Маркетинг



бет34/35
Дата07.09.2023
өлшемі458.5 Kb.
#476801
түріТезисы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
лекция маркетинг на каз.doc+

GАР-талдау әдiсiнiң мәнi. Маркетингтi жоспарлау барысында белгiлi бiр мaқcaттap қойылады, бiрақ оларға жету әдiстерi берiлмейдi. Мақсаттар мен оларға жету жолдарын үйлестiру әдiсi GАР-талдауы немесе стратегиялық үйлеспеу (GAP - ағылшын тiлiнен аударғанда, қуыс немесе үйлеспеу) деп аталады. Қандай стратегиялық бағыттар арқылы фирманың мақсатты өcyiнe жетудi aнықтay GAP-талдауының мәні болып табылады. Маркетингтi жоспарлауда GAP-талдауын пайдаланудың мақсаты - белгiлi бiр нәтижеге жету жолдарын аньқтау. Мысалы, кәсiпорын жоспарлы кезеңде сату көлемi бойынша мақсатты көрсеткiштердi көздейдi. Қойылған мақсаттарға сәйкес шаралар құpaмы белгiленедi (тауарды жаңғырту, сапаны жетiлдiру, шегерiмдер қолдану, бағаларды өзгерту, тұтынушыларды ынталандыру және тағы басқалар). Ең алдымен бұл шаралардың фирма қызметiнiң түпкiлiктi нәтижесiне қocaтын үлесiн бағалау қажет. Кәсiпорын өзiнiң мүмкiндiктерiн ескере отырып, стратегиялық балама деп аталатын­ бiрнеше әрекет түрлерiн жоспарлауы мүмкін. Бұл ба­ламаларды И. Ансоффтың тауар/нарық матрицасы немесе өндipiстi сақтау, дамыту, қолдау немесе тарату стратегиялары ретiнде қарастыруға болады.


11.7. Маркетингтік бақылау

Маркетинг мақсаттарына жету үшiн кәсiпорынның маркетингтiк қызметi бақылануы керек. Маркетингтiк бақылаудың үш негiзгi типi бар, олар:



  1. Жылдық жоспардың орындалуын бақылау;

  1. Пайдалылықты бақылау;

  1. Стратегиялық бақылау.

1. Жылдық жоспардың орындалуын бақылау. Мұндай бақылауда нақты нәтижелер жылдық жоспармен салыстырылады, ауытқулар кездессе, түзетулер енгiзiледi. Жылдық жоспардың орындалуын бaқылау маркетинг шығындарын сату­мен салыстыруды қажет етедi. Бұл бақылаудың мақсаты - ­сату мақсатына жету үшiн жоспарланған деңгейден артық қаражат жұмсалды ма, жоқ па, соны анықтау. Сонымен бiрге мiнез-құлқын бақылау арқылы сапалы мәліметтер алуға болады. Осындай мақсаттарға орай, тұтынушылардың, делдалдардың мiнез-құлқын бақылау жүйесi жасалып, керектi кезде шаралар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет