Маркетинг



бет21/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
лекция маркетинг на каз.doc+

Тауар номенклатурасы – нақты сатушылардың сатып алушыларға ұсынатын тауарлар мен тауар бірліктерінің барлық ассортименттік топтарының жиынтығы.
Тауар номенклатурасы кеңдігімен, толықтығымен, тереңдігімен және үйлесімділігімен сипатталады.
Тауар номенклатурасының кеңдігі деп фирма шығарған ассортименттік топтардың жалпы санын айтады.
Тауар номенклатурасының толыққандығы – деп барлық ассортиментті құрайтын жеке тауарлардың жалпы санын айтады.
Тауар номенклатурасының тереңдігі – бұл әр ассортиментті топ шегіндегі ұсынылған тауар нұсқалары.
Тауар номенклатурасының үйлесімділігіне әр түрлі ассортимент топтарындағы тауардың соңғы тұтынылуы, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптары, тарату арналары немесе басқа да көрсеткіштері тұрғысынан өзара ұқсастығы жатады. «Ақсай-нанның» ассортиментік тауар топтарының номенклатурасы үйлесімді, себебі – осының барлығы, тек әдеттегі тарату арналары арқылы өтетін күнделікті сұраныстағы тауарлар.
Тауар номенклатурасы сипаттайтын бұл 4 көрсеткіш фирманың тауар-номенклатурасын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауар номенклатурасына тауарлардың жаңа ассортименттік топтарын қоса отырып кеңейте алады. Фирма шығарылатын тауарлардың өлшемін өзгертіп, отырып және оған әртүрлі қоспалар қосу арқасында тауар номенклатурасын тереңдете алады.
Маркентингтік тұрғыда нақты, жинақталған және кеңейтілген өнім деген түсінік кездеседі.
Нақты өнім нақты сипаттары бар тауардың негізгі физикалық мәнін көрсетеді.
Кеңейтілген өнім - тауардың нақты сипатын ғана емес, сонымен қатар оның қызмет көрсетуін білдіреді.
Жинақталған өнім - бұл маркетинг тұжырымдамасына сай тауардың ауқымды, айтарлықтай кең анықтамасы.


9.1 ТАУАР САЯСАТЫ


Тауар саясаты дегеніміз – тауар ассортиментін қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерін жасау, сапа және бәсекеге қабілеттілігі жоғарылату, өмірлік циклін талдау, тауарлық белгілерді пайдалану, буып – түю, орау, таңбалау және сервистік қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың факторлы қызмет көрсету аймағы. Тауар стратегиясы – тауар өндірісінің ресурстық мүмкіндіктері мен нарықтық конъюнктура жағдайына сай болашақта даму бағытын анықтайтын құралы.
Фирма өндіретін тауарлар түрінің ұйымдастыру саласына: оның сапасы, қызметі, сыртқы түрі, таңбалануы, буып – түюі, орауы және сервисі жатады.
Өнімнің сыртқы түрі тұтынушының тауарды сатып алуына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол өнім түрінің, түсінің, дизайнының, мөлшері мен буып түюінің сәтті қисындастыруына байланысты.
Тауар формасының түрі шексіз болуы мүмкін. Оларды пирамида, куб, шар, эллипсоид, төртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар көмегімен қиыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет