" ұғымы осы номиналды валюта курсын белгілеу үшін қолданылады.
Елдің тауарлар мен қызметтер экспортының артуы ұлттық валютаның шетелдегі сұранысын арттырады және елдегі шетел валютасының ұсынысын қалыптастырады. Сәйкесінше, елге келетін тауарлар мен қызметтер импортының артуы елдегі шетел валютасына деген сұранысты арттырып, шетелдіктер үшін ұлттық валютаның ұсынысын қалыптастырады. Шетел валютасына деген ішкі сұраныстың артуы елдің ұлттық Банкіндегі экспорттың артуы есебінен қалыптасқан шетел валютасының қорын азайтады. Осылайша, экспорт елдің импортқа төлеуіне қажетті шетел валютасын жинақтауына мүмкіндік береді.
Икемді (өзгермелі, қалқымалы) валюта курстары тұсында айырбас курсы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың еркін ауытқуы нәтижесіндегі валютаның теңдестік бағасы ретінде қалыптасады.
Өте икемді валюта курсы кезінде айырбас курсының ауытқуы шектелмегендіктен импорт пен экспорт көлемдерінің ауытқуының одан әрі сауда балансының, ағымдыө есептің және жалпы төлем балансының жағдайын болжау қиынға соғады. Ал бұл экономиканың тұрақтылығының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Тұрақты валюта курсының кезінде ұлттық валюта курсын Орталық Банк белгілейді. Ол кез-келген көлемдегі шетел валютасын белгіленген курс бойынша сату және сатып алу міндеттемесін өз мойнына алады. әдетте, орталық Банк макроэкономикалық тұрақтандыруды көздеу мақсатында ұлттық валюта курсының еркін ауытқу шектерін белгілейді. Егер валюта бағасы осы шектердің жоғарғы немесе төменгі шекараларына жақындаса, Орталық банк интервенция жургізеді. Төменгі шекке жақындау Орталық Банктен ұлттық валютасы шетел валютасына сатып алуды талап етеді және, керісінше.
Икемді валюта курсы кезінде шетел валютасы бағасының өзгеруі валютаның құнсыздануы (арзандауы) немесе валютаның қымбаттауы деп аталады.
Икемді валюта курсы тұсында валютаның басқа валютамен берілген бағасы төмендесе, валюта арзандайды. Ал, керісінше, валютаның басқа валютамен берілген бағасы көтерілсе, валюта қымбаттайды. Бұл процестер тұрақты курс жүйесінде сәйкесінше, девальвация және ревальвация деп аталады.
Девальвация девальвацияланған валюта үшін шетелдіктердің аз төлейтіндіктерін, ал ел резиденттерінің басқа ел валютасы үшін көп төлейтіндіктерін белдіреді. Девальвацияға қарама-қарсы әрекет ревальвация болып табылады.
Қазіргі валюта жүйесінде валюта курстарының ауытқу шекаралары ұжымдық есептеу валюталарына – SDP (CDP) мен евроға қатысты бекітілді. SDP – бұл қарыз алудың арнайы құқығы. Оны халықаралық валюта қоры (ХВҚ) халықаралық есеп айырысуды жеңілдету үшін құрған. ХВҚ-өзіне мүше елдерге қажет жағдайда несие беріп отырады. ХВҚ-ның басты мәселесі кедей елдердің қарызын қайтармауы болып табылады.
Нақты валюта курсы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстармалы бағасы. Номиналды және нақты валюта курстаының арасында байланыс бар. Оны келесі формуламен анықтауға болады:
ЕR = EN • (Pd / Pf)
Мұндағы,
ЕR – нақты валюта курсы;
EN – номиналды валюта курсы;
Pd – ұлттық валютамен берілген ішкі баға деңгейі;
Pf – шетел валютасымен берілген шетелдегі баға деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |